Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында «Ұлы Абайдың шығармалары»

31.10.2019

Көрулер: 3490

2019 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай әскери кафедрада білім алып жатқан студенттермен және Алматы электромеханикалық колледжінің оқушыларымен "Ұлы Абай" атты музыкалық-әдеби кеш өткізілді.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы запастағы полковник О. В. Ажимов ашты, ол Қазақстан жастарын патриоттық тәрбиелеу ісінде Абайдың шығармашылық мұрасын зерделеудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты-отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ халқының мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Абайдың кештері студенттер мен мектеп жастарының шығармашылық әлеуетін ашуға, мәдени деңгейін арттыруға, сондай-ақ олардың қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Іс-шара барысында әскери кафедра студенттері мен оқытушыларының орындауында Ұлы Абайдың танымал өлеңдерін қолдану арқылы музыкалық-әдеби нөмірлер қойылды.

«Аққу күйі — халық күйі», «Балбырауын күйі», « Адай күйі» - танымал қазақ күйлерін студенттер Матанов Данияр, Тлеухан Азамат, Тургумбаев Маргулан, Закарин Нурмахан орындады.

Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы полковник Б. М. Иханбаевтың және студенттер Пазыл Шыңғысхан, Мырза Ернат, Садвакасов Казбектің орындауында өлеңдер шын ниетпен оқылды.

Кеш соңында қатысушылар "Қара жорға"халық биін орындады.

Іс-шараны қорытындылай келе, әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник М.Р. Тоекин, Алматы электромеханикалық колледжінің әкімшілігіне Абайдың өлеңдер жинағын табыс етіп, оқу эстафетасын тапсырды.