Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректорының кубогына III әскери-патриоттық "Сарбаз" ойыны өткізілді!

12.04.2019

Көрулер: 3520

 

Студенттерді және мектеп жастарын қазақстандық патриотизімде   тәрбиелеу бойынша "Рухани жаңғыру" ұлттық бағдарламасына сәйкес, Отан Қорғаушы Күнімен және Ұлы Жеңіс Күні алдында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің және әскери қызметтің мәртебесін көтеру мақсатында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әскери кафедрасы Алматы қаласының Білім беру басқармасымен келісіп 2019 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректорының кубогына III әскери-патриоттық "Сарбаз" ойынын өткізді.
Әскери-патриоттық ойынға Алматы қаласы мектептерінің ең үздік командалары, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кәсіби мектебінің және "Бөбек" Ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясының үлкен сынып оқушылары қатысты.

2019 жылдың III әскери-патриоттық "Сарбаз" ойыны демеушілері: Алматы қаласының Қазақстан халықтар Ассамблеясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметшілерінің "Парасат" кәсіподағы. Әскери-патриоттық "Сарбаз" ойынның ақпараттық демеушісі екінші жыл қатарынан Республикалық әскери-патриоттық "Сарбаз" газеті.

Әскери-патриоттық "Сарбаз" ойынның салтанатты ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы запастағы полковник Ажимов Олег Вали-Ахметович мектеп жастарының әскери-патриоттық тәрбиесінің маңызын, өз Отанына, жеріне, қаласына, мектебіне, үйіне деген махаббатсыз нағыз азаматты Отан қорғаушыны тәрбиелеу мүмкін еместігін атап өтті. Ойынның құрметті қонақтары: Алматы қаласының Қарулы Күштер ардагерлер Кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Шампиев М.Д., Республикалық әскери-патриоттық "Сарбаз" газетінің бас редакторы Батырхан Қуатбек, Алматы қаласының Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі отставкадағы полковник Мамсуров К.В. оқушылардың белсендігімен әскери іске деген қызығушылығын белгілеп, Отан қорғауда тарихтағы ата-бабаларымыздың батырлығын үлгі қылды.

Әскериленген эстафета барысында оқушылар пневматикалық қарудан ату, автомат Калашниковті жинау, қорғану құралдар нормативтерін орындау, әскери-медициналық дайындықтан және Қазақстан тарихының интеллектуалды байқауынан бәйгеге түсті.

Жарқын салтанатты болып шығармашылық байқау өтті, жастар әскери кездегі әндерді шырқап, ал кей мектептер Ұлы Отан Соғысы туралы әдеби-музыкалық композицияларды ұсынды.         

Нәтижесінде қайратты күреспен бірінші орынға және Бас жүлде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректорының кубогына "Бөбек" Ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясы қол жеткізді. Сонымен қатар, Алматы қаласының Қазақстан халықтар Ассамблеясының ықыласымен ойын жеңімпазына Бурабай п. әскери-спорттық лагерьге бес күндік турға сертификат берілді. Екінші орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кәсіби мектебі, ал үшінші орынға Алматы қаласының Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясы ие болды.

Ойынның ақпараттық демеушісі Республикалық әскери-патриоттық "Сарбаз" газетінің ықыласымен барлық 2019 жылдың III әскери-патриоттық "Сарбаз" ойынының 10 мектеп қатысушыларына "Сарбаз" газетіне тегін жазылым ұйымдастырылады.

Ойын аяқталуында әскери кафедра студенттері қойылымдарын көрсетті, барлық қатысушыларға және қонақтарға сарбаз ботқасы ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әскери кафедрасының пресс-орталығы