Интернационалист жауынгерлерге - лайық боламыз!

15.02.2019

Көрулер: 4185

КСРО Қарулы күштерінің Ауғаныстаннан шыққанына – 30 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында жауынгер-интернационалистер запастағы подполковник Шашацкий Александр Николаевич және запастағы подполковник Перепелица Виктор Ивановичтің қатысуымен студенттерге Ерлік сабағы өткізілді.

Өзінің  сөз сөйлеуінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра бастығы полковник О.В. Ажимов сол соғыстың барлық қатысушылары сарбаздың, офицердің, жауынгер-интернационалистің ең үздік қадір-қасиетін көрсетті.

1979-1989 жылдар кезеңінде Ауған соғысының өртінен Қазақстаннан 22 мың жауынгер-интернационалисттер өтті.

Ауған соғысында КСРО Қарулы күштерінде 14 мыңнан астам әскери қызметкерлер қаза болды, 298 хабарсыз кетті.

Мыңнан астам Қазақстандықтар қаза болды деп танылады, ал 21 хабарсыз кеткен.

Еңбегі сіңген ардагерлер студенттердің алдарында естеліктерімен бөліскенде жауынгер достарын еске алды, батырлық,  ерлік,  қаһармандықтың арқасында сол соғыста көрген қиындықтарды жеңе білді, интернационалдық міндетін орындау барысында біздің сарбаздармен офицерлердің әскери достығы ынтымақ болды.

Жауынгер-интернационалистер құтықтай отырып студент Ердос Манажанов Сіздердің ерліктеріңізге басымызды иеміз, өз жүректерімізде патриот-батырларды еске сақтап, біз болашақ офицерлер Отанымызға адал қызмет етуіне әлемде бейбітшілік сақтауына бар күшімізді саламыз деді.

Кездесу барысында студенттермен оқытушы құрамға «Ауған соғысының хроникасы» атты маңызды фильм көрсетілді.

Кездесу қатысушылары университет кітапханасы жасаған Ауғаныстан соғысы туралы көрнекі кітап көрмесімен танысты.

Іс шараның аяғында студенттер ардагерлерге естелік сыйлықтар тартты.