Офицер-тәрбиешілерді салатнатпен құтықтау!
Көрулер: 4013
Мерекелік іс шарада Қазақстан республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері – бірінші тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі Басқарма бастығы - отставкадағы полковник Шампиев Мэлс Джуманович, Қазақстан халқының ассамблея мүшесі отставкадағы полковник Мамсуров Казбек Владимирович.
Құрметті қонақтар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен, әскери-патриоттық жұмыстарының Орталығымен таныстысып жоғарғы деңгейлігін атап кетті. Оқу-материалдық базаны таныстыру кезінде жаңа "Психологикалық қолдау Орталығы" әскери педагогика және психология - аудиториясының салтанатты ашылуы өткізілді.
Әл-Фараби атындағы кітапхананың бас кітапханашы-менеджері Манапбаева Жұлдыз Бекболатқызы Уиверситетіміздің 85-жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып қонақтарға таныстырды.
Салатантты жағдайда Қарулы күштерінің ардагерлердің, кафедра ұжымының және студенттердің алдында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра бастығы запастағы полковник О.В. Ажимов сөз сөйледі, ол тәрбие және идеологиялық жұмысының мәнін белгілеп, Қазақстан жас ұрпағын тәрбиелеуде ардагерлердің тәжірбиесінің маңызды рөлін атап өтті. Полковник О.В.Ажимов мерекелік шараның барлық қатысушыларына Қарулы Күштерінің Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы армия генералы Алтынбаев Мухтар Капашевичтің құтықтауын жеткізді.
Отставкадағы полковник Шампиев Мэлс Джуманович өзінің сөйлеуінде армиямыздың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жүйесінің құрылу тарихын шолып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының офицер-оқытушыларының болашақ Отан қорғаушыларын оқытып тәрбиелеуіне үлкен үлес қосуын атап өтті!