Абай Әлемі

4/12/2021

Views: 2118

«Кемертоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «Ж» сынып оқушысы Мұса Айым

Жетекшісі: Атабақытбек Мәуленұлы

Абай Әлемі

Абай атамыздың өлеңдері ғажайып сөз қолданыстарымен ерекшеленеді. Ақынның сөздік қоры шығыс шайырларынан кем емес. Абай шығармалары жалпы саны 30 тілге аударылса , «Абай жолы» романы әлемнің 116 тілінде жария болды. Бұл Абайдың ұлы мұрасы бар қазақ үшін зор мақтаныш! Абай осы ізгілігі арқылы жалғыз қазақ емес, күллі ғаламға шуақ шашты, нұрын төкті.

Құнанбайұлының шығармалары жетерлік. Соның бірі «Көңіл құсы құлқылжыр шартарапқа» дейтін өлеңінде:

Білімдіден аяман сөздің шайын,

Алты өлеңмен білдірем әннің жайын!

Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі

Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.

Көкірегіндегі оты бар оты бар ойлы адамға

Бұл сөзімнің суреті болар дайын - деп белсенді суреткерлік іс-әрекет қызметін, жалынды ұйымдастырушылық қабілетін, ақыл-ойдың қопарылысына, ақындық лебізінің ішкі поэзиялық мазмұнға, танымдық-этникалық, көркемдік философиялық құндылықтарға мейлінше бай екендігін мәлімдейді. Я болмаса «Тәуекел мен батыр ой, Өткір тілді найза етіп» деуінде поэтиканың негізгі шарттарын атайды.

Абай шығармасынан шығыс поэзияның лебисеті. Өркениет әлемінде Абай құбылысы-философиясымен, гуманистік көзқарасымен, көркемдік шеберлігімен, стилистикалық мәнерлігімен, формалық жаңалықтарымен, ғылыми дүниетанымымен ерекшеленеді. Ақынның өсіп-өнген ортасы, халық ақындарының, шешендердің, шежірешілердің ой мен тіл көсемдерінің алтын ордасы! Әкесі Құнанбай от ауызды, орақ тілді, мұсылманшылық қағидалардан жүйрік білетін от жігерлі жан. Әжесі Зере ертекші болған.

Қорытындылай келе Абай әлемі жылдан жылға ашылып, рухани-дүниелердің мән-мағынасы таразыланып, бұл қазыналардың сырларына қанығып жатырмыз. Абай біз үшін дана, Абай біз үшін дара.