The V Traditional International Autumn School Book Exhibition “Communication and Media for Sustainable Development”

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты V дәстүрлі Халықаралық Күзгі мектепке журналистика факультеті ұстаздарының оқулықтары мен әдебиеттерінен құралған кітап көрмесі жасалды. Аталмыш іс-шараға шетелдік және казақстандық журналистердің мастер-кластары жүргізіліп, танымал PR- мамандар шақырылды.

Күзгі мектеп жұмысына қатысып, өзінің жұмыс тәжірбиесімен бөліскен: Ауғанстан елінің журналистері, атап айтқанда  «Voice of Americas»  редакторы Nazari Aria, «Tolo  News» редакторы, «Bano Travel Agency»  директоры Sadat Marjan, «Dawar Travel Agency» директоры Dawar Mirwais, «Jahane Nor» университетінің менеджері,  «Tolo  News» редакторы Naseri Nasir Ahmad, «Arezo TV» телеканалының журналисті Noori Sabawoon және де сайт редакторы, блогер  Айжан Кульмуханбетова, PR-менеджер Бәтима Қабдолданова, PR-маман Торғын Әбушахман сынды отандық мамандар.