Alternate Text

Сюрреализм

5/24/2021

Views: 1642

Журналист ең алдымен шығармашылық иесі. Сондықтан, журналистің пайымы кең, парасаты терең, сарабдал ойлы, сезімтал жан иесі болу үшін, ол біріншіден, әдебиетті, поэзия мен прозаны, әуен мен сазды, ғылым мен өнерді қатар білуі керек. Себебі, журналист түрлі маман иелерінен сұхбат алады. Сұхбаттасушымен пікірлес болу үшін, журналистің әр саладан хабары болуы керек. 

Осындай мақсатты басты нысанға ала отырып, "Сюрреализм" деген ашық сабақ өткізуді мақсат тұттым. Себебі, сюрреализм поэзияда да, прозада да, сурет өнерінде де, кино өнерінде де белең алған жаңашыл бағыт. 1921 жылы Францияда пайда болған аталмыш бағыттың қазіргі таңда өзектілігі еш жоғалмады. Себебі, сюрреализм бар мен жоқтың, өң мен түстің, жер мен көктің арасындағы шексіз де шетсіз жаңашыл бағыт.

Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылығын танытты. Өйткені, неғұрлым көп оқыған сайын, соғұрлым өмірде қаншама сен білмейтін жаңалықтардың көп екенін терең түсінесің, түйсінесің, сараптайсың, ой қорытасың. Сондықтан да, күнделікті сабақтармен қатар, жан-жақты, сан-салалы тақырыптарда пікірталас өткізу - студенттің таным көкжиегін кеңейтеді. Бұл құбылыстың растығы Жапония ғылымында ғылыми тұжырымдамалармен дәлелденген. 

 


Авторы: оқытушы Елғондинова А.Д.