Камзин Какен
Кәкен Хамзаұлы Қамзин - Филология ғылымдарының докторы, профессор. Прозашы. Жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Белгілі журналистика теоретигі. 80-ге жуық ғылыми мақала мен 4 көркем прозалық шығарманың авторы. Оның шығармашылығын өзінің уақытында қазақ әдебиетінің классигі Т.М.Мүсірепов, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты Р. Тоқтаров, белгілі әдебиет сыншысы – С. Әшімбаевтар жоғары бағалаған. Кәкен Хамзаұлының ғылыми ізденістерімен Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан ғылыми жұртшылығы таныс.
Өмірбаяны
Кәкен Хамзаұлы Қамзин - 1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №9 қазақ орта мектеп- интернатын бітірген. Мектепті аяқтаған соң 2 жыл ұжымшарда жұмыс істеді. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін атқарды. 1994 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді. 1999 жылы оқытушы- педагог профессор Т. Қожекеевтің жетекшілігімен «Семипалатинские областные ведомости» газетіндегі «Е.П.Михаэлистің журналистік қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004 ж доцент атағын алды. Өзінің ғылыми қызметін жалғастырып 2010 жылы «Қазақ публицистика жанрының эволюциясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазір ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты, доцент. «Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2002 жылы « Ә.П.Михаэлистің журналистік қызметі» атты монографиясы жарық көрді. Бірқатар туындылары орыс, неміс, қарақалпақ тілдеріне аударылған.
Еңбектері
- Е.П. Михаэлистің журналистік қызметі. Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 204 б.
- Қазақ журналистикасы. Ұжымдық монография, 3 томдық, 1 том. — Алматы: Таймас, 2008.-286-320 бб.
- Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі. Монография. – Алматы: Экономика, 2009.- 400 б.
- Журналистика негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 142 б.
- Талдамалы журналистика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 312 бет.
- Е.П. Михаэлистің журналистік және әлеуметтік қызметі. Монография. – Алматы: Ұлағат, 2013. – 160 б.
- Ақпараттық кеңістіктегі медиа мәтін траекториялары. – Государственная информационная политика в Казахстане: взгляд в будущее. – Алматы: ИП Волкова А.В., 2010. 101-105 бб.
- Жанровый ряд современной журналистики // Международная научно-практическая дистанционная конференция «Современная филология: теория и практика», 2-3 шілде 2012, Москва. С. 137-142.
- Montage as mental organization of the text //The 2nd International Conference on European Science and Technology,9-10 мамыр 2012, Wiesbaden, Germany.
- Mounting localization of reality // XXV International Research and Practice Conference «Problems of modern pedagogics and psychology», 16-21 мамыр 2012, Great Britain.
- Жизненное пространство в журналистских текстах. – Мысль, №7, 2012. С. 44-49.
- Инновационный расклад на базе солидарного информационного мышления. – Мысль, №8, 2012. С. 61-64.
- Природа современных новостных блоков. – Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы исследования истории и процессы развития казахской журналистики», посвященной 100-летию газеты «Қазақ» и 140-летию со дня рождения великого ученого, политического и общественного деятеля, внесшего неоценимый вклад в духовне развите казахской нации, Ахмета Байтурсынова. 1 феврлаля 2013. С.153-157.
- Montage as mental organisation of the text. – International Conference on European Science and Technology. Materials of the II InternationalResearch and Practiice conference.Vol.III. мамыр 9-10, 2012. P. 160-165.
- Harmonization of journalistic text with remote thinking. – Science, Technology and Higher Education. Materials of the international research and practice conference.Vol.I. Westwood, Canada. желтоқсан 11-12, 2012. P. 351-355.
- «Семипалатинские областные ведомости» газеті Абай айналасы туралы. – Абай институтының хабаршысы.№1, 2013. 3 -12 бб
Марапаттары
Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа…( повесть ) шығармасы 2008 жылы «ZER-SU» корпорациясының балаларға арнап жариялаған халықаралық әдеби конкурсының Бас бәйгесін жеңіп алды.
Материалды сайтқа әзірлеген: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан ДИДАРҚЫЗЫ