2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді.
Просмотров: 2492
2019 жылы 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді.
Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.
ҚазҰУ-дың 85-жылдығында Фараби оқулары аясында өткізілетін ғылыми халықаралық ауқымды шаралар қоғам, мемлекет және тұлғаны дамыту жаһандық мәселелерін шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш жігерін жұмылдыруға бағытталған.
Олардың жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар мен таяу және алыс елдердің сарапшылары, ҚР СІМ және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысады.2 сәуір күні əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кітапханасында ашылу рəсімі болып өтті.География жəне табиғатты пайдалану факультеті ұжымы ұйымдастыру жұмыстарына ат салысты.
#геоземкад_казну
#Kaznu






