Новости

ПЛОДЫ ДОБЛЕСТНОГО ТРУДА

11.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері профессор Н.Ж. Өмірбекованы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны үшін құттықтайды.

Н.Ж. Өмірбекова 1954 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1976 ж. Қазақ Мемлекеттік уни­вер­­ситетінің биоло­гия факультетін бітірген. Өз еңбек жолын 1976-1977 жылдары ҚазССР ҒА ботаника инс­ти­ту­тында аға ла­борант қызметінен бастады. 1979-1981 ж.ж. ҚазССР ҒА ботаника институтынде аға лаборант қызметін атқарды. 1981-1985 ж.ж. ара­лағында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1986 ж. бастап Н.Ж. Омирбекова 03.00.07 – микробиология және 03.00.04 – био­хи­мия мамандығы бойынша биология ғылымының кандидаты.

Өмірбекова Н.Ж. 1987 ж. бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет атқарады: инженер, кiшi ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, доцент, биология факуль­теті деканының оқу-әдістемелік іс жөніндегі жұмыстар бойынша орынбасары, профессор міндетін атқарушы.

2006-2009 ж.ж. аралағында әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университетінің докто­ран­турасында оқыды. 2010 ж. «03.00.15 – Генетика» мамандығы бойынша «Научные осно­вы применения слабых мутагенов в селекции мягкой пшеницы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998 жылы доцент атағы берілді, екі кандидаттық диссертацияларында ғылыми қосалқы жетекшілік жүргізді.

Өмірбекова Н.Ж. 140 астам ғылыми-әдiстемелiк жұмыстардың, олардың ішінде 6 оқу құралы: «Экологические процессы», «Химический мутагенез в селекции мягкой пшеницы» монография (2012), «General genetics laboratory manual» (2021), 20 типтік бағдарламалар, ҚP үш патенттің иегері. Scopus және Web of Science мәліметтер базасына кіретін ғылыми еңбектердің авторы.

Өмірбекова Н.Ж. қазақ және орыс тілдерінде бакалавр, ма­ги­странт, РhD докторан­ттарға жалпы және арнаулы пәндер бойынша дәрістер оқиды, ғылы­ми-педагогикалық жұмыс өтілі 34 жыл.

Өмірбекова Н.Ж. ҚР БҒМ ғылым қорының жобаларына қатысады: 2009-2011 ҚР БҒМ ғылыми жобаға жетекшілік етті, 2015-2017 «Дәнді дақылдардың ортаның био­ти­ка­лық факторына төзім­ді­лігін арттыру үшін селекциялық тәжірибеге B.distachyon жаңа модель­дік объ­ектісін енгізу», 2018-2020 «Қоңыр жапырақ татына B. distachyon модельдік объектісінің арнайы емес төзімділігінің физиологиялық-биохимиялық механизмдері» атты ғылыми жобалардың жетек­шісі.

Бүгінгі таңда Өмірбекова Н.Ж. республикамызда генетикалық-сұрыптаудағы зерттеулер бойын­ша жаңа ғылыми бағытты дамытуда, Халықаралық конференция, конгресс (Германия, Сингапур, Франция, Бразилия) және т.б. жұмыстарына белсенді қатысады.

Өмірбекова Н.Ж. биология және биотехнология факультетінің түлектер Ассоциациясы жұмысының координаторы болып табылады. 2016 жылы ҚР «Үздік оқытушысы» атағына ие болған.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы б.ғ.д., профессор Н.Ж. Өмірбекованы жемісті ғылыми-педагогикалық қызметіндегі кезекті жетістігімен құттықтайды және жаңа кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді.

 

 

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасының

ұжымының атынан аға оқытушы Сербаева А.Д., б.ғ.к. Жунусбаева Ж.К.

Подробнее >>