Тәуелсіздік – тұғырым

Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының 1 курс студенттерімен өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты Ашық куратор сағатының

Хаттамасы

 2017 жылдың 16 қараша күні 521-аудиторияда сағат 16:00 – де «Тәуелсіздік – тұғырым» атты Ашық куратор сағаты өтті.

   Негізгі қатысушылар: Биотехнология кафедрасының оқытушылары, «Биотехнология» мамандығының 1-курс студенттері.

Күн тәртібі:

  1. Баяндама.
  2. Тақырыпқа байланысты слайд.

           Тыңдалды:

             ¤ Тәуелсіздік жайлы мәліметтер:

             ¤ 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған көтеріліс

             ¤ Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!

             Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар   сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың.

            Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

            1986 жылғы 16 желтоқсанда болған көтеріліс туралы студенттердің қысқаша мәліметтері:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.     Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!

            Дауылға желтоқсанның желі айналды.

             Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы

             Күтпеген іс ақыры не болды деп

             Күллі әлем алматыға қарай қалды

             Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

              Алаңның шеруі емес салтанатты.

             Қытымыр қыстың басы, сол бір айда

             Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:

Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге және Қазақстанда күшті ,өркенді және әлемде құрмет-телетін мемлекетке айналдыратынымызға сенемін!

Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан гербі де, жалауы да!     (Жұбан Молдағалиев).

Қаулы қабылданды: Ашық куратор сағатының мақсаты жастарды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматын біздің ортақ үйіміз Қазақстанда халықтар арасында достық сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу және олардағы қазақстандық патриотизм рухын ояту.

Ұйымдастырушылар:

Уалиева П.С., б.ғ.к., доцент

Абдиева Г.Ж., б.ғ.к., доцент

Акимбеков Н.Ш., PhD, аға оқытушы

Кайырманова Г.К. б.ғ.к., доцент

Тастамбек Қ.Т. ассистент

Дата публикации:  18.11.2017