Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның мақсаты – Болон үдерісінің ұстанымдарын университет ішінде және университеттен тыс нығайту болып табылатын ең алғашқы студенттік ұйым.
Болон үдерісі дегеніміз не?
Болон үдерісі – жоғары білім берудің бірыңғай еуропалық аумағын құру үшін құрылған, Болон келісімінің шеңберіндегі Еуропа мемлекеттеріндегі білім беру жүйелерінің ықпалдасу және жақындасу үдерісі.
2010 жылдың 11 наурызында Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің (46 мемлекет) білім министрліктерінің комитеті Қазақстанның Болон үдерісіне мүше болуы жайлы шешім қабылдады.
«БПСБ» міндеті - Қазақстан Республикасында жоғарғы білім беру деңгейінің өсуіне ықпал ету.
«БПСБ» басты мақсаты - Болон үдерісінің негізгі қағидаларын университет көлемінде және одан тыс жерлерде алға жылжытатын ұйым құру.
«БПСБ» міндеттері:
Оқу процесін басқаруда студенттердің қатысуына ықпал ету;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң студенттері арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің корпоративті мәдениет деңгейін көтеру;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің академиялық мобильділігінің дамуына ықпал ету;
Халықаралық рейтингтік агенттіктерінде университет рейтингісінің өсуіне ықпал ету;
Қазақстандық ЖОО-ның халықаралық студенттік кеңістікте интеграциялану процесін ынталандыру;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттігінің тәжірибесін басқа университтерге еліміздегі білім беру флагманы ретінде тарату