Іс-шаралар

Балаларға арналған жаңа жылдық мереке!

2014 жылдың 23 желтоқсанында «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелері мен "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 1 курс студенттері Т. Алмабеков, Е. Айтбай, Ф. Абдуллаева, А. Атшабарова, К. Душаева, М. Малшы, А. Контек, Н. Нысанбай, Қ. Телғараев, Е. Құрманбек, А. Серикбаева, А. Джалгасбаева «Жанұя» мамандандырылған кешешінде балаларға арнап жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Сағат 9.00-дан 11.00-ге дейін 3 жас пен 9 жас аралығындағы балалар, ал 12.00-ден 14.00-ге дейін 9-дан 12-ге дейінгі жас аралығындағы балалар қатысты. СТуденттер әр түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер кейіпінде балар мерекесін одан әрі жандандыра түсті.

Ұйымдастырушылары: «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері ф.ғ.д., профессор Мадиева Г.Б., ф.ғ.к., доцент Медетбекова П.Т. және PhD докторант, кафедра оқытушысы Борибаева Г.А.

Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Тұңғыш президент күні

2014 жылдың 27 қарашасында 324-аудиторияда жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Тұңғыш Президент күніне орай қайталанбас мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара «English Club» үйірмесінің жетекшілері Г.К. Досыбаева және М.А. Жанабекова тараптарынан ұйымдастырылды.

Мереке құрметіне «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенттері жақсы көрініс қойды. Президенттің дүниеге келу тарихын паш ететін көрініс мазмұнына «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен алынған үзінді арқау болып, көрермендер көңілінен шықты. Студенттер дайындаған викториналық сұрақтар мен слайд арқылы көрсетілген ақпараттық мәліметтер Елбасының жеке өмірбаяны мен кәсіби баспалдақтарда жеткен жетістіктерін қамтыды. Әсіресе, Елбасының туылған жеріне арналған сұрақ пен орындалған «Үш қоңыр» ән кеш ажарын аша түсті.

Жанабекова Магульсим Абдилдаевна

Алғыс білдіру күні

Шет тілдерін үйрету лингвистикалық құзіреттілігін дамытып қана қоймай, сонымен бірге үйреніп те отырған тілдегі елдің мәдениетімен студенттерді таныстыру. Басқа елдің мәдениетінің элементінің туған мәдениетіңді білумен салғасытур мәдени көріністің ерекшелігін танып-білуге, бұл ерекщшеліктерді болмыс ретінде басқа мәдениет тасымалдаушыларының қарым-қатынасын ескеруге, басқа халықтың әдет-ғұрпына құрмет сезімімен қарауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ағылшын тілді елдердегі маңызды әдет-ғұрыптардың бірі – Алғыс білдіру күні. Бұл күнді қараша айының төртінші бейсенбісінде тойлайды. Алғыс білдіру күнінің басқа да атауы бар – Өнім күні, немесе егісті жинау күні, бірақ бұл күні тек қана егіс үшін рахмет айтпайды, сонымен қатар, өмір бізге сыйға тартқан басқа өнімдер: денсаулық, адамға керек болу, бақытты және еліңе пайдалы болу.