Конференциялар
21.02.2013 ж.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
«Аударматану және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның өтетін уақыты: 21 ақпан 2013 жыл
Конференция мынадай бағыттарда жұмыс істейді
1. Аударматанудың әдіснамалық мәселелері
2. Аударма және мәтінтану
3. Көркем аударма және әдеби компаративистика.
Конференция қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қатысу туралы өтінішіңізге қоса электрондық және баспа түріндегі материалыңызды ( 5-6 бетке дейін, word редакциясымен Windows үшін)жіберуіңізді сұраймыз:
Times New Roman шрифтінде 14 кегльмен ( қазақ тіліндегі материалдар үшін K Times New Roman шрифтінде 14 кегльмен ) басып, файлды өз фамилияңызбен атаңыз.
МАТЕРИАЛДАРДЫ БЕЗЕНДІРУ ЕРЕЖЕСІ:
Ұйымдастыру комитеті материалдарды іріктеп, таңдай алады.
Қатысу туралы өтініш пен материалдарды ұйымдастыру алқасы 2013 жылдың 20 ақпанына дейін қабылдайды.
Мекенжайы: Алматы , әл-Фараби,71 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, каб.309, телефон: (327) 377-33-39 ( ішкі 13-23)
Электронды адрес: PD.kafedra_96@mail.ru
Тіркеу жарнасы (3 500 мың теңге) кафедраға тапсырылады.
Конференцияға байланысты барлық шығындар қатысушының өз есебінен төленеді.
Өтетін орны: 480078 Алматы қаласы, әл –Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, 312 аудитория
Тіркеу 2012 жылдың 22 ақпанында сағат 10.00 – де басталады.
Жауапты хатшы: доцент Л.Мұсалы үй тел: 3957102 87012701868
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
№ 1 ақпараттық мәлімдеме
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2012 жылы 7 желтоқсанда өтетін «V Қабдолов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады. Конференция тақырыбы «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері».
Конференцияда төменде көрсетілген секциялар жұмыс істейді:
Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.
Конференцияға қатысу үшін өтініштер 2012 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады.
Жарық көретін материалдар 2012 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:
а) мақала атауы; б) автор(лар)дың аты-жөні. Ғылыми атақ-дәрежесі, жұмыс орны мен қызметі қоса көрсетілуі тиіс.
2. Мақала көлемі – 5 - 6 бет.
3. Материалдар қазақ тілінде: әріп түрі – Kz Times New Roman; орыс және ағылшын тілдерінде: әріп түрі – Times New Roman. Әріп көлемі – 14. Жан-жағы – 2 см. Бір интервалмен басылуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме қиғаш жақшамен беріледі (мысалы: /1, 89-б/). Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет-саны көрсетіледі.
4. Мақала компьютермен теріліп, қағазға басылып және дискеті қоса ұсынылады (1 дана).
5. Мақаланың басылым ақысы – 4000 теңге.
Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ, Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы (3-қабат, 323-каб.).
Конференцияға қатысу үшін өтініштерді және ғылыми материалдарды мына e-mail: fazyl_bisenbaev@mail.ru., ardakSar_6464@mail.ru жіберуді сұраймыз.
Байланыс телефондары: Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы
(727) 3773339 (ішкі 1328; 1330).
Конференцияға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша конференцияның арнайы комиссиясының төрағасы, аға оқытушы Бисенбаев Пазылбек Қуанбайұлы мен техникалық хатшы Саргелтаева Ардақ Құрманалықызына жолығуларыңызды сұраймыз.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
мемлекеттік ТІЛ КАФЕДРАСЫ
Сіздерді “Мемлекеттік тілдің құзыреттілігі: инновация және модульдік оқыту” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2011 жылдың 30 қарашасында өткізіледі. Басталуы - сағат 10:00.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Мақаланы ресімдeуге қатысты талаптар:
Конференцияға қатысу үшін 1-қарашаға дейін ұйымдастыру комиссиясының мекенжайына мақала мәтіні және тапсырыс жіберіледі.
1. Конференция жұмысына қатысуға берілетін тапсырыста автордың аты-жөні, баяндаманың тақырыбы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы, үй телефоны, электрондық поштасы көрсетілуі тиіс;
2. Ғылыми баяндаманың көлемі 5-7 бет; Times New Roman не Times New Roman KZ шрифті (кегль 14, интервал 1, сілтемелер мақаланың соңында беріледі), тақырыптың аты үлкен әріппен басылып, келесі жолға автордың аты-жөні жазылады.
3. Ғылыми баяндама электрондық вариантпен (дискет 3,5, редактор WORD-97) RTF-та сақталып, автордың аты-жөні файл атымен бірдей болып берілуі керек.
4. Ұйымдастыру жарнасы – 3000 тг.
Конференцияны ұйымдастыру комиссиясының мекенжайы: 050038. Қазақстан Республикасы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасы.
Баяндаманы мына электрондық поштаға жіберуге болады:
imanalieva.gaziza@mail.ru
Байланыс телефондары: (327) 3 77 33 39, 3 77 33 30 (1325) – мемлекеттік тіл кафедрасы
Ұйымдастыру комиссиясы
Конференцияға катысушы туралы мәлімет:
|
Аты-жөні (толық) |
|
|
Жұмыс орны |
|
|
Қызметі |
|
|
Ғылыми атағы, дәрежесі |
|
|
Секция |
|
|
Мақаланың тақырыбы |
|
|
Мекенжайы (мемлекет, қала) |
|
|
Оқу орны, кафедрасы |
|
|
|
|
|
Телефон |
|
|
Қысқаша аннотация (аңдатпа) – 1 – 1,5 бет көлемінде |
|
|
Қатысуы/қатыспауы туралы мәлімет (астын сызыңыз) |
|
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
Мемлекеттік тіл кафедрасы
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Сіздерді қазақ тіл білімі ғылымының дамуына зор ұлес қосқан көрнекті тілші-ғалым филология ғылымдарының докторы профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» - «Современные тренды филологии: истоки и перспективы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2012 жылдың 20 ақпанында өтеді
Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:
Конференцияға қатысу үшін тапсырысты ұйымдастыру алқасына 1 ақпанға дейін өткізуіңізді сұраймыз.
Электронды адрес: nuritom_8@mail.ru
Байланыс телефондары:8 (727) 377-34-33; 8 (727) 377-33-30 (ішкі телефондар:13-27, 13-31).
Мақала жариялануы үшін төлемді (жіберушінің пошталық индексі, мекен-жайы мен аты-жөні міндетті түрде көрсетілсін) 2012 жылдың 1 ақпанына дейін төмендегі мекен- жайға жіберу қажет.
Қосымша
1.Конференцияға тапсырыс беру үшін аты-жөні, баяндама тақырыбы, жұмыс немесе оқу орны, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекен-жайы, телефоны, e-mail, конференцияға қатысу түрi (ішкі, сыртқы бөлім); қонақ үй мен ресми шақыртудың қажеттілігі көрсетілген конференцияға қатысу туралы өтініш шақыртудың электронды нұсқасының жарайтынын немесе шақырудың пошталық қағаз нұсқасының қажеттілігін көрсетуді сұраймыз.
Баяндама мәтіні (7 беттен аспауы тиіс) төменде көрсетілген талаптарға сай жазылуы керек.
2.Ұйымдастыру жарнасы - 3000 теңге.
Материалдар конференцияға дейін басылып шығарылады деп жоспарлануда, сондықтан конференцияға қатысу үшін тапсырысты ұйымдастыру алқасына 1 ақпанға дейін өткізуіңізді сұраймыз.
Мәтінді жазу тәртібі:
библиографиялық тізімге сілтеме тік жақшалармен көрсетіліп, мәтіндегі ескертуден кейін жазылады (мысалы:[ 3,15] )
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050038, Қазақстан республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңгылы,71. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ,филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 3-4 каб.
Электронды адрес: nuritom_8@mail.ru
Байланыс телефондары:8 (727) 377-34-33; 8 (727) 377-33-30 (ішкі телефондар:13-27, 13-31).
Мақала жариялануы үшін төлемді (жіберушінің пошталық индексі, мекен-жайы мен аты-жөні міндетті түрде көрсетілсін) 2012 жылдың 1 ақпанына дейін төмендегі мекен- жайға жіберу қажет.
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Мемлекеттік тіл кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2012 жылы, 30 қарашада мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толуына орай өткізілетін «А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:
Конференция 2012 жылдың 30 қарашасында өткізіледі. Басталуы - сағат 10.00‑де.
Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады. Конференцияға қатысу үшін автор өзі туралы қысқаша мәлімет, мақала, ұйымдастыру жарнасын (3000 теңге көлемінде) жіберуі тиіс. Мақала 2012 ж. 10 қарашасына дейін қабылданады. Көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – RTF. Қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: 1. Мақаланың аты ортасында болуы керек (кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен, кегль 14), төменірек ортасында автордың аты-жөні (кіші әріппен, жартылай жуан шрифт, кегль 12; оның астында жақшада – жұмыс орныңыз, қала, мемлекет (кіші әріппен, кегль 12), оның астында – e-mail ( курсивпен, кегль 12); Маңызды сөздер (ключевые слова) –5 тен көп емес болу керек; Жолдары: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ жолы – 30 мм, оң жақ жолы – 15мм; Жол аралығы 1,0 интервалмен; Мақала соңында орыс тіліндегі қысқа түйін (қазақ мәтіндері бойынша) немесе қазақ тіліндегі қысқа түйін (орыс тілінде жазылған мәтіндер бойынша) беріледі; Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1:45]; Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне сәйкес жасалады.
Мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 050038. Қазақстан Республикасы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасы. Электронды нұсқаларды төмендегі пошта арқылы: khanshaim63@mail.ru және nazyken@mail.ru жіберуге болады. ұйымдастырушылар: Ханшайым Қарабаева, Назыкен Егізбаева Байланыс телефондары: (327) 3 77 33 39, 3 77 33 30 (1325) – мемлекеттік тіл кафедрасы.
|
|
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
|
|
«ҚАЗАҚ ТІЛІ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ» ОҚУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТХАНАCЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЙЫМЫ
ҚАЗАҚСТАН МЕНЕДЖМЕНТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БОЛЖАУ ИНСТИТУТЫ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
XVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2013 ж. 17-18 мамырда
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ:
Мұтанов Ғ.M. – әл-Фараби ат. ҚазҰУ ректоры (Қазақстан)
Әбдезұлы Қ. – филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы (Қазақстан)
Мәдиева Г.Б. – әл-Фараби ат. ҚазҰУ шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан)
Сүлейменова Э.Д. – КАЗПРЯЛ төрайымы, шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры (Қазақстан)
Беленчиков Р. – МАПРЯЛ президиумы мүшесі (Германия)
Оде С. – МАПРЯЛ президиумы мүшесі (Нидерланды)
Лэндис Д. – Ph.D. докторы, ҚМЭБИ Лингвистикалық орталығының директоры (АҚШ)
Смағұлова Ж.С. – Ph.D. докторы, ҚМЭБИ Лингвистикалық орталығының доценті (Қазақстан)
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҒЫТТАР ТӨМЕНДЕГІДЕЙ:
1. Жаһандану және тілдік саясат
2. Жаһандану және тілдерді қорғау мәселесі
3. Жаһандану – көптілділік – қостілділік: білім беру мәселелері
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу үшін автор материалдың (көлемі 5-6 беттен аспауы тиіс) электрондық нұсқасын (Word форматта, файлдың аты автордың фамилиясымен латынша әріптермен берілуі тиіс: Ivanov.dok мақала аты, Ivanov.z тапсырыс аты), сондай-ақ қосымша мәтіннің баспа нұсқасы (Tіmes New Roman шрифт, 14 кегль) жіберілуі тиіс, басқа қаріптер қабылданбайды.
БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Мақала атауын ортаға (бас әріппен, 14 кегльмен).
2. Төмен дәл ортасына автордың аты-жөні (10 кегльмен).
3. Фамилияның астына жақшаның ішіне – сіздің жұмыс істейтін мекеме, қала, мемлекет аты (10 кегльмен).
4. Оның астына – e-mail (10 кегльмен).
5. Тірек сөздер (5 сөзден аспауы керек, 10 кегльмен).
6. Өлшемдер: үсті және асты, оң жағы және сол жағы – 20 мм, кітапша секілді.
7. Жоларалық интервал – 1.0.
8. Әдебиеттер төмендегідей безендіріледі:
1. Колесов В.В. Русская ментальность в языке и тексте. – СПб: Петербургское Востоковедение, 2006. - 381 с .
2. Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007. - 325 с .
Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1, с. 23], 1 – зерттеушінің аты-жөні, 23 – беті; зерттеуші аты-жөні көрсетіліп тұрған сан мен бет санының арасына нүктелі үтір қойылады.
Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді.
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ XVI Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысушының тапсырыс үлгісінің безендірілуі төмендегідей:
|
Аты-жөні (толықтай жазылуы керек) |
|
|
Жұмыс орны |
|
|
Қызметі |
|
|
Ғылыми дәрежесі |
|
|
Бағыты |
|
|
Баяндама тақырыбы |
|
|
Қажетті техникалық құралдар (атауын көрсетіп қойыңыз) |
|
|
Мемлекет |
|
|
Қала |
|
|
Оқу орыны, кафедра аты |
|
|
Пошта мекенжайы |
|
|
|
|
|
Байланыс телефоны, факс |
|
Ұйымдастырушы комитет мақаланы 2013 жылдың 14 сәуіріне дейін қабылдайды: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасы – «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолингвистика» зертханасы, 317, 305 а дәрісханаларға және kaznu.akhanov@gmail.com, kaznu.akhanov@mail.ru электронды мекенжайлар мен мына телефон нөмерлері: 8(7272) 377-33-39, 377-33-37 (13-29) арқылы хабарласуға болады.
Ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге 2013 жылдың 31 наурызына дейін мақаламен бірге қабылданады. Ұйымдастыру жарнасын қатысушы жеке келіп төлеуге немесе пошталық аудару арқылы мына мекенжайға жіберуге болады: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасы – «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолингвистика» зертханасы, 305 а дәрісханаға Шерімқұлова Меруертке.
Төленгені жайында квитанция көшірмесін мынадай мекенжайға жіберулеріңіз керек: misha_87_a@mail.ru.
Материалдың баспадан басылып шығуы конференцияға дейін жоспарланған. Материалды авторға жіберу жағы ұйымдастыру жарнасының сомасына кірмейді.
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ: ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса, материал қабылданбайды.
Конференцияға байланысты барлық шығындарды қатысушы жақ көтереді.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН:
050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті.
ТІРКЕУ
2013 ж. 17 мамыр сағ. 9.00
Жауапты хатшылар: Қондыбаева Раушан Жұмакерімқызы, Куличенко Юлия Дмитриевна kaznu.akhanov@gmail.com, kaznu.akhanov@mail.ru, ком. 317, тел.: +7 (727) 377-33-39, 377-33-37 (13-29).



