Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Жетістіктер
Сипаттамасы

 

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Түргенбай Айнұр 2021 жылдың 21 қаңтарындағы Ректордың 30 бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен мараппатталды. Айнұр Абдулғаниқызын әріптестері атынан шын жүректен құтықтаймыз!

27 ақпан 2020
Оразақынқызы Фарида 2019 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылды.

 

 

 

2020 жылдың 5-25 тамызы аралығында Оразақынқызы Фарида Метрополитендік Педагогикалық Университеті ұсынған «Шетелдегі жергілікті қытай оқытушыларына арналған 2020 жылғы жазғы онлайн оқыту бағдарламасына» қатысты (барлығы 32 академиялық сағат).
 2021 жылы 20 қаңтарда Бейжіңде (Қытай) Оразақынқызы Фарида шетелдіктер арасындағы қытай фильмдері мен телевизиялық шығармаларын дубляждау байқауында «Үздік жетекші» сыйлығымен марапатталды.
  2021 жылы 20 қаңтарда Бейжіңде (Қытай) Дүсенбай Құлпынай шетелдіктер арасындағы қытай фильмдері мен телевизиялық шығармаларын дубляждау байқауында «Үздік дубляждаушы» сыйлығымен марапатталды. 

 2020 жылдың 30-қарашасы мен 2021 жылдың 20-қаңтар аралығында ҚХР Бейжің қаласында Қытай шет тілдер алмасу орталығы, Орталық радио және телевизиясы, «Қытай тілі көпірі» клубы және Қытай тілі альянсының бірлесіп ұйымдастыруымен шетелдіктер арасында қытай фильмдері мен теледидар туындыларын дубляждау бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, кафедрамыздың 3 жетекші оқытушы, атап айтсақ, Оразақынқызы Фарида, Дүйсенбай Құлпынай және Маулит Бақытнұр «Үздік жетекші» марапатына ие болды.

  2021 жылы 20 қаңтарда Бейжіңде (Қытай) Маулит Бақытнұр шетелдіктер арасындағы қытай фильмдері мен телевизиялық шығармаларын дубляждау байқауында «Үздік жетекші» сыйлығымен марапатталды.
     2021 жылы 20 қаңтарда Бейжіңде (Қытай) Дүсенбай Құлпынай шетелдіктер арасындағы қытай фильмдері мен телевизиялық шығармаларын дубляждау байқауында «Үздік дубляждаушы» сыйлығымен марапатталды.
 2020 жылы Бисенбаева Әсел  1 дәрежелі елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласын еліміздің жас ғалымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен Үздік жас ғалым-2020 атты республикалық байқаудығ жеңімпазы атанға мапатталды
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов  қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады

2019 жыл 18 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Білім және ғылым министрінің берген Қазақстан Республикасының ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін медалін тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлына табыс етті.

Кафедраның аға оқытушысы Шарыпқазы Нұртәліп аға-эдвайзерлік қызметіндегі атқарған белсенді жұмысы мен ерен еңбегі үшін Шығыстану факультетінің барша оқытушы профессорлар ұжымы мен басшылығы атынан алғыс хатпен марапатталды. 

 

14 сәуір күні сағат 10: 00-ден 12: 00-де қытай тілі бойынша «Қытай тілі көпірі» сайысы Алматы жоғары оқу орындары арасында өткізілді. Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының келесі студенттері жеңімпаз атанды:

1 орын - Онланова Жанель (2 курс)

3 орын - Умурзакова Ляззат, Бурхан Баян, Азбаева Арай (4 курс)

Конкурста бірінші орынды жеңіп алған Онланова Жанел Қытайдағы кез-келген университетте бір жылдық стипендия ұтып алды.

11-12 сәуір күндері Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға бакалавриат, магистратура студенттері және докторанттар қатысты.
Конференцияның ашылуы 11 сәуірде сағат 10: 00-де өтті, 5 секция бойынша жұмыс 10: 30-дан 18: 00-ге дейін өткізілді.

Бөлімдер тақырыптары:

I секция. Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты

II секция. Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері

III секция. Әдебиеттану дискурсындағы Шығыс елдерінің әдебиеті және аударма мәселелері

IV секция. Шығыс қоғамы, мәдениеті, діні

V секция. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері.

12 сәуір күні Студенттер сарайында. Ө.Жолдасбеков конференцияның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
Қытайтану кафедрасының студенттері келесі орындарға ие болды:

2 орын:
Бақтыбекова Малика (1 секция)
Тоқтар Балжан (2 секция)

3 орын:
Beisen Adeline (1 секция)
Умурзакова Ляззат (2 секция)
Урумбаев Эскбол (5 секция)

 
ҚР
жоғары оқу орындары арасында өткен «Шығыстану» мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиадада келесі студенттер жеңімпаз атанды:

I орын Мурзагельдина Лаура.

ІІ орын Араппаева Айжан, Бейсен Аделина.

ІІІ орын Естакова Диана, Караева Дильназ, Темирxанова Айгерим.

Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді.

Қытай тілі сөйлеу клубы ашылды

Әр бейсенбі сайын сағат 19: 30-да
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы
Қарасай батыр 95, 4 қабат, 414 аудитория
Барлық келушілерді клубқа шақырамыз!

 

 

"Жібек жолының сарқылмас қазынасы" атты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Қытай жайлы зияткерлік сайысында "Аударма ісі" мамандығының 4 курс студенттері Бурхан Баян 2 орын, Азбаева Арай 3 орын алды.



«Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Шаяхметова Дана «Менің Қытайым» атты фотобайқаудың жүлдегері атанып, екінші орынды иеленді.


Http://kitap.kz/ сайтында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нұрхалық А. еңбектері жарияланды.

Кітаптардың мазмұнымен
(аннотациясымен), сондай-ақ кітаптардың толық мәтінімен онлайн танысуға болады.

Жарияланған еңбектердің ішінде - аға оқытушы Абдурақын Нұрхалықтың сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ көркем туындылары бар.

 

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80-жылдығына арналған мерейтойлық медалімен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін қытайтану кафедрасының ОПҚ-ның мүшелері марапатталады

Дәулет Фатима."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.

Зейнолла Жанат."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.
Шаріпқазы Нуртәліп."Шығыс мәдениеті фестивалін" ұйымдастыру және оған қатысу үшін Алғыс хат.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Шығыс Мұражайы және қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген Шығыс мәдениеті фестивалі.
Қытайтану кафедрасы имиджді дамытуға қосқан үлесі үшін "Үздік кафедра" наминациясын жеңіп алды.