Факультет жетістіктері

Жетістіктер
Сипаттамасы

 2023

Аккредиттеу туралы куәлік 

Эгамбердиев Мирзахан Шарипбаевич 

 

2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерен еңбегі үшін медалімен марапатталады.

Искакова Зауре Ереновна

 2023

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу: махмұны мен рәсімдері. АТҚО сарапшыларына қойылатын талаптао оқыту семинарына қатысқан үшін беріледі.

Искакова Зауре Ереновна

2023

Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін 

Канафьева Шынар Ерлановна

2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерен еңбегі үшін медалімен марапатталады. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті 
Ахметбекова Ақбота Кәрібайқызы

 2022

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері болып табылады

2021 жыл

Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2020 жылғы Республикалық ғылыми-зерттеу байқауының "Шығыстану" мамандығы бойынша жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті
Адильгазинова Айгерим Ержановна марапатталады.

 

2021

2020 жылдың 30 қарашасы мен 2021 жылдың 20 қаңтары аралығында ҚХР Бейжің қаласында Қытай шет тілдер алмасу орталығы, Орталық радио және телевизиясы, «Қытай тілі көпірі» клубы және Қытай тілі альянсының бірлесіп ұйымдастыруымен шетелдіктер арасында қытай фильмдері мен теледидар туындыларын дубляждау бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасы «Үздік ұйым» номинациясымен марапатталды. Кафедраның 2 мұғалімі мен 21 студенті «Үздік дубляждаушы» атты марапатқа ие болды. Сондай-ақ кафедрамыздың 3 жетекші оқытушысы, атап айтсақ, Оразақынқызы Фарида, Дүйсенбай Құлпынай және Маулит Бақытнұр «Үздік жетекші» марапатына ие болды.

2020

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 1 курс студенті Парагульгова Мадина дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІІ орын иеленді. 

2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының доценті м.а. Ли Бёнг Джо "Eren enbegi ushin" төсбелгісімен марапатталды. 

2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре Молдатөреұлы "Eren enbegi ushin" төсбелгісімен марапатталды.

2020

Осы жылдың 28 қараша күні, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында “Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық-ғылыми зерттеу орталығы тарапынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген “Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан жастары” атты дөңгелек үстел өтті.

Алматы қаласынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы қатысып “ҚР Дарынды жастар Алтын төсбелгісімен” және Алғыс хатпен марапатталды.

2020

2020 жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік жас ғалым–2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауда шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3-курс докторанты, оқытушысы Бисенбаева Әсел «Үздік жас ғалым–2020» байқауының І дәрежелі дипломын иеленді, арнайы тағайындалған «Үздік жас ғалым – 2020» төсбелгісі және «Үздік жас ғалым–2020» куәлігімен марапатталды, сонымен қатар оның автобиографиясы «Үздік жас ғалым – 2020» атты жинаққа енгізілді.

2020

   Осы жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «Үздік жас ғалым – 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті.

   Байқаудың нәтижесі бойынша, Шығыстану факультеті, Тюрксой кафедрасының 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы «Үздік жас ғалым –2020» байқауының І дәрежелі дипломын иеленді, сонымен бірге арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Шадкам Зүбайдамен бірге жазған мақалалары мен ғылыми жұмыстары, магистранттың өмірбаяны «Үздік жас ғалым–2020» атты жинаққа енгізілді.

2020

Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Кажен Шахислам «Фортепианода ойнау» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері атанды.

 

2020

   Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Бостан Мерей «Қазіргі заманауи би» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері атанды.

2020

   Халықаралық хинди тілі күніне орай Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігіндегі Свами Вивекананда мәдени орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетімен бірлесіп, екі номинация бойынша хинди тілі байқауын ұйымдастырды: поэзия сайысы және эссе байқауы.

    Байқау жеңімпаздарына Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының тарапынан сертификаттары мен ақшалай сыйлықтары табысталды.

Жеңімпаздардың арасында келесі студенттер бар:

Поэзия сайысы:

1 орын – Орынбай Аида, 3 курс

2 орын – Дюсенова Арай, 2 курс

3 орын – Амирулдаева Карина, 3 курс

Эссе байқауы:

1 орын – Хамитова Балжан, 3 курс

2 орын – Мейіз Жақсыбаева, Үндістан елшілігіндегі хинди курстары

3 орын – Қалжанова Қарагөзайым, 3 курс

Жеңімпаздарды құттықтай отырып оларға жаңа табыстар тілейміз!

 

2019

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызын «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

 

2019 

   Шығыстану факультетінің студенті Канафева Айтолқын "1 курс ТАЛАНТТАРЫ – 2019" көркемөнерпаздар байқауының "Қобызда ойнау" номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ жүлдесімен марапатталды.  

2019
Шығыстану факультеті "1-курс таланттары–2019" көркемөнерпаздар байқауының "Қазіргі заманауи би" номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды. 

2019

"1 курс таланттары – 2019" көркемөнерпаздар байқауының "Жүргізушілер" номинациясы бойынша Шығыстану факультетінің студенті Тлектес Назерке 1 орынға ие болды. 

 

2019

"1 курс таланттары – 2019" көркемөнерпаздар байқауының "Актерлік шеберлігі" номинациясы бойынша Шығыстану факультетінің студенті Истурина Әмина 1 орынға ие болды. 

 

2019

Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Фарида Оразақынқызы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды. 

2018

ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен «Шығыстану» мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиадада келесі студенттер жеңімпаз атанды:

I орын Мырзагелдина Лаура.

ІІ орын Араппаева Айжан, Бейсен Аделина.

ІІІ орын Естақова Диана, Караева Дильназ, Темірxанова Айгерим.

Олимпиаданы қортындылау кешінде жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бағалы сыйлықтар тапсырды. Бұдан тыс, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы үш жеңімпазға Қытайда білім алу грантын бөлді.

 

2017

"Жібек жолының сарқылмас қазынасы" атты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Қытай жайлы зияткерлік сайысында "Аударма ісі" мамандығының 4 курс студенттері Бұрхан Баян 2 орын, Азбаева Арай 3 орын алды.
2017

«Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Шаяхметова Дана «Менің Қытайым» атты фотобайқаудың жүлдегері атанып, екінші орынды иеленді.

2017

Http://kitap.kz/ сайтында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нұрхалық А. еңбектері жарияланды.

Кітаптардың мазмұнымен (аннотациясымен), сондай-ақ кітаптардың толық мәтінімен онлайн танысуға болады.

Жарияланған еңбектердің ішінде аға оқытушы Абдурақын Нұрхалықтың сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдары, сондай-ақ көркем туындылары бар.

2015 жылдың 5 наурызында Сеулде кезекті 18-іKBS Мемлекеттік теле-радио компаниясының жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл жүлде 1993 жылы тағайындалған және әртүрлі қызмет саласында елеулі жетістікке жеткен шетелдегі отандастарға беріледі.

Осы шара барысында бес жүлденің біреуін тарихшы, профессор Ким Герман иеленді. Ол гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында сіңірген еңбегі үшін жоғары марапатқа лайықты.

Шығыстану факультетінің деканы, фил.ғ.д., Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы профессоры Б.Н. Жұбатова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 473 бұйрығымен Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды

Доктор PhD, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы доцентінің м.а. А.А. Мұстафаева жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды
Шығыстану факультетінің студенттері және оқытушы-профессорлар құрамы, , филология ғылымының докторы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті, Д.Т.Көптілеуованы Университеттің 2014 жылғы Үздік оқытушысы атағын иеленуімен шын жүректен құттықтайды

С.Ғаббасова"Түрік әндерінің үздік орындаушылары" атты жарыста I орын иегері

(наурыз, 2014 ж.)

Профессорско-преподавательский состав и студенты факультета Востоковедение искренне поздравляют д.ф.н., профессора Джубатову Б.Н. с присвоением звания Лучший преподаватель ВУЗа - 2013.
Жыл сайын өтетін "Тазалық аптасы" қорытындысы бойынша 2012-2013 оқу жылында, факультет "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік факультет" номинациясы бойынша 1-орынды иеленді
Шығыстану факультеті 2010-2011 оқу жылының жұмыс қорытындысы бойынша факультеттердің университетаралық рейтингісінде 2-орынды иеленді
"Japan Foundation" фондының жапонтану кафедрасының оқытушысы Фаткуллина Оксанаға жіберген Алғыс хаты, қыркүйек, 2010