Ғылыми кітапхана

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Ғылыми кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен 16-19 ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі ҚР бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі болып табылады. Кітап қорында 2 млн. астам басылымдар сақталған. Жыл сайын 50-60 мың данадан астам басылымдармен толықтырылады. Оқырмандар – 20 мыңнан астам адамды қамтиды, бұл – тек студенттер ғана емес, сонымен бірге, оқытушы –профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер, қосымша оқытушы персоналдар мен университеттің басқа да категорияларындағы қызметкерлер.

Халықаралық қатынастар, шығыстану, химия және химиялық технология, механика-математикалық және физика-техникалық факультеттерінің оқу залдарынан басқа кітапхананың барлық абонементтері мен оқу залдары Ғылыми кітапхананың жаңа ғимаратында орналасқан.

Залдардағы отырғызу орындарының саны – 1192. Кітапхана жыл сайын 900 мыңнан аса келушілерді тіркейді. 2 млн. данадан астам кітаптар, журналдар мен газеттер   беріледі.

Жыл сайын қазақстандық және ресейлік 850 атаудан астам мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Ғылыми кітапхана кітапханалық-библиографиялық процестерді аутоматтандыру деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы орында.

Ғылыми кітапхана – ғаламтор желісінде өзінің электронды каталогын алғашқы орналастырушылардың бірі ретінде Қазақстан Веб-сайтының тарихына енді. Ғылыми кітапхана жетістіктері оқырмандарға қызмет көрсету, еңбек ұйымдастыру және жаңа технологияларды игеру сапасы бойынша бірнеше рет түрлі дипломдармен марапатталды (ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясының дипломы, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының грамоталары т.б.) 

Ғылыми кітапхана ХХІ ғасыр сұраныстарына жауап береді. Бүгінгі таңда мұнда қоғамдағы кітапхананың мәртебесін көтеріп, оны нағыз ақпарат және мәдениет орталығына айналдырушы, қазіргі заманға лайықты жаңа жобалар туындап, жүзеге асырылады.

Ғылыми кітапхананың міндеті – студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамын Отандық және әлемдік ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, дәстүрлі және электрондық түрде. Университеттің білім беру ісі мен оқу процесіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Жеке тұлғалардың рухани дамуына, оларды патриоттық, достық сезім және халықтар арасында өзара келісім мен үйлесімділік орнатуға тәрбиелейді.