Жалпы мәліметтер

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасындадағы тәрбиелiк жұмыс университетіміздің тәрбиелiк жұмыс тұжырымдамасымен сәйкес ұйымдастырылған.

Мәдени-тәрбиелiк жұмыс тiкелей отан сүйгiштiкке, оқу-еңбек сүйгіштікке және мәдени-эстетикалық тәрбиеге негізделе отырып, студенттермен және топпен сабақта немесе сабақтан тыс уақытта жүргiзiледi. Кафедраның тәрбиелiк жұмысының негiзгi компоненттерi шығармашылықты, бәсекелесттікке қабілетті, зиялы, үзіліссіз шығармашылық тұрғыда өздігінен дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Күнделікті оқу-тәрбиелiк жұмысты жүзеге асыру үшiн эдвайзер институты жүзеге асырылады. Оқу мерзімі бойы эдвайзерлер студенттермен білім беру бағдарламасын меңгеруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын жүргізеді.

Университеттің әр жылғы оқу жылының жоспарына сәйкес студенттерді қоғамдық қызметке белсенді ынталандыруға бағытталған жан-жақты жұмыстар жүргізіледі; сапалы бiлiм алу идеяларын насихаттау; дербес жауапкершiлiктi қалыптастыру; белсендi азаматтық позициясын көтеру; позитивтi құндылықты бағыттарды дамыту; шығармашылық белсендiлiктi арттыру; ұйымдастыру қабiлеттiлiктерiн дамыту; салауатты өмiр салты туралы түсінікті қалыптастыру; рухани және физикалық тұрғыда өздігінен жетiлдiрудi дағдыландыру; бiрлескен қауымдастықтың сезiмiн қалыптастыру.

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ СЕКЦИЯСЫ

Жалпы тіл білімі секциясы студенттердің оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттілігін түрлі мәдени-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қызықты түрде қалыптастырады:

  • «Түркі жазуының мерекесі»,
  • «Славян жазуының мерекесі»,
  • "Роман-герман тілдері" мерекесі
  • «Тіл өнері»,
  • «Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі»,
  • «Үздік лингвист» и др.

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ СЕКЦИЯСЫ

Шетел филологиясы секциясы оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар мәдени және танымдық маңызы зор тәрбиелік іс-шаралар да ұйымдастырады:

  • «Шетел тілдері аптасы»
  • "Farewell Party"
  • «Қазақстан халықтарының тілдері меркесі»
  • "Best Grammarian" және т.б.

«Түркі жазуының мерекесі»

«Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі»

"Тіл онері" сайысы

"Үздік лингвист" сайысы

"Роман-герман тілдері" мерекесі