Кафедраның тарихы

Қазіргі «Қазақстан тарихы» кафедрасыКСРО Жоғары білім министрлігінің 1958 жылғы 21 мамырдағыЖарлығы негізінде 1958 жылы 30 қыркүйекте «Қазақ ССР тарихы» кафедрасыболып құрылды. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына оның алғашқы меңгерушісі  меңгерушісі көрнекті тарихшы, ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов зор еңбек сіңірді. Ол 1958-1966 жылдары кафедраны басқарды. Одан әрі 1967-1970 жылдары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хабиев Хакім, 1971-1980 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Кенжебаев Сәкен Мамажанович, 1981 жылдан кафедра меңгерушілігіне тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жаманбаевич Жаманбаев, 1987-2001 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.И. Дулатовалар басшылық жасады.

Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейінгі ел өмірінде орын алған қоғамдық-саяси өзгерістер тарих ғылымына да біршама өзгерістер алып келді. Осыған байланысты 1992-1995 жылдардағы факультет құрылымында өзгерістер орын алып, «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» және «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» атты екі кафедра құрылды. Қазақстан тарихы кафедрасы ғалымдарының алдында қоғамдағы тарихи мәселелерді зерттеу және баға беру міндеті тұрды. Осындай кезеңде «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» кафедрасындағы басшылықты 2001 жылдан бастап тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбекұлы Омарбеков қолына алады. Ал, 1997-2003 жылдар аралығында «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасын тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев басқарады. 2003 жылы кафедра меңгерушілігіне тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Сүлейменұлы Қаражан келеді.

2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің даму стратегиясына сәйкес университеттің барлық қызмет саласында кең көлемді өзгерістер жүргізілді. Нәтижесінде екі кафедра біріктіріліп, ол «Қазақстан тарихы» кафедрасы деп өзгертілді де, оны профессор Т.Омарбеков басқарды.  2016 жылдан  кафедра меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Берекет Бахытжанұлы Кәрібаев атқарып келеді.


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Университеттің  барлық факультеттерінің 1-курс студенттеріне Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша дәріс оқып, семинар жұмыстарын жүргізеді. Барлық оқытушылардың оқу үдерісі жұмыс бағдарламасы мен типтік бағдарламаға сай ұйымдастырылған. Оқытушылар өздерінің жұмыс бағдарламаларын жаңа талаптарға сәйкес үнемі жаңғыртып отырады.

Тарих факультетінде, сондай-ақ кафедра оқытушылары сабақ беретін басқа факультеттерде оқу процесі типтік бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан кафедра уақыт талабына сай жаңа типтік бағдарламалар дайындап, шығарып отыруға ерекше назар аударады.

Кафедра оқытушылары оқу үдерісінде студенттердің білім деңгейін тексеруде жаңа әдістер қолданып жүр. Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алған ғылыми нәтижелерін оқу процесінде белсенді түрде қолданады. Төмендегі жалпы курстар қазақ және орыс тілдерінде оқытылады: Қазақстан тарихы, Қазақстанның ежелгі тарихы, Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның орта ғасырлар тарихы.

Студенттер қазақ мемлекеттілігі, этникалық тарихы, империялық кезеңдегі қазақ халқының тарихы, отандық және әлемдік тарих ғылымдарындағы тәуелсіз Қазақстанның тарихи жолы туралы оқып-білуде үлкен мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып университеттердің Ұлы Хартиясына қосылғаны және кадр дайындауда «бакалавр-магистратура-докторантура» үш сатылық білім берудің жаңа жүйесіне көшкені белгілі. Кафедра бакалаврлары мен магистранттарының ғылыми жұмыстарда белсенділік танытуы PhD докторантураға түсуге жақсы алғышарт болып табылады. Кафедра магистранттары өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп, зерттеушілік потенциалын кеңейте алады. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырылады. 

Бүгінде кафедра Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Польша, Ресей және т.б. мемлекеттердің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен  тығыз байланыс орната отырып, білім алушы жастардың аталған универсиеттерден біліктілігін арттыруға, қосымша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға мүмкіндік жасап отыр. 

Қазіргі таңда кафедра Қазақстанның жоғарғы білім беру мен ғылым саласындағы заманауи үдерістерге өз үлесін қосуда. Мұнда білім берудің, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі қоғамдағы зияткерлік орта сұранысын қанағаттандыратын кәсіби мамандарды даярлау белсенді түрде қолға алынуда.