Халықаралық жобалар мен зерттеулер

Т.ғ.д.профессор Ж.Қ.Таймағамбетов мынандай жақын шетелдік редакциялық және ғылыми кеңестердің мүшесі болып табылады. 1. «Археология, этнография и анторпология Евразии» Р.ҒА. С.Б. Новосибирск Ресей Археология және этнография институты. 2. «Мирас» Түркіменстан президенті жанындағы Мәдени мұра институты журналының редакциялық кеңес мүшесі.3. Туркіменстан Президенті жанындағы мемлекеттік мәдени мұра институтының ғылыми кеңес мүшесі Ашгабат, Түркменстан. 4. «Медный всадник» ПАНИ журналының редакциялық кеңес мүшесі. Ресей Санкт – Петербор. Осы ғалым археологтың Р.Ғ.А.С.Б. (Ресей) Археология институтының тас ғасырды зерттеу саласы бойынша 2008-2012 ж.ж арналған ғылыми келісімі бар. Ол ғалым АҚШ-тың Колорадо штатының профессоры Мишель Глянцпен, Вашингтон Университетінің профессоры Джерри Галм және Р.Х. Сулейманов (2008). Профессорлармен бірлесіп археологиялық зерттеулер жүргізіп, тас ғасыр лабороториясында жұмыс істеді. Қаратау артефактілері бойынша көптеген материалдар өңдеуден өткізілді.Палеолит бойынша ағылшын тілінде бірлескен публикация болды. 2008 жылы маусымда ЮНЕСКО штаб пәтерінің шақыруы бойынша Ж.Қ.Таймағамбетов «Қазақстан – Еуразияның көне мәдени орталықтарының бірі» баяндамасымен «Халықтардың алғашқы ұлы көші» Франция, Париж конференциясында сөйледі.