Кафедраның тарихы

Білім және ғылым, өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы жаңа компьютерлік технологиялардың терең интеграциясы осы сферада жұмыс жасайтын мамандардан компьютерлік технологиялар бойынша жаңа арнайы білімді қажет етеді. Компьютерлік технологиялармен композицияда математикалық моделдеу бойынша бір мамандықтың қандай да бір симбиозы қажет етіледі. Теңдеулер тілінде кез-келген процесстерді моделдеу үшін маманның жоғарғы математикалық білімі болуы керек. Осындай бағыттар бойынша мамандар дайындау қажеттілігі практикалық қажеттіліктен туындағанын түсіну қиын емес. 1999 жылы Қарағанды облысының территориясына «ПРОТОН К» ракета тасымалдаушысының екінші сатысы түскеннен соң, апаттық экологиялық зақымын жою және бағалау үшін Қазақстан-Ресей өкіметаралық комиссия құрылған еді. Сол кезде экологтар да, химиктер де ракетаның улы жанармайының төгілу іздерін таба алмады. Осы мәселені шешуге табиғи процесстерді математикалық және компьтерлік моделдеумен айналысатын математиктердің шамасы жетті. Компьютерлік моделдеу арқылы экологиялық зақымды бағалау және ракета жанармайының төгілуінің ареалын табу Қазақстанның Ресей ғарыштық агенттігіне шағым жасауға ғылыми негіз болды, ал моделдеудің нәтижелері Ресейлік химиктермен расталды. Апат салдары күрделі физикалық процесстерді компьютерлік моделдеу саласында кадрлар дайындау қажеттілігіне нұсқасы.

«ҚР жоғарғы профессионалдық білім беру мамандықтары мен дайындау бағыттары классификаторын бекіту туралы» 19 ақпан 2001ж № 85 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 25 желтоқсан 2002 жыл ҚР ғылым және білім Министерлігінің № 54-1 бұйрығы бойынша қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар бойынша мамандардың жетіспеу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Матема­тикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығы бекітілген болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде 2002 жылы жаңа мамандықтың пайда болуына байланысты осы мамандықты қадағалайтын компьютерлік және есептеуіш технологиялар кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы– техникалық ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының академигі, Халықаралық инженерлік акаде­миясының, Қазақстан республикасының Инженерлік академиясының, Нью-Йорктік ғылым академиясының (АҚШ), ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері”, қолданбалы ма­тематика және ақпараттық облысында белгілі ғалым, қоғамдық танымал саясаткер сайланды.

Аз уақыт ішінде жас кафедра компьютерлік технологиялар бойынша мамандарды дайындаудан негізгі кафедралардың бірі болып табылады. Кафедрада гидродинамика проблемаларын және жылу және жылу- масса алмасу, химиялық кинетика, жану және т.б. проблемаларды шешуге арналған ҒЗЖ жүргізілетін «Табиғи процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу» атты ғылыми зертханасы бар. Зертхана зерттеу жқмыстарын жоғарғы дәрежеде жүргізуге мүмкіндік беретін ең соңғы компьютерлік құрылғылармен жабдықталған.