Магистратура

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

«6M020700– Аударма ісі (магистратура)

«6M020700Аударма ісі» мамандығы бойынша магистрлер дайындаудың жоғары ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасыБағдарлама аударма және аударматану саласы бойыншағылыми-педагогикалық(магистр) мамандарды дайындауға бағытталған.

Оқу түрі – күндізгі.

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Бітірушілерге «Аударма ісімагистрі» академиялық дәрежесі мен біліктілігі беріледі.

Бағдарламаға тиісті жоғары кәсіптік білімі барлар қабылданады.

Қабылдау емтихан нәтижелері бойынша жүзеге асырылады:

- шет тілі (жазбаша)

- аударма теориясы мен тәжірибесі (ауызша)

Магистрлар дайындау бағдарламасында келесідей пәндерді оқыту көзделеді (оның ішінде таңдау бойынша):

Тіларалық қатынас теориясы

Аударманың жалпы теориясы

Аударма практикологиясы

Герменевтика және аударматану

Ауызша аударма

Жазбаша аударма

Көркем аударма

Мәтін аудармасы және интерпретация

Аударма шеберлігі

Әдеби аударма және редакциялау

Шет тілі


Аудармашыларды дайындау тілдердің мынадай жұптары бойынша жүргізіледі:

  • қазақ тілі >орыс тілі
  • қазақ тілі < орыс тілі
  • қазақ тілі <неміс тілі
  • қазақ тілі < ағылшын тілі
  • қазақ тілі < түрік тілі
  • орыс тілі < ағылшын тілі
  • орыс тілі < түрік тілі
  • орыс тілі > неміс тілі

Мастер-кластар:

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

түрік тілінде

неміс тілінде

Мастер-кластарды өткізуге отандық және шетелдік кәсіби аудармашылар мен мамандарды шақыру көзделеді.

Карьера: президент әкімшілігі; парламент; үкімет; сот билігі органдары; елшіліктер (Қазақстан және шетел); орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар; жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар; баспа бизнесі; бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ); саяси компаниялар; халықаралық компаниялар; отандық және шетелдік мекемелер (кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар және т.б.); халықаралық мәдени орталықтар; ақпараттық және жарнамалық агенттіктер; жеке кәсіпкерлік, т.б.

Ғылыми және білім алу қызметін жалғастыру мүмкіндіктері:

отандық және шетелдік ЖОО оқу (PhD)