Бакалавриат


ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

НЕГІЗГІ

5B020700 – Аударма ісі

Бакалаврлар дайындаудың жоғары білім беру бағдарламасы

Бағдарлама жоғары кәсіби білімі бар аудармашыларды дайындауға бағытталған.

Оқу мерзімі – 4 жыл.

Оқу түрі – күндізгі.

Теориялық оқу кезінде шетелде іс-тәжірибеден өту қарастырылмаған.

Бітірушілерге «Аударма ісі бакалавры» академиялық дәрежесі мен біліктілігі беріледі.

Бағдарламаға орта (толық) білімі бар тұлғалар қабылданады.

Бакалаврлар дайындау бағдарламасы төмендегідей пәндер жүйесін оқытуды көздейді.

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП)

Базалық пәндер (БП)

Профильдік пәндер (ПП)

Аудармашыларды дайындау тілдердің мынадай жұптары бойынша жүргізіледі:

  • қазақ тілі > орыс тілі
  • қазақ тілі < орыс тілі
  • қазақ тілі тілі < неміс
  • қазақ тілі < ағылшын тілі
  • қазақ тілі < түрік тілі
  • орыс тілі < ағылшын тілі
  • орыс тілі < түрік тілі
  • орыс тілі > неміс тілі

Мастер-кластар:

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

түрік тілінде

неміс тілінде

Мастер-кластарды өткізуге отандық және шетелдік кәсіби аудармашылар мен мамандарды шақыру көзделеді.

Қабылдау ҰБТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын қабылдау бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

Карьера: президент әкімшілігі; парламент; үкімет; сот билігі органдары; елшіліктер (Қазақстан және шетел); орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар; жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар; баспа бизнесі; бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ); саяси компаниялар; халықаралық компаниялар; отандық және шетелдік мекемелер (кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар және т.б.); халықаралық мәдени орталықтар; ақпараттық және жарнама агенттіктері; жеке кәсіпкерлік, т.б.

Білімі мен біліктілігін жалғастыру мүмкіндіктері:

отандық және шетелдік ЖОО оқу (магистратура)

Ғылыми және білім алу қызметін жалғастыру мүмкіндіктері:

отандық және шетелдік ЖОО оқу (магистратура)