Жалпы мәліметтер

 

Кафедра мамандықтары

  • ·        5В020700 – Аударма ісі  
  • ·        6М020700 - Аударма ісі 
  • ·        6D020700 - Аударма ісі  
  • ·5В020100 – Шетел филологиясы 
  • ·6М020100 - Шетел филологиясы 
  • ·6D020100 - Шетел филологиясы

Мамандық туралы

5B021000 – Шетел филологиясы мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты 

5В020700 – Аударма ісі  

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты 

Білім беру бағдарламасының мақсаты - шетел филологиясы саласында толық бағалы, сапалы кәсіби білім алу, кәсіби құзіретті білім алуды қамтамасыз ету  

Білім беру бағдарламасының міндеті:  

  • ·        алынған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру, кәсіби қызметте барынша қолданылу мүмкіндігі,  
  • ·        мемлекеттік және қос шетел тілдерін меңгеру,  
  • ·        шетел филологиясын оқу үдерісінің психологиялық негіздерін меңгеру, шетел тілдерін үйренудің әртүрлі сатыларының психологиясын игеру.  

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты – аударматану саласында толық бағалы, сапалы кәсіби білім алу, кәсіби құзіретті білім алуды қамтамасыз ету.  

Білім беру бағдарламасының міндеті :

  • ·        коммуникативтік-мәдениетаралық құзіреттілік негіздерін сөйлеу тілінің төрт түріне енгізу; 
  • ·        басқа тілде қарым-қатынасты   әрі қарай жетілдіру, мәдениетаралық   қарым-қатынасты кәсіби салада берілген тақырыпта қалыптастыра алу: болашақ мамандықпен тығыз байланысты
  • ·        оқылатын тілдің мемлекетінің тарихын білу, өзге менталитеттің ерекшелігімен таныс болу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық мәселелерін білу, техника ғылымымен таныс болу; 
  • ·        мамандық бойынша жұмыспен барынша жылдам қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аударма ісі мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті түлектер дайындау.  


Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік қызметі

Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік қызметі білім, білік және дағды беруге ғана емес, құзыреттілікті игеруге бағытталған. Кафедраның оқу-әдістемелік қызметіндегі құзыреттілік бағдары келесі бағыттар бойынша жүзеге асады: 1) мамандық бойынша білім мазмұнының өмірлік қажеттілігін күшейту; 2) кәсіби қызметтің өмірлік дағдыларына үйрету; 3) жалпылама пәндік біліктерді қалыптастыру; 4) негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру; 5) оқу үдерісін ұйымдастырудың құзыреттілік-модульдік технологиясын жүзеген асыруды қамтамасыз ететін жаңа оқу-әдістемелік материалдарды жасау және білім беруүдерісіне енгізу ;6) жаңа буынның оқу, оқу-әдістемелік құралдарын жасау; 7) электронды білім беру ресурстарын жасау.

Оқу-әдістемелік қызметтің басымдықтары

- ғылыми-білім беру және инновациялық қызметтердің отандық және халықаралық нарығында қажет болатын жоғары квалификациялы мамандар даярлауды қамтамасыз ету және кафедраның ғылыми-білім беру, инновациялық қызмет саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-бітірушінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық модельдерін дайындау жәнебілім беру үдерісіне енгізу;

-ғылыми-білім беру бағдарламаларының қолданыстағыларын жаңартып, жаңасын дайындау және өндіріске енгізу;

- бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, адам капиталын дамытуды көздейтінбілім берудің жаңа технологияларын жасау, апробациялау және өндіріске енгізу;

- кафедраның инновациялық ғылыми-білім беру қызметінің бағыттары бойынша сандық білім беру ресурстарын жасау;

-оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды қамтамасыз ету (элективті пәндердің жалпы санының 10 %);

- білім беру қызметінің экпортын кафедра мамандығы бойынша білім алушылардың жалпы контингентінің 15 пайызына дейін арттыру;

-кейстік, желілік және телекоммуникациялық білім беру технологияларын жүзеге асыру;