Студенттік өмір

 
    Шетел филологиясы мамандығының 1,2 курс студенттері "Қызыл орамалды шынарым" қойылымында!
 
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «QAIYRYMDY QAZAQSTAN» қайырымды істер челленджіне бастау берді
 Біздің мақсат -TOP 200
 
 Филология және әлем тілдер факультетінің, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Аударма ісі» - мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Рұхани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Limits of my language means limits of my world» атты танымдық іс шара өткізілді. Студенттер орыс, агылшын, қазақ, неміс, француз, азербайжан, украйна, моңғол, түрік, корея, қытай, тілдеріндегі қанатты сөздерді 12 тілде айтып жеткізді. Сонымен қатар іс шарада Құрманғазының асыл мұраларының бірі «балбырауын» күйі тартылып, тіл тарихына қатысты танымдық сұрақ-жауаптар ойындар жүргізіліп, жеңімпаз ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Ұйымдастырушылар: Төнкер. А және «Аударма ісі»- мамандығы 2 курс студенттері
 
 Филология және әлем тілдері факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "The more languages you know, the more human you are” атты танымдық кеші болып өтті. Студенттер қазақ,орыс,француз,ағылшын,түрік және қытай тілдерінде ыстық лебіздерін білдірді.🎉 Сондай-ақ, мақал-мәтел,жаңылтпаш айтудан кішігірім сайыс ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдерімен тілдер тақырыбында сұхбат жүргізілген видео ұсынылды🤗

 

 
 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының ұйымдастыруымен өтетін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Language is the most powerful tool» атты танымдық кеші болып отти.
Өткизилген уакыты: 21 қыркүйек,сағат 17:00
Өтетін орны: Филология және әлем тілдері факультеті, 304
Жауапты: Габдыкаримова Г.С., Аушенова А.С. және ««Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтары «Language is the most powerful tool»
 
 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Шетел филологиясы»​ мамандығының ​ұйымдастыруымен өтетін ​ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»атты танымдық кеші болып өтті!
 
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы профессор Г,Қ.Қазыбек, орыс филологиясы мен әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы А.Қ.Қазыбек және шетел филологиясымамандығының 2 курс магистранты Е.Е. Қоныс аударма ісі студенттерімен бірлесе отырып 18 қыркүйек күні «Шет тілін үйренудегі мәдениет аралық коммуникация» деп аталатын тақырыпта мәдени іс-шара өткізді
 
 ТІЛ-АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ Қазақстан республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай, 16 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры Г.Қ.Қазыбек мен «Аударма ісі» мамандығының 2 курс магистранттары А.Болат, Г.Жалғасбаева, М.Еркіннің ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты зияткерлік сабағын ұйымдастырды
 11 09.19 жылы Аль Фараби атындагы Казак Улттык университети бірінші курс студенттеріне ұйымдармен таныстыру жәрмеңкесін өткізді. "Сенат", "Сұңқар", " СППБ", "Көмек", және тағы басқа уйымдар оздерин таныстырып, концерт өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты бірінші курс студенттерін осы ұйымдарға қосылуға қызықтыру. "Аударма ісі мамандығының 1 курс студенттері өз тандауларын жасады.Жәрмеңке студенттерге өте ұнаған себебі онда түрлі қызықты ойындар мен концерттік бағдарлама көрсетілген.

 

 
 Бүгін «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттері ҚР Президенті Қасым-Жомартұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауымен таныстырылып, осы жолдауға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Аталмыш іс—шараға «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы да қатысып өз пікірлерін ортаға салды. Жолдауда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерді шешудің жаңаша жолдары қарастырылған. Ашық сабақ барысында студенттер еліміздің дамуындағы жаңашыл реформаларды түбегейлі қолдайтындығын көрсетті.
 

 

   

12-13 ақпан күндері Филология және әлем тілдері факультетінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жұмыс берушісі Ұлттық аударма бюросының ғылыми редакторы Мұхамадиев Дәурен «Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы рөлі» деген баяндама жасады. Баяндамада цифрландыру жағдайындағы аудармашының рөлі, атқара қызметтерінің өзектілігі туралы айтып өтті.

   29 қазан 2019 ж. Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне келді.
 
Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен "Тәржіман" аудармашылар клубы. Біз туралы әлі естіген жоқсыз ба? Онда дұрыстаймыз! Біздің клуб сізді қызықтыратын жоба ұйымдастырып жатыр. Ол "Secrets of IELTS" деп аталады. Біздің спикерлер IELTS емтиханының қыр-сырын айтып береді. Ода тек кіріспе ғана емес,сонымен қатар *reading*, *listening*, *writing* бөлімдеріне кішігірім дайындық болады және бұның барлығы қызықты форматта өткізіледі. Сіздер,біздің қадірлі студенттер, демалып, құнды ақпарат алу үшін біз пайдалы нәрсені қызықты форматта көрсетеміз. Біз ескі салтты жаңартып,сіздер бізбен болу үшін клубқа жаңа дем берудеміз. Достарыңызбен бірге келіп,уақытты тиімді пайдаланып,керемет сезімдерге ие болыңыздар Күні:24 қазан,2019 ж. Уақыты:17:00 Өтетін жері: филология және әлем тілдері факультеті|302-аудитория.
Барлықтарыңызды күтеміз!
   

30 Қыркүйек

Халықаралық аудармашылар күніне орай “Tarzhiman” клубының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара “Аудармашы – мәртебелі мамандық”

   11 09.19 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірінші курс студенттеріне ұйымдармен таныстыру жәрмеңкесін өткізді. "Сенат", "Сұңқар", " СББП", "Көмек", және тағы басқа Ұйымдар өздерін таныстырып, концерт өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты бірінші курс студенттерін осы ұйымдарға қосылуға қызықтыру. "Аударма ісі мамандығының 1 курс студенттері өз тандауларын жасады.Жәрмеңке студенттерге қатты ұнаған, себебі ол жерде түрлі қызықты ойындар мен концерттік бағдарлама көрсетілген.
   Бүгін «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттері ҚР Президенті Қасым-Жомартұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалогҚазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауымен таныстырылып, осы жолдауға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Аталмыш іс—шараға «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы да қатысып өз пікірлерін ортаға салды. Жолдауда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерді шешудің жаңаша жолдары қарастырылған. Ашық сабақ барысында студенттер еліміздің дамуындағы жаңашыл реформаларды түбегейлі қолдайтындығын көрсетті.
 

2018 жылдың 2 қарашасы «Айналанды нұрландыр! жобасы аясында Филология және әлем тілдері факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Аударма ісі» мамандығының студенттерімен бірге 2 курс студенттеріне арналған Джулия Кацманның жаңа кітабын ұсынды. «Айлендранс ньюрлейт!» Жобасының шеңберінде

Жауапты оқытушылар: Мұсалы Л.Ж., Қазыбек Г.Қ., Қазыбек А.Қ.

 

   

«Алматы ботаникалық бағы»

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер!

2018 жылдың 25 қазан айында сіздерді «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілетін жалпы тіл білімі және еуропа тілдері, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушыларының және «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы» мамандықтарының ұйымдастыруымен өткізілетін «Алматы ботаникалық бағына» баруға шақырамыз!

Өткізілетін уақыты: 25 қазан, сағ. 12:30

Ұйымдастырушылар: Медетбекова П.Т., Аушенова А.С.

   

Асқар Сүлейменовтің «БЕСАТАР» повесі бойынша оқырмандар конференциясы

2018 жылы 18 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының және «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасы аясында көрнекті қаламгер Асқар Сүлейменовтің «БЕСАТАР» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға белгілі әдебиет сыншысы, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Әлия Бөпежанова қатысты. Филология және әлем тілдері факультетінің студенттері, болашақ әдебиетшілер Ертай Біләлов, Диана Әмірбек, Жасұлан Сүлейменов, Айдана Есенова, Алма Кенжеқожаева, Нұрила Мырзабек, Жанар Әмірбековалар «Бесатар» повесінің стильдік-көркемдік ерекшеліктері, кейіпкерлері жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, «Бесатар» повесін қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипаты мол, тарихи шығарма ретіне ретінде атап өтті. Әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісіп отырды. Жиынға факультет оқытушы-ұстаздары Е.Солтанаева, доцент Ә.Байелі қатысты. «Көкжиек» клубының жетекшісі, әдебиетші-ұстаз Ләйла Мұсалы жиынды қорытындылап, «Бесатар» повесінің қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар екенін атап өтті. Бұл конференция студенттер үшін әсерлі де пайдалы болды.

   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және Tarzhiman club жас аудармашылар ұйымының ұйымдастыруымен 'Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында 2018 жылы 1 қазанда ''Жасасын, Аудармашылар! " атты танымдық кеш өтті. Халықаралық аудармашылар куніне арналған бұл кешке "Аударма ісі" бөлімінің барлық курстары өз улестерін қосты. 1 курс студенттері "Tarzhiman" қатарына қабылданды. Аударма процесі, аудармашы еңбегінің қыр-сыры жөнінде қызықты мәліметтер айтылды. Клубтың жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Мұсалы Ләйла Жұматайқызы кешті қорытындылап, болашақ аудармашыларға улкен табыстар тіледі

 

Казанның 1күні 2018 жылдың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен кеш өтті. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, әдебиетші ұстаз Ләйла Мұсалы кешті қорытындылап, қазақ әдебиетінің болашағы жастар екенін атап өтті.

 

Халықаралық "Erasmus" жобасы аясында Франциядан келген қонақ Доктор Мартин Мегевандтың бір апталық дәрісі басталды. Дәріс барысында Француз әдебиеті өкілдерінің әлемдік руханиятқа қосқан үлесі жайында, әдебиеттің постмодернистік бағытта дамуы жайында сөз қозғалды.

   Сәуір айының 2-28 аралығында кафедрамыздың оқытушылары Наубай Балғат, Нағашбеков Нұржан және Дайрабекова Гүлсима біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында "Шет тілдер" мамандығы бойынша толық курстан өтті. Ұстаздарымызды кафедра атынан құттықтай отырып жұмыстарына зор табыс тілейміз!
   

ҚазҰУ-дағы сенбіліктің өзі бір ғанибет. Қыстан қымтырылып, арқасы құрысып шыққан жер ананы тырмалап, бойына қан жүгірттік


   
        Кафедра ұстаздары наурыз мейрамының өтуіне атсалысуда
   

"Мен бұл өмірді қалай бағалаймын" 


"How do I see this life?".... "Мен бұл өмірді қалай бағалаймын" тақырыбында кафедрамыздың оқытушысы Нағашбеков Нұржанның кезекті жобасы. Жоба барысында қазіргі таңдағы студенттердің басында кездесетін өзекті мәселелерді видеоролик арқылы көрсетіп, оның алдын-алуға ұсыныстар айту. 

   Кафедрамыздың оқытушысы Әріпов Әліби ашық сабақ жүргізу үстінде.
   Шетел филологиясы мамандығының 3 курс студенттері Халықаралық "Фараби оқулары" байқауында жүлдели II және III орындармен марапатталған студенттері. Солдан оңға қарай Ақылбек Айдана II орын, Амиралина Амина III орын, Рамазанова Акмарал III орын. Жеңістеріңіз құтты болсын, алар асуларың көп болғай! Ұстаздарың Гүлсима апайларыңның сенімін ақтаңыздар!
 

 "V Халықаралық Фараби оқулары" 

V Халықаралық Фараби оқулары аясында өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты Халықаралық ғылыми конференциясында "Аударма ісі" секциясы аясында кафедрамыздың оқытушысы Дайрабекова Гүлсиманың студенті Қаныбек Әділетті I орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші

Шынайы поэзия өкілі Мұқағали Мақатаевтың жеке кешіне арнайы ақынның ерке қызы, кафедрамыздың ұстазы аға оқытушы Шолпан Мақатаева қатысқан болатын.
"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді" демекші ақиық ақын дүниеден озса да, оның туындылары біз үшін мәңгі өлмес,өшпес мұра болып қалары сөзсіз.


   

ҚазҰУ-дың Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Қымбат Әбілдақызымен өткен кездесуден естелiк. Осы кісінің бойындағы бір ғана қайсарлыққа ие болсақ, көшіміздің түзелері анық.

 

 Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші

Кафедрамыздың оқытушысы Нағашбеков Нұржанның ұйымдастыруымен 15 желтоқсан сағат 7:00-де №17 Студенттер үйінде Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер түрлі қойылым қойып, естелік өлеңдер оқылды.

   

«Тіл туралы ғылым және ғылым тілі» 

2018 жылдың 6 сәуірі күні кафедрамыздың ұйымдастыруымен ф.ғ.д., профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменованың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Тіл туралы ғылым және ғылым тілі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш іс-шара 2017 жылдың қыркүйек айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-эксперттік кеңесінің қамқорлығымен бастау алған «Дәуір және Тұлға» атты шекті симпозиум семинарлары аясында ұйымдастырылды.

 


 

«Гарри Поттер және философиялық тас» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында Дж.К. Роулингтің  «Harry Potter and the Philosopher's Stone» қойылымын қойды.

 

22 сәуір  -  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні

    

   2016 жылының  22 сәуір күні  филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы   және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Р.М. Таева, Ш.М. Макатаева, А.Т.  Алимбаева  және М.А. Жаңабековалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні құрметіне арналған   «Қазақ халқының салт-дәстүрлері – Customs and Traditions of Kazakh people» атты  ағылшын тілінде   мерекелік кеш өткізілді.  
   

Шетел тілдер апталығы  

Сәуір  18-27, 2016 

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Айналаңды нұрландыр – Brighten your corner» жобасы аясында студенттердің меңгерген білімін тереңдету және қызығушылығын арттырумақсатында «Foreign Languages Contest» атты білім мен тәрбие тоғысқан мерекелік апталық ұйымдастырды.

   

Ардақты аналар әлеміне саяхат -  04 Наурыз 2016 жыл

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұжымы  «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында өткізілетін 8 наурыз күніне орайАналар құрметіне арналған  «Ардақты аналар  әлеміне саяхат» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Алтын белес - Золотая середина - Golden middle      25 Наурыз 2016

       Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттік рухты  жандандыру мақсатында «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» атты мерекелік  кеш өткізді.

   

Еуропалық тілдер мейрамы 

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында "Еуропалық тілдер мейрамы"атты іс-шара өткізді.

 

   

Есіңе мені алғайсың

   Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында ақын М. Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойы құрметіне  арналған "Есіңе мені алғайсың" атты  әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

   

Education around the world / Білім – бүкіл әлемд / Образование во всем мире

2 ақпан  2016 жыл

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Әлем білім үшін» тақырыбындаағылшын тілінде танымдық-тәрбиелік  кеш өткізді.

   

«Лир патша» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында қойылатын У. Шекспирдің «Король Лир»  қойылымын қойды.

   

Тұңғыш Президент – Первый Президент – TheFirstPresident 

26 қараша 2015

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары  Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған  мерекелік шара өткізді.

   

Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі    29  Қазан 2015 жыл 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында «Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі» тақырыбындаағылшын тілінде тәрбиелік кеш өткізді.

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күні 

 

 2015 жылдың 17 қараша күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы халықаралық студентер күніне орай «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында «ҚазҰУ-дағы студенттік өмір» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Ана үйі – Дом мамы «Үйі бардың күйі бар...»

 

        Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ана үйі – Дом мамы» қоғамдық қорына қайырымдылық көрсету мақсатымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Үйі бардың күйі бар» қайырымдылық акциясы өткізілді.

   

Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі 

   7 сәуір күні  №17 студенттер үйінде  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ҚоңырбековаТ.О.,Шакенова В.Б, Кенжеханова Қ.К. ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі» атты іс- шара өткізілді.

   
   
   
   
   
   



 

 

 


ПОЭТИКАЛЫҚ ТӘРЖІМА КЕШІ

2014 жылы 7 желтоқсанда «Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Сондай-ақ, Э.А.Поның «Ворон», Г.В. Лонгфеллоның «Стрела и песня», М. Макатаевтың «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім»өлеңдерін қазақ-орыс тілдеріндегі тәржімалары тыңдалды. Түрлі поэтикалық ойындар жүргізіліп, 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеті шыңдалды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.

 

Халықаралықғылыми-әдістемелік семинар

2014 жылдың 05 желтоқсанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, публицист, Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Владимир Алексеевич Берязевтің қатысуымен әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері туралы Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

21 ғасыр аудармашысы

2015 жылдың 5 ақпанында Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдісамасы кафедрасында бірінші курс студенттерінің арасында 21 ғасыр аудармашысы атты сайыс өтті.

 

 

Танымал тұлғалар

Аударма ісі мамандығының 1-4 курс студенттері кешке қатысыты. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.


 

Аудармашы тәжірибесімен бөлісті

2015 жылы 17 ақпан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі, белгілі аударматанушы ғалым, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры НАҒИМА Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті.

Аудармашы мамандығының ерекше мәртебе екенін атап өткен кәсіби аудармашы Қожа Ахмет Яссауи туындыларын тәржімалау тәжірибесімен бөлісіп, болашақ аудармашыларға пайдалы ақыл-кеңесін айтты, студенттердің сұрақтарына жауап берді. МәшҺүр-Жүсіп Көпеев еңбектерінің орыс тіліне өзі аударған жинағын студенттерге тарту етті.

«Аударма ісі» бөлімі студенттерінен құрылған «TARZHIMANclub» жас аудармашылар клубы аударматанушы шығармашылығы бойынша дайындаған қойылым көрсетті. «TARZHIMANclub» жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы бұл кездесудің болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болғандығын, кәсіби кеңестер алғандығын атап өтті.

Кафедра меңгерушісі Ә.С.Тарақов кешті қорытындылап, Нағима Жәлелқызына зор денсаулық, отбасылық қуаныш тіледі

«Аудармашы - әлемдік өркениетті дамытушы»

 

Осындай тақырыппен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы 2015 жылдың 3- наурызында Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар мақсатында онлайн-конференция өткізді. Кафедра меңгерушісі Ә.Тарақов қазіргі жаһандану заманындағы аудармашы қызметінің рөлі және университеттегі мамандар дайындау жайында қысқаша әңгімеледі. Конференцияға кафедра оқытушылары және студенттер қатысып, сөз сөйледі.

 

 

Ағылшынша онлайн-конференция

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының профессор-оқытушылары 2015 жылдың 31- наурызында Алматы облысы Талдықорған қаласы №2 орта мектеп жоғары сынып бітірушілерімен «Идиомалық фразеологизмдер» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Кафедра ұжымы өткізген екінші шара. Бұл жолы аға оқытушы А.Айтмұхамбетова ағылшын тілінен тапсырмалар, тест сұрақтарын беріп, жауаптарын тексерді. Онлайн-конференцияға кафедра менгерушісі Ә.Тарақов, доценттер Л.Мұсалы, С.Сейденова қатысты.