Ғылыми лабораториялар

«Қазақ тілі: әлеуметтік және психолигвистикалық экспрерименталды» оқу зертханасы туралы

2001 жылдың қыркүйек айынан бастап филология факультеті жалпы тіл білімі кафедрасының жанынан «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолигвистикалық экспрерименталды» оқу зертханасы ашылып, өз жұмысын бастады.

Зертхананың кадр құрамы білікті мамандармен қамтылған.

Зертхана меңгерушісі: ф.ғ.д.,профессор Э.Д.Сүлейменова;

Зертхананың ғылыми алғаш жетекшілері: Альберт (Канада) университететінің профессоры Томсон Грегори мен ф.ғ.д., профессор Н.Ж. Шаймерденова.

Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:

«Қазақ тілі: әлеуметтік және психолигвистикалық экспрериментальды» оқу зертханасы:

а) Ғылыми-зерттеу жұмыстары тіл теориясы, салыстырмалы-тарихи тіл білімі салалары бойынша анықталып, жоспар бойынша жолға қойылған. Тіл теориясы саласында өзекті мәселелер болып табылатын әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы, лингвомәдениеттану, мәдениаралық қарым-қатынас, тілдің прагматикалық мәселелері мен сөйлеу актілерінің теориясына, лингвистика метатіліне және қолданбалы лингвистика саласында сот-лингвистикалық сараптама тұрғысында ғылыми ізденістер орын алуда.

ә) Тілдер қызметін әлеуметтік лингвисикалық зерттеу, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, оның қызмет ету салаларын зерттеу, сондай-ақ әлеуметтік тіл білімі мәселелері – тіл және төзімілік; тілдік сана; қостілді қоғамда тіл таңдау мәселелері т.с.с. қарастыру;

б) Қолданбалы лингвисика тұрғысынан тілді меңгеру мен қолдану мәселелері, индивидтің тілдік қабілетін психолингвистикалық тұрғыдан зерттеу. Негізінен, зерттеулер қазақ тілін игерудің өзекті мәселелерін қарастыруға бағытталған;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, оның қызмет ету салаларын зерттеу, сондай-ақ әлеуметтік тіл білімі мәселелері – көптілділік, тіл және төзімділік; тілдік сана; қостілді қоғамда тіл таңдау мәселелері т.с.с. қарастыру барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде Қазақстан ғылымы мен қазақ тіл білімі үшін маңызды, сондай-ақ мемлекеттік мәні зор – тілдік жағдай, тілдік саясат, тілдік идеология мәселелері шешімінде өте құнды болып табылатын келесі еңбектері ерекше атап өтуді қажет етеді:

ҚР Ғылым қорының қаржыландыруымен 2007-2009 жылдарға жоспарланған “Мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғам дамуының тұрақты негізі ретінде мемлекеттік сәйкестілік үрдісіндегі ұлттық идеяның негізгі құрамдас бөлігі” гранты жеңіп алынып, осы ғылыми-зерттеу жобаға кафедра меңгерушісі проф. Э. Д. Сүлейменова басшылық етуде. Аталған ғылыми-зерттеу жобасы бойынша кафедра оқытушыларынан доц. Л. М. Шайкенова, доц. Ж.Қ. Ибраева және аспиранттар Г. Қойшыбекова, Ж. Күзембекова жұмыс істеуде. Аталмыш жоба бойынша 2008 ж. 5-6 желтоқсанда “Мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғам дамуының тұрақты негізі ретінде мемлекеттік сәйкестілік үрдісіндегі ұлттық идеяның негізгі құрамдас бөлігі” Республикалық семинары өткізілді.

● ҚР Ғылым қорының қаржыландыруымен 2009-2011 жылдарға жоспарланған «Қазақ тілінің лексикалық бірліктеріндегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы және лемматизациясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы жобасы гранты жеңіп алынып, осы ғылыми-зерттеу жобаға кафедра меңгерушісі проф. Э. Д. Сүлейменова басшылық етуде. Аталған ғылыми-зерттеу жобасы бойынша кафедра оқытушыларынан доц. Л. М. Шайкенова, доц. Ж.Қ. Ибраева, доц. А.Қ.Таусоғарова, доц. М.Қ.Мамбетова және зертхананың оператор-әдіскері Н.Исмайлова жұмыс істеуде.

● 2008 жылы әлеуметтік тіл білімі саласында проф. Э.Д.Сүлейменованың редакциялық басшылық етуімен «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі» жарық көрді және сөздік филология факультетінде оқытылатын мамандықтардың оқу үдерісіне енгізілді, үлкен сұранысқа ие сөздік ретінде танылып отыр.

● Қазақ-орыс бала қостілділігінің мәселелерін психолингвистикалық тұрғыдан зерттеу жалғасын табуда. Зерттеу Қазақстанда баланың тілдік қабілетінің дамуы кезінде қазақ және орыс тілдері құбылыстарының арасындағы тәуелділік туралы тұжырым жасауға әкелуде. Қазақ-орыс бала қостілділігін талданылған төлтума сауалнаманың, эксперименталды зерттеуге арналған әдістемелердің қолданылуы аталған мәселелерді аса құнды зерттеу етіп танытады. Жұмыс нәтижесінде халықаралық және республикалық басылымдарда жалпы тіл білімі кафедрасының докторанты Ә.Қ.Шаяхметтің бірқатар мақалалары жарияланды.

● Қазақстанда мемлекеттік тілдің қызмет етуіне байланысты мәселелерді зерттеу жалғасуда. Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық конференциялардағы Э.Д.Сүлейменованың баяндамаларында көрініс тапты.

● Профессор Э.Д.Сүлейменованың басшылық етуімен істеп жатқан «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолигвистикалық экспрериментальды» оқу зертханасында ғылыми зерттеулер барысында нақты нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізуде маңызды DMASTER (DMDX), CLAN, SPSS, PRAAT компьютерлік бағдарламаның іске қосылуына өзі ұйытқы болды.

Негізгі ғылыми жетістіктер:

«Қазақ тілі: әлеуметтік және психолигвистикалық экспрериментальды» оқу зертханасының ғылыми жұмысының бағыттар бойынша келесі нәтижелерді көрсетуге болады:

● Лаборатория меңгерушісі проф. Э.Д.Сүлейменованың Қазақстан ғылымы мен қазақ тіл білімі үшін маңызды, сондай-ақ тілдік жағдай, тілдік саясат, тлдік идеология мәселелері шешімінде өте құнды болып табылатын келесі еңбектері ерекше атап өтуді қажет етеді: 2007-2009 жылдарға жоспарланған ҚР Ғылым қорының қаржылануымен «Мемлекеттік тіл – қазақстандағы қоғам дамуының тұрақты негізі ретінде мемелекеттік сәйкестілік үрдісіндегі ұлттық идеяның негізгі құрамдас бөлігі» грантын иемденіп, осы ғылыми-зерттеу жобаға басшылық етуде.

● Профессор Э.Д.Сүлейменованың және басқа да авторлардың бірлестігімен әлеуметтік лингвистика мәселелерін кеңінен қамтыған «Языки народов Казахстана» атты еңбек 2008 жылы «Арман» ПВ баспасынан жарық көрді.

● 2001 жылдан бері дәстүрлі Аханов оқуларының халықаралық конференциясы өткізіліп, конференция материалдары жинақ түрінде жарық көруде;

● «Мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғам дамуының тұрақты негізі ретінде мемлекеттік сәйкестілік үрдісіндегі ұлттық идеяның негізгі құрамдас бөлігі» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

● Қазақ-орыс бала қостілділігінің мәселелерін психолингвистикалық тұрғыдан зерттеу жалғасын табуда. Зерттеу Қазақстанда баланың тілдік қабілетінің дамуы кезінде қазақ және орыс тілдері құбылыстарының арасындағы тәуелділік туралы тұжырым жасауға әкелуде. Қазақ-орыс бала қостілділігін талданған төлтума сауалнаманың, эксперименталды зерттеуге арналған әдістемелердің қолданылуы аталған мәселелерді аса құнды зерттеу етіп танытады. Жұмыс нәтижесінде халықаралық және республикалық басылымдарға бірқатар мақалалар жарияланды.

● Қазақстанда мемлекеттік тілдің қызмет етуіне байланысты мәселлерді зерттеу жалғасуда. Зерттеу нәтижелері халықаралық республикалық конференциялардағы баяндамаларда көрініс тапты.

● Психолингвистикалық бағытта лаборатория ғылыми іс-әрекетімен өзіне әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен осы арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

● 2008-2009 оқу жылынан бері “Тіл таным” психолингвистикалық үйірмесінің сабақтары өткізілді. Үйірме мүшелері аспирант, магистрант, студенттер тарапынан психолингвистика саласы бойынша жүргізілген зерттеулерді үйлестірді; бітіру және диссертациялық зерттеулерге көмек ұйымдастырды; үйірме алдында тұрған негізгі міндеттер өз шешімін тапты:

1. Ғылым ретінде психолингвистиканың даму тарихын зерттеу;

2.Психолингвистиканың әр түрлі бағыттары бойынша психолингвистикалық талдау мәселелері тұрғысдағы әдебиеттерді іздестіру;

3.Түрлі эксперименталды әдістерді, компьютерлік эксперименталды бағдарламаларды диссертациялық, сондай-ақ бітіру жұмыстары бойынша зерттеулерге пайдалануды үйрету;

4.Жас ғалымдардың қазіргі психолингвистика салалары бойынша орындалатын жеке зерттеулеріне арнайы үйірме мәжілістерін өткізу;

5. Басқа жоғары оқу орындарының аспиранттары, магистранттары және студенттерімен тығыз байланыс орнату.

● Тілдік сана мен тілдік өзіндік сананы зерттеу психолингвистикалық эксперименталды зерттеу әдісінің көмегімен жүргізіледі. Билингв пен монолингвтердің тілдік санасы мәселелерінзерттеуге байланысты зертханада талданған төлтума сауалнамалардың көмегімен эксперименттер сериясы өткізілді. Талдамалар негізінде тілдік сана мен өзіндік сана мәселлерін зерттеуге орай аталған мәселенің жеке жайларын қарастыру қолға алынуда.

● Тілдік сананың сол қоғамда, сол этникалық топта өмір сүріп отырған халық санасында ұлт мәдениетімен, менталитетімен астастырып жатқаны рас. Олай болса, Қазақстан көп тілдерді қамтыған этникалық топты мемлекет. Сондықтан да ұлт тілімен, қазақ тілімен қатар басқа тілдердің де өмір сүруі заңдылық. Қазақстанда қазіргі кезде тілдер бейтарап өмір сүруде. Әсіресе, орыс тілінің дамуына, сан жылдар бойы қалыптасу үрдісіне ұлт тілі толерантты көзқараста. Бұған Қазақстанда орыс тілінің қазақ тілімен қатар қмір сүруі дәлел бола алады. Осындай қоғамда қазақ тілі және орыс тілі стереотиптерінің қалыптасуы заңдылық болып табылады.

● Қазақ тілін тиімді оқыту қағидаларын анықтау бағытындағы жұмыстар Э.Д. Сүлейменова мен Г. Томсонның кірісуімен жалғасуда.

Э.Д. Сүлейменова жетекшілігіндегі магистрлік, кандидаттық, докторлық зерттеулері төмендегідей компьютерлік бағдарламаларды пайдалануда:

  • · DMASTER (DMDX) және ePRIME реакция уақытын өлшеп тұратын эксперименттерге арналған. Бұл компьютерлік бағдарламалар психолингвистикалық талдаудың көптеген салаларында жемісті қолданылуда: екінші тіл ретінде оқытылатын қазақ тілінің грамматикалық категорияларын меңгерту мәселелерін зерттеуде; қазақ тілінің лексика-семантикалық өрісінің ассоциативтік нормаларын ағылшын тілімен салғастыра зерттеуде; қазақ-орыс және орыс-қазақ қос тілділігі кезінде тілдердің бірінің басымдылығын, сонымен бірге индивидте сол немесе басқа тілдің басымдығы жағдайында кодтардың ауысуын зерттеуде; қарым-қатынастың бейвербалды құралдарын психолингвистикалық талдауда, менталды лексикон құрылысы мәселелерінде, қазақ және орыс тілдерінің ассоциативтік өріс бірліктерінің арақатынасы мәселелерінде, әлемнің перцептивтік түсінігі мен оның түрлі социумның тілдік санасында көрініс табу мәселелерінде, форма тұрғысынан менталды лексикон бірліктері байланыстарын өзектендіру мәселелерін зерттеуде пайдаланылады.
  • · CLAN  бала тілін талдауға арналған бағдарлама. Ол баланың қазақ-орыс қос тілділігін зерттеу үшін пайдаланылады.
  • · VARBRUL  әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерге арналған. Бағдарлама қазақ тілінің өміршеңдігі мәселелерін, Қазақстандағы тілдік Ренессанс саясатын, тілдік идеологияны, Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістердің құралы ретінде тілдік жоспарлауды зерттеуде, Қазақстанның білім беру саласындағы тілдік жоспарлау мәселелерін, сондай-ақ тілдердің өзара ықпалдастығы, жас мөлшері тұрғысынан жіктелімнің тілдегі көрінісі, әлеуметтік лингвистикалық факторлардың интонацияның қолданылуы мен мағынасына ықпал етуі мәселелерін, қоғамның әр түрлі таптарына жататын тілді тұтынушылардың тіліндегі әлеуметтік ерекшеліктерді зерттеуде, тілдің жыныс-жас сипаттарына орай әлеуметтік жіктелетіндігі мәселелерін зерттеуде пайдаланылады.
    • · STATVIEW және SUPERANOVA, SPSS  статистикалық зерттеулерге арналған. Бұл бағдарламалар әлеуметтік лингвистикалық, сондай-ақ психолингвистикалық зерттеулерде қолданыла алады.
    • · SIL Phonetics Package  фонетикалық зерттеулерге арналған. Эксперименталдық бұл бағдарламаның форма тұрғысынан менталды лексикон бірліктері байланыстарын өзектендіру мәселелерін зерттеуде қолданылуы өте маңызды болып табылады. Психолингвистика мен әлеуметтік лингвистика бойынша зертханада жүзеге асырылатын зерттеулерге жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары, ізденушілері, аспиранттары, тағлым алушылары, магистранттары мен студенттері қатысады.

ҒЗЖ-ның материалдық жабдықталуы

Зертханада компьютер, принтер, қабырға сөресімен жабдықталған.

Ғылыми шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың еңбектерімен толықтырылған;

Енгізілген компьютерлік бағдарламалар:

DMASTER (DMDX) – эксперименттегі уақытты өлшеу үшін;

CLAN – балалар тілінің анализін жасау үшін;

VARBRUL - әлеуметтік зерттеу үшін;

STATVIGW / SUPERANOVA – статистикалық зерттеу үшін;

EPRIME – эксперименттегі реакцияның уақытын өлшеу үшін;

SPSS – статистикалық анализ жасау үшін;

SILPHONETICS PACKAGE – фонетикалық зерттеу үшін.

Зертхананың негізгі атқарылып жатқан жұмыстарына ғылыми семинарлар, конференциялар мен симпозиумдар қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылуда.