Кафедра өмірі

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасы 1950 құрылған. Кафедраның ғылыми-зерттеу дәстүрлері мен педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары кафедрада әр түрлі жылдары еңбек еткен көрнекті ғалымдардың ықпалымен қалыптасты. Бүгінгі таңда кафедрада 5 ғылым докторы, профессор, 16 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы дәріс оқиды. Кафедра университет көлемінде өткен байқауда “Ғылыми жетістіктері” үшін үздік кафедра атағын жеңіп алды.