Халықаралық қызмет

Кафедраның ұзақ жылдар бойы берік орнатқан халықаралық байланыстары ғылыми қатынастарды тиімді, нәтижелі етуге және халықаралық ынтымақтастықты әр түрлі бағыттар мен формаларда дамытуға көмектеседі. Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жинақтай келе төмендегідей көрсетуге болады:

Халықаралық ғылыми гранттар халықаралық ғылыми және ғылыми- әдістемелік байланыстарды, ғылыми зерттеулерді үйлестіруді нығайтуға айтарлықтай дәрежеде ықпалын тигізеді:

1) Интернетке арналған қазақ тілінің модулін жасау бойынша халықаралық жоба. Жоба жетекшісі - проф. У.Фиерман (Индиана университеті, АҚШ). Жобаны орындауға ACTR/ACCELS (Алматыда офисі бар), Чикаго университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (проф. Э.Сүлейменова), Қазақ мемлекеттік заң академиясы (проф. К. Қадашева) қатысты. 1999-2003 жж. ішінде 11 модуль жасалды, оларды http://www.cenasianet/org адресі бойынша табуға болады.

2) "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" жобасы үшін ИНТАС (International Association for the promotion of co-operation with scientists from NIS) гранты.

3) "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" Халықаралық жобасы INTAS-96-0073 (ИНТАС - International Association for the promotion of cooperation with scientists from NIS); үйлестірушілер - Х.Бушотен (Нидерланды) және Л. Йохансон (Германия). Құрастырушылар - Э.Д. Сулейменова, Р.А. Авакова, Г.Б. Мәдиева.

4) Түркия Мәдениет министрлігінің "YENI TYRKIYE" ("Түркілер") жобасы шеңберінде зерттеу аяқталды. Жобаны үйлестіруші Х.Д. Акараджа (Анкара, Түркия). Жоба 2001 ж. бойы орындалды, проф. Э. Сүлейменова мен доцент Р. Авакова орындаған зерттеу нәтижелері тарау түрінде 19 томдық түрік тіліндегі "YENI TYRKIYE" және 6 томдық ағылшын тіліндегі шығармаға енгізілді (Анкара, 2002).

5) Екі аудиокассетасы мен бір видиокассетасы бар бес кітаптан тұратын “Казахский язык. Қазақ тілі” оқу кешенін шығаруға арналған грант (Авторлары - Э. Сүлейменова, К. Қадашева, Д. Ақанова. – Алматы: Жібек жолы, 1996 (жалпы көлемі 65 б.т.).

6) “Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігін” шығаруға арналған грант (Алматы, 1998). Сөздіктің көлемі - 49,5 б.т. (Авторлары - Э.Д.Сүлейменова, Г.Б. Мәдиева, Н.Ж. Шаймерденова, Р.А. Авакова, А.Ш. Аймағамбетова, Е. Саурықов, Г. Нұрсүлейменов, А. Құрышжанова, З. Кузекова, А. Шаяхметова, Ж. Смағұлова, М. Досанов) және т.б.

Халықаралық кәсіби ұйымдарға қатысу тығыз ғылыми қатынастарды жақсартуға, біздің ғалымдарымызды ортақ ғылыми кеңістікке енуіне, дер кезінде ақпараттануына көп септігін тигізеді:

  1. Кафедра оқытушыларының бастамасымен ұйымдастырылған Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының қазақстандық ассоциациясы МАПРЯЛ-ға ұжымдық мүше ретінде кіреді. 2000 жылдан бастап "КАЗПРЯЛ бюллетені" шығарыла бастады, МАПРЯЛ аясында жылсайын ғылыми конференция өткізіледі: "Русский язык в социально-культурном пространстве ХХ1 века" (2001); "Психолингвистика и социолингвистика: современное состояние и перспективы (2003); "Диалог языков и культур" (2005); "Язык и идентичность" (2006); "Язык и толерантность" (2007); "Полилингвизм: язык – сознание – культуры" Ахановские чтения (2008); қазіргі лингистиканың өзекті мәселелері бойынша Халықаралық семинарлар өткізіледі: "International Working Conference "Language and Literacy: Methodological Approaches" Language Center, Kazakhstan Institute of Management, Economics and Strategic Research, (Almaty, 2008); "Корпусная лингвистика и корпус русского языка" (2008) және т.б.
  2. Проф. Э. Сүлейменова МАПРЯЛ Президиумының мүшесі болып табылады, Президиумның жыл сайынғы мәжілістеріне қатысады (Братислава 1999; Будапешт 2000; Вашингтон 2001; София 2002; Амстердам 2003; Санкт-Петербург 2003; Москва 2004; Пекин 2006; Шанхай 2008), бұл Қазақстанда жүргізілетін ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулерді үйлестіруге, ғалымдардың МАПРЯЛ-дың Халықаралық конгрестері мен конференцияларына қатысуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
  3. Э.Д. Сүлейменова INTAS (International Association for the promotion of co-operation with scintists from the New Independent States of the former Soviet Union) Кеңесінің ғалым мүшесі және сараптаушысы.
  4. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті Базалық ұйымы жанынан ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің тіл және мәдениет жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрылған сәтінен бастап (мамыр, 2001 ж.) проф. Э.Д. Сүлейменова оның мүшесі болып табылады. ТМД қатысушы мемлекеттерінің қалыптасып келе жатқан еңбек нарқының интеграциялық экономикалық дамуының қажеттіліктерін ескере отырып, ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және кадрлық қамсыздандыру мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің ұсынысына сәйкес Қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңес қызметінің әсіресе филология факультеті үшін маңызды бағыты жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға ықпал етуі болып табылады (келесі оқу жылынан бастап ағылшын тілі оқытушыларын МГЛУ-ға біліктілігін көтеруге жібере аламыз деп үміттенеміз).

Кафедра ғылыми және педагогикалық халықаралық байланыстарды қолдауды жалғастырып келеді. Шетелдік ғалымдарды докторлық және кандидаттық диссертацияларға оппонент болуға шақыру қаржылық қиындықтар туындататыны белгілі. Осыған қарамастан ресми оппонент ретінде белгілі социолингвист профессор А.О. Орусбаева (Қырғызстан, Бішкек); проф. А.М. Карапетьянц (М. Ломоносов ат. ИСА МГУ), проф. Т.Тань-Аошуань (М. Ломоносова ат. ИСА МГУ), проф. В.И. Аннушкин и В.А. Мамонтов (А.С. Пушкин ат. Институт, Мәскеу), проф. Е.Ю. Протасова (Хельсинки университеті, Финляндия), проф. А.А. Залевская (Тверь университеті) және т.б.

Кафедра оқытушылары Қытай, АҚШ, Түркия жоғары оқу орындарында жұмыс істеді, Чехия, АҚШ-та оқыды, АҚШ, Қытай, Түркия, Венгрия, Словакия, Словения, Болгария, Нидерланды, Германия, Финляндия, Чехия, Польша, Украина, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. Халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аспиранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік етуден де көрінеді: проф. А.С. Аманжолов, Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, доц. Р.А. Авакова, Г.Б. Мәдиева және т.б. Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Германия, Испаниядан келген аспиранттардың ғылыми жетекшісі және кеңесшісі болды. Бұл жұмыс формасы басқа да сипат алып отыр. Альберт университетінің (Канада) профессоры «Қазақ тілі: психолингвистикалық және социолингвистикалық зерттеулер» атты лабораторияның штаттан тыс ғылыми кеңесшісі болып табылатын және біздің магистранттар, стажерлар мен докторанттардың сараптамалық зерттеулеріне жетекшілік ететін профессор Г. Томсен билингв сөйлеуін тану және синтездеу бойынша (Б. Мұрзалиева), балалардың тілдік қабілетінің онтогенезі және балалар қостілділігі бойынша (А. Шаяхметова), сөздердің лексикалық варианттарын таңдаудағы парафазиялар бойынша (М.Акберди), қазақ тілінің септік парадгигмасын меңгеруді психолингвистикалық зерттеу бойынша (Б.Уатаева) психолингвистикалық сараптамаларды жүргізуді және т.б. үйлестірді.

Халықаралық ынтымақтастықтың басқа формалары лекция оқу үшін шетелдік ғалымдарды шақырумен де сипатталады: Г. Томсен (Канада), С.Оде (Нидерланды), А. Мустайоки (Финляндия), У. Фиерман (США), В.И.Аннушкин, В.А. Мамонтов (Мәскеу), И.И. Залевская (Тверь), Е.Ю.Протасова (Финляндия) және т.б.; ғылыми-әдістемелік ықпалдастықпен ("Русский язык в диаспоре: проблемы сохранения и преподавания" (Мәскеу); "Русский язык в Кыргызстане" (Бішкек) атты ұжымдық монографиялар шығаруға қатысу және т.б.;) ғылыми жедел ұйымдастыру және басқа ақпарат алмасуға байланысты.

Осылайша жалпы тіл білімі кафедрасы филологтарды дайындау дәстүрін сақтап келеді. Әрине, соңғы үш жылда Мемлекеттік стандарттар мен типтік жоспарлар айтарлықтай өзгерді, мамандықтар номенклатурасы өсті, бакалаврлар мен магистранттар дайындауды жүзеге асырыла бастады, жаңа жұмыс әдістері пайда болды. Тек жұмысқа деген адал қатынас, өзіне деген жоғары талап, шығармашылық бастама, достық қолдау, университеттік білім мен ғылымның барлық мүмкіндіктерін ашуға ұмтылу - бұлардың барлығы жалпы тіл білімі кафедрасын Тіл құпиясын шешуге ұмтылғандардың Үйіне айналдырады.