Әлеуметтік-тәрбие жұмысы

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасындадағы тәрбиелiк жұмыс университетіміздің тәрбиелiк жұмыс тұжырымдамасымен сәйкес ұйымдастырылған.

Мәдени-тәрбиелiк жұмыс тiкелей отан сүйгiштiкке, оқу-еңбек сүйгіштікке және мәдени-эстетикалық тәрбиеге негізделе отырып, студенттермен және топпен сабақта немесе сабақтан тыс уақытта жүргiзiледi. Кафедраның тәрбиелiк жұмысының негiзгi компоненттерi шығармашылықты, бәсекелесттікке қабілетті, зиялы, үзіліссіз шығармашылық тұрғыда өздігінен дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Күнделікті оқу-тәрбиелiк жұмысты жүзеге асыру үшiн эдвайзер институты жүзеге асырылады. Оқу мерзімі бойы эдвайзерлер студенттермен білім беру бағдарламасын меңгеруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын жүргізеді.

Университеттің әр жылғы оқу жылының жоспарына сәйкес студенттерді қоғамдық қызметке белсенді ынталандыруға бағытталған жан-жақты жұмыстар жүргізіледі; сапалы бiлiм алу идеяларын насихаттау; дербес жауапкершiлiктi қалыптастыру; белсендi азаматтық позициясын көтеру; позитивтi құндылықты бағыттарды дамыту; шығармашылық белсендiлiктi арттыру; ұйымдастыру қабiлеттiлiктерiн дамыту; салауатты өмiр салты туралы түсінікті қалыптастыру; рухани және физикалық тұрғыда өздігінен жетiлдiрудi дағдыландыру; бiрлескен қауымдастықтың сезiмiн қалыптастыру.