Студенттерге ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат

Университетте еркін ғылыми ізденіс атмосферасын құруда ғылыми идеялар, пікірлер, шешімдер сайысын ұйымдастыру – ҒЗЖ және СҒЗЖ жүйесінде зерттеу үдерісінің негізгі принциптері осы болып табылады. Жоғары мектептегі іргелі және ізденушілік зерттеулерді дамыту үшін жаңа қолайлы құрылым қажет – «СҒЗЖ – ЖОО-дағы ғылым».

Студенттердің ғылыми шығармашылығын дамыту мен олардың интеллектуалды потенциалын жетілдіру мақсатында жалпы және этникалық педагогика кафедрасы студенттерді ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жиі араластырады. Жыл сайын Ғылым күнін атап өту мақсатында сайыстар ұйымдастырылып тұрады.

  • 2009 – Талантты жастар – Қазақстан болашағы студенттер және оқушыларға арналған сайысы.

  • 2010 – студенттердің ғылыми және шығармашылық жұмыстарының сайысы.

  • 2011 – студенттер және магистранттардың оқу, ғылыми және шығармашылық фильмдер сайысы.

  • 2012 – «Ғылым әлеміндегі нық қадамдар» сайыс және т.б.

Сайыстың негізгі міндеттері төмендегідей:

  1. еркін ғылыми ізденіс атмосферасын құруда ғылыми идеялар, пікірлер, шешімдер сайысын ұйымдастыру;

  2. кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарына сәйкес студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыру;

  3. студенттердің жеке даралық және ұжымдық шығармашылық дағдыларын дамыту;

  4. студент жастардың мүмкіндігін ғылыми жетістіктерді тәжірибеде қолдану;

Студенттердің ғылыми жұмыстары сайысы – жоғары мектептің ғылыми өмірінің демократизациясының белгісі, өскелең ұрпақтың интеллектуализация идеяларының жүзеге асу мүмкіндігі.

Студенттің ғылыми жұмысы алынған нәтиженің объективтілігімен, жүзеге асуымен, дәйектілігімен, нақтылығымен сипатталуы керек. Ғылыми қорытындылардың объективтілігі мен сенімділігі зерттелуші үдерістер мен құбылыстардың мәнін түсінуге жалпы тұрғыдан келумен тәуелді.

Аталған сипатталармен қатар ғылыми сайыстар жұмысына келесідей талаптар қойылады:

  • студенттің таңдаған зерттеу бағыты аймағында өзекті мәселенің ғылыми зерттеулерін өзбетінше ұсына білу қажет (педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық және т.б.);

  • студенттің теориялық жіне тәжірибелік дайындығының қажетті деңгейде сипатталуы;

  • қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процесстерді сараптау мен теориялық меңгеру қабілетін көрсете білу, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану және айғақтарды қолдана отырып ғылыми қортындыларды өзбетінше жасау;

  • нәтижелерді қолданудың болашағы мен практикалық мәнін кейінгі ғылыми зерттеулерде қолдану;

  • өз еңбегін қорғауда нақтылығымен, бірізділігімен ерекшелену, тақырыбы бойынша келеңсіз жағдайлар туындамас үшін мәселе туындаған жағдайда тез шешім қабылдай білу қабілеті.