Жалпы мәліметтер

Журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы 2011 жылы құрылды және университет жүйесінде журналистік жоғары білімді мамандарды даярлауда негізгі кафедра болып табылады. Кафедраны саяси ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Сұлтанбаева басқарады.

Кафедрада теория мен тәжірибеден дәріс беретін оқытушылардың жоғары кәсіби ұжымы қалыптасты. Мұнда тәжірибелік журналистикамен белсенді айналысатын ғылыми атағы және дәрежесі бар оқытушылар еңбек етеді. Журналистика факультетінің студенттері арасында жүргізілген әртүрлі сауалнамалардың қорытындысы бойынша кафедра оқытушылары өзгеріссіз басты орындарды иеленіп келеді. Кафедра пәндерінің сабақтары көптеген нақты және көрнекі материалдарды қолдана отырып жүргізіледі. Дәріс жүргізушілер қорында бакалавриатура мен магистратурада оқытылатын материалдардың саналуан пішіндері бар.

Кафедра бойынша «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистика негіздері», «Телевизиялық журналистика», «Ақпараттық журналистика», «Мультимедиялық интернет-журналистика», «Публицистік шеберлік негіздері», «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі», «Публицистің шығармашылық шеберханасы», «Мерзімді баспасөздің теориясы мен методикасы», «Фотожурналистика», «Блогтық журналистика» және т.б. арнаулы және элективтік пәндер оқытылады.

1.1 Кафедраның мамандандыруы, қызметі, міндеттері

Кафедраның мамандандыруы – газет және журналдардағы әдеби қызмет, интернет-басылымдардағы, телевизиялық және радиожурналистикадағы жұмыстар. Маманды кәсіби дайындауда - негізгі көңіл бөлінетіні тақырыпты қалай таңдай білу керектігі, оны саналуан міндеттерге байланысты әртүрлі жанрда дамыту, мәтінді редакциялаудың, газет макетін жасаудың қыр-сырын үйрену және безендірудің қыр-сырын білу, редакцияны басқару, жаңа технологияларды меңгере білу, сондай-ақ сұранысқа ие баспа басылымдарын шығарып, оларды өтімді бағаға сата білумен айналысу.

Соңғы жылдары интернетке айтарлықтай мән беріле бастады және интернет-басылымдардың республика аумағында саны ұлғайды, осыған байланысты кафедра Интернет-журналистика бойынша мамандық ашты және қазіргі кезде газет-журналдардың виртуалды нұсқаларын дайындаумен байланысты бірқатар пәндер оқытылады.

Заман талабына сай БАҚ-ына бәсекелестік өсіп отырған жағдайда мамандарды даярлау сапасын одан әрі жетілдіре беру қажет. Бұл шапшаң өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделе алатын журналистердің жаңа буыны болу керек. Мамандар даярлаудағы негізгі критерий кафедра түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін және еңбек нарығында олардың сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете алатын жоғары кәсібилігі шарт.

Осылайша, кафедра миссиясы – БАҚ-қа қазіргі элиталық жоғары білімді, еліміздің қарқынды дамуында проблемаларды шешуге бағытталған жоғары кәсіби мамандар даярлау.

Міндеттері:

- оқытудың жаңа тәсілдерін, кредиттік технологияны және т.б. қолдана отырып, қазіргі білімнің жаңартылған тәсілдерін іске асыру;

- кафедра оқытушыларының педагогикалық және журналистік шеберліктерін жетілдіру, түрлі семинарлар, тренингтерге қатысу, КЖИ курстары мен үйренуден өту;

- әр түрлі деңгейдегі ғылыми нәтижелерге зерттеулер мен негізгі және қолданбалы ғылыми жобалардың конкурстарына қатысу және осы нәтижелерді оқу процесінде белсенді қолдану;

- студенттерді патриотизм, Қазақстан азаматының жоғары ұнамдылық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында университет, факультет және кафедраның қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

1.2 Кафедрада оқыту

«050504 – Журналистика» мамандығының аясында мынадай мамандықтар іске асырылады: телевизия және радиожурналистер, телевизия және радиоэфир жүргізушілері, газет және журнал тілшілері, саяси шолушылар, интернет-журналистер, публицист-зерттеушілер, журналист-экономистер, журналист-құқықтанушы, спорт шолушылары, БАҚ-тың әдеби қызметкерлері.

Оқыту барысында оқытушылар студенттерді тиянақты ақпаратты іздеу мен жариялауға, ойдан шығарылған дүниелерді, өсек, дәлелсіз бақылауға қарсы тұру немесе одан аулақ болу, сайлаушыларды ақпараттандыру, өкілдер мен қоғамдық ұйымдардың әрекеті мен әрекетсіздіктерін тиянақты зерттеу, бизнес әлемін зерттеу, адал адамдардың өмірін жеңілдету мен адалдықтан алыс, ниеті таза емес адамдарды мазасыздандыру өз дауысын жеткізе алмайтындарға көмек көрсету, қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсете алатын қоғамның айнасы болу, әділеттік жолында қызмет ету, еркін ой-пікір алмасуға дағдылану.

Ақпарат нарығындағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты кафедрада жеке білім берудің траекториясы төмендегідей кесте бойынша ұсынылады:

«5В050400 - Журналистика» мамандығы кафедрасында БАҚ-ына мына мамандықтар бойынша мамандар даярлау жүзеге асады:

Жаңалықтар журналистикасы – газет-журналдардағы ақпарат бөлімдеріндегі әдеби жұмыс.

Іскерлік журналистика – бизнес басылымдар, экономикалық апталықтар, экономика-бизнес тақырыбындағы, еліміздің және шетелдердің іскерлік өмірін көрсететін арнайы газет-журналдардағы әдеби және талдамалы жұмыс.

Фотожурналистика – баспасөз және он-лайндық басылымдарға фотопублицистикалық материалдар даярлау жұмысы.

Интерент-журналистика – интернет-басылымдардағы әдеби жұмыс, блогтық журналистиканы дамыту.

Телевизиялық журналистика – интерактивті телевизия, жаңа сандық-ақпараттық және компьютерлік технологияны дамыту.

Жақын кезеңдердегі мақсаттар

- Кафедраның күшін сақтау, кафедраның мамандықтары мен мамандандыруы бойынша міндетті және элективті курстарды даярлау;

- Студенттердің мамандықтарға ықыласын арттыру, БАҚ-ғы сұранысқа ие қызметтерге олардың қызығушылығын қалыптастыру;

- Қазақстан Журналистика академиясының академиктерінің тәжірибе жұмыстарына тарту;

- Бұрынғы оқу курстарын өзекті және кредиттік жүйеде шоғырланған курстарға қайта қалыптастыру;

- Журнал және әдеби оқулықтарды шығару.

Алыс мақсаттар

Журналистер даярлаудағы қазіргі бағдарламалар менеджмент, продюссерлік, бағдарлама жасау, талдау, дизайн жасау аумағында материалдарды қажетсініп отырған қазіргі медиа нарықтың талаптарына барынша жауап беруге тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарын, телевизияны, радионы, баспасөзді, интернет-порталдарды басқару бойынша жұмыс табуға сұранушылар санының көптігіне қарамастан осы аталған бағытта тиімді жұмыс істей алатын маман кадрлар жетіспейді. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының қызметі журналистика факультетінің бәсекелестік артықшылығын қаматамасыз ете алатын осындай кадрларды дайындауға бағытталатын болады. Бұл мамандықтар республикада бұрын болмаған және факультетке абитуренттер тартуда қосымша артықшылық бере алатын болады.

Жаңа мамандықтарда алдыңғы қатарлы баспа және электронды БАҚ радио-телекомпаниялардың басшылары мен белгілі журналистері кафедра оқытушыларымен тең дәрежеде жүргізілетін шеберлік сыныптар өткізу ерекше тірек болады. Дизайн жасау бойынша баспасөз лабораториясында және факультет компьютер кластарында да, сондай-ақ тікелей редакцияларда тәжірибе жұмыстарын айтарлықтай кеңейту көзделіп отыр.

Бакалавр даярлаудың әмбебаптығы қалыптасуда: студенттерге еңбек нарығында бәсекелестік өсіп отырған жағдайда өте маңызды болып табылатын медианың барлық түрі жұмыс дағдысының негіздері ұсынылады. Магистратурада журнализмнің, мерзімді басылымдардың ғылыми ғылыми негіздерін тереңдетіп оқыту және дизайнға байланысты тәжірибелік жобаларорындау жүргізілуі керек.

Осылайша көрсетілген бағдарламаларға байланысты мерзімді баспасөзге журналистер даярлаудағы қызмет мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

  1. Тележурналистика
  2. Радиожурналистика
  3. Баспасөз журналистикасы
  4. Іскерлік журналистика
  5. Фотожурналистика
  6. Интернет-журналистика
  7. Публицистика

Alzhanova.ppt