Спорттық өмір

Кафедраның оқытушылары салауатты өмірге белсенді түрде қатысады. Әртүрлі спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алады. Мәселен, профессор А.М. Ким үстел теннисі бойынша университет пен факультеттің құрама командасының мүшесі болып табылады. 2013 жылы 26 сәуірде болған (АҚШ) «Оңтүстік – Шығыстағы Огайода болған олимпиялық ойындарда» өткен ардагерлер жарыстарында 2 алтын медальды ұтып алды. Сонымен қатар, 2014 жылы 16 сәуірде үстел университеттегі жылдағы ардагерлер арасында өтетін үстел теннисі бойынша чемпионатта 1 дәрежелі диплом және алтын медаль ұтып алды. Кафедра оқытушылары университеттегі «Ректор кубогы» және «Денсаулық» атты жыл сайынғы спартакиадаларға да белсенді қатысады.