Академиялық алмасу бағдарламасы

Факультет БҰҰ, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан қорымен, Еуразия, Айрекс, Фулбрайт қорының өңірлік өкілдіктерімен, Америкалық журналистика факультеті оқытушыларының Ассоциациясымен, АҚШ Ақпарат агенттіктері және басқа да халықаралық бірлестіктермен тығыз байланыс жасайды. АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университеті, Солтүстік Каролина Дьюк университетінің саясат және демократия институты, Чаппел Хилл университеті, Мериленд университеті, Австралияның Квинленд университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, МХҚИ, РМГУ және Орталық Азия елдері университеттерінің профессорлары факультетте дәрістер оқиды.
1995 жылдан бері факультеттің 15 оқытушысы АҚШ-тың Оклахома Университетінде болып қайтты. Факультет оқытушылары шетелмен тәжірибе алмаса отырып, шетелдік жоғарғы оқу орындарында дәріс оқып қайтты.