Жұмысқа орналастыру

  Кәсіби қызметтің саласы. Маманның кәсіби қызмет саласына мемлекеттік және қоғамдық негіздегі медиа-коммуникациялық және зерттеу құрылымдары, қоғамдық өмірдің барлық салалары, экономикалық, саяси, ұйымдыстырушылық және әлеуметтік өмірдің қырлары, мемлекеттің, оның аймақтық және жергілікті құрылымдарының өмір сүруі мен дамуының проблемалары, адам мен қоғам өзара байланысының мәселелері, адамзаттың көкейтесті жайлары, экономикалық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және басқа да мәселелер жатады.

Кәсіптік қызмет объектілері

 журналистика факультетінің түлектері кәсіптік қызмет объектілері болып:

-  отандық және шетелдің баспа және электронды ақпарат құралдары;

-  отандық және шетелдік ақпарат агенттіктері, мемлекеттік және тәуелсіз органдардағы жаңалықтар қызметі;

-  отандық және шетелдік баспалар мен баспахана кешендері;

-  отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтері;

-  Қазақстандағы және шет елдердегі бұқарамен байланыс қызметтері мен оның құрылымдары;

-  Қазақстанның және шет елдердің саяси, социологиялық және маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдары;

-  жарнама агенттіктері;

-  желілік ақпараттық құрылымдар;

-   ойын-сауықтық қызметтер мен шаралар нарығы саналады.