Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 2011 жыл 25 ақпанда белгілі ғалым, педагог, жазушы, журналист – Қазақстандағы телевизия және радиожурналистика негізін салушы М. Барманқұловқа арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
«Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстелді дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» негізінде телевизиялық және радиожурналистика кафедрасы мен М.Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадиокешені өткізді.
Дөңгелек үстел барысында талқыланған негізгі тақырыптар:
Ақпараттық қоғам жағдайында электронды БАҚ-тың дамуы;
Ақпараттық қоғамдағы жаңа БАҚ-тың дамуы;
Қазақстандағы телекоммуникациялық индсутрияның дамуы: мобильдік телефония, Интернет-пайдалану, коммуникациялық желілер және қызметтер;
Қазақстанның 2015 жылға сандық хабар тарату форматына көшуі;
Қазақтілді Интернет-басылымдардың дамуы;
Дәстүрлі және жаңа медиа: жаһандану үдерісіндегі өзара әрекеттесу жолдары;
Сандық дәуірдегі электрондық журналист мамандарын даярлаудағы жаңа үндеулер мен жаңа талаптар;
Электронды БАҚ-тың жастардың рухани-мәдени өміріне ықпалы;
ҚР-дағы ақпараттық қоғамның дамуы: проблемасы және таяу болашағы
10. Әлемдегі ақпараттық қоғам: дамудың жаңа кезеңдері.
Дәстүрлі М. Барманқұлов оқулары аясында өтетін «Ақпаратты
қ қоғам жағдайындағы электронды БАҚ: ұлттық және жаһандық мәселелері, таяу болашағы» атты дөңгелек үстелге бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, қоғамдық коммуникация саласының танымал зерттеушілері қатысты.
Марат Кәрібайұлы Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы. Құрметті профессор республикалық газет-журналдарда және электрондық БАҚ-тың әр саласында қызмет істейтін журналистердің құрметті ұстазы.
Ғалым-ұстаз алғаш рет Қазақстанда журналистер арасында алғаш рет Интернет әлемінің маңызын, БАҚ-тың болашағы ғаламдық кеңістікте екенін атап кетті. Марат Барманқұлов бірнеше тарихи кітаптардың және журналистиканың теориясы мен тәжірибесіне арналған оқу құралдарының авторы. Ғалымның «Хан Иван», «Хрустальные мечты тюрков о квадронации» және басқа да (Марат Кәрібайұы 17 кітап жариялады) ғылыми-публицистикалық, тарихи-танымдық басылымдарын бүгінінгі жас ұрпақ та, зиялы қауым да аса қызығып оқиды.