Магистратура

Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты  бойынша  6N0703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы жұмыс жоспарлары бекітілген.

            Сондай-ақ, магистранттардың жеке оқу жоспары бұл жоспар оқыту бағдарламасының халықаралық стандартына сәйкес бекітілген. Магистрлік диссертация тақырыбы және ғылыми жетекшілері факультеттің ғылыми кеңесінде талқыланып ректордың бұйрығымен бекітіледі. Кафедра мәжілісінде жыл сайын магистранттар жасалған жұмыстары жайлы есеп беріп отырады (протоколдар  №5  9.11.08.,  №4  13.12.08.), магистрлік диссертацияны алдын-ала қорғау жұмысы қарастырылады   (протоколдар  № 8   25.03.09 ж., №9   14.04.09 ж., № 11  22.04.10ж.). Типтік жұмыс жоспарымен оқу жұмыс жоспары арасында  тексерістен өтті.

            Магистранттарды дайындау бағытында факультетте арнайы жабдықталған зерттеу лабораториялары және оқу базалары жұмыс істейді.

            Кафедрада ғылыми жобаларды зерттеу бағытында оқытушылар менеджер болып табылады:

1. Жүйелік компьютерлік аударудың  казақша-орысша (ағылшынша) және керісінше (менеджер У.А.Төкеев);

2. Ұйымдағы тиімді менеджмент жүйесі (менеджер Алимжанова Л.М.);

3. Электронды сату жүйесі (менеджер Тургенбаева Г.А.);

4. Аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүйесінің математикалық модельдерін құру. (менеджер Жомартова Ш.А.);

5. Корпоративті есептеуіш желілерінің қауіпсіздік жүйесі (менеджер Дуйсебекова К.С.);

6. Магистратурада дистанционды оқыту жүйесі. (менджер Бурибаев Б.Б.).

7. Іздеу жүйелері үшін алгоритмдерді талдау және құру  (жетекшісі - профессор Дюсембаев А.Е.)

             Жоба жұмыстарын құру үшін  кафедраның барлық мүшелері және студенттер, магистранттар, докторанттар қатыса алады.