Магистратура

  1. Магистратура

«6М010800 – Дене тәрбиесі және спорт» білімдік бағдарламасы 2010 жылы енгізілген. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада күндізгі бөлім формасында 2 жылдық мерзімде оқытылады.

«6М010800 – Дене тәрбиесі және спорт» магистратура бағдарламасы дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды фундаментальді ғылыми-педагогикалық бағытта, теориялық және қолданбалы мәнердегі білімге ие, кәсіби қажеттілігі жоғары және ғылыми-педагогикалық бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауға негізделген.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша магистрлер дайындау қазіргі таңда еліміздің ғылыми-педагогикалық профильдегі кадрлар дайындаудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Магистранттар терең теориялық білім алумен қатар, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмысқа дағдыландырылады, содай-ақ алдағы PhD докторлық диссертациясының бастамасы болып табылады.

Күзгі семестр пәндері:

  • § ЖОО және спорттағы дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық негізі
  • § Оқу процесін ұйымдастыру және оның әдістемесі

Көктемгі семестр пәндері:

  • § ДШжС ғылыми зерттеуін ұйымдастыру және жоспарлау
  • § Спорт түрлерінің теориясы, әдістемесі және тәжірибесі
  • § ДШжС оқытудың заманауи инновациялық технологиялары
  • § Спорттың және кәсіби-қолданбалы дене дайындығының негіздері
  • § Спорттың теорияы мен әдістемесі