Кафедраның тарихы

1934 жылы органикалық химия кафедрасы ашылды. Алғашқы 1934-1937 жылдары кафедра меңгерушісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, доцент И.М. Григоренко атқарды.

1938 жылы органикалық химия кафедрасын меңгеруге академик кіші, Николай Николаевич Ворожцов шақырылды. Ол кісінің жетекшілігімен А.Ш. Шарифқанов, Т.К.Шомбалов, К.А.Крупенникова және т.б, өздерінің кандидаттық диссертацияларын жасады.

1938 - 1942 жылдар аралығында (катализ және техникалық химия кафедрасы ашылмаған кезде) Д.В. Сокольский органикалық химия кафедрасының доценті болып жұмыс істеген.

1941 жылы кафедраның соғыстағы госпиталдарға наркозға арналған эфир өндірумен, противогаздарға фильтрлер жасаумен, соғыстағы уландырушы қосылыстарды заласыздандырушы заттарды дайындаумен соғысқа өздерінің елеулі үлестерін қосты, бұл жұмыстарды басқарған А.Ш.Шарифқанов болды.

1944 - 1947 жылдарда кафедра меңгерушісі қызметін химия ғылымдарының кандидаты, доцент И.Н. Әзірбаев атқарды. 1947 - 1971 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген, профессор Т.К.Шомбалов болды.

1971 - 1988 жылдары органикалық химия кафедрасын ҚазССР ҒА корр-мүшесі А.Ш. Шарифқанов басқарды, ал 1971 жылы жаңадан құрылған табиғи қосылыстар химия кафедрасын ҚазССР ғылымға еңбегі сіңген, проф.,Т.К.Шомбалов басқарды, ол кісі 1978 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді, содан кейін аз уақыт кафедраның меңгерушісі қызметін доцент Л.Т.Пашинина жүргізді.

1979 - 1995 жылдары табиғи қосылыстар химия кафедрасын профессор М.С. Ержанова, ал органикалы

қ химия кафедрасын 1988 – 1993 жылдары А.Ш.Шарифқановтың оқушысы: д.х.н., проф. Тоқмурзин К.Х., 1993 - 1996 жылдары – д.х.н., проф. Т.М.Төреханов басқарды.

1996- 2000 жылдар аралығында біріккен кафедраны х.ғ.д., профессор Ж.А.Әбілов басқарды, 2000 жылдан бастап кафедраны әр жылдары мына профессорлар басқарды: Ахмедова Ш.С. (2000-2002), Алимжанова С.Х. (2002-2003), Ержанов К.Б. (2003-2005), Бурашева Г.Ш. (2005-2009), ал 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін профессор Әбілов Ж.Ә. атқарады.

Кафедраның 75 жылдық мерейтойына орай

1963 жылдан бастап жоғарымолекулалық қосылыстар химия кафедрасы

Жоғарымолекулалық қосылыстар химия кафедрасы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде 1963 жылы ұйымдастырылған және Мәскеу мен Ленинград университеттерінен кейінгі аналогты профильді үшінші орынды кафедра болып саналады.

ҚР ҰҒА корр-мүшесі профессоры Б.А. Беремжанов (1954-1980 жж химия факультетінің деканы) кафедраның ұйымдастырылуына зор үлесін қосып, ҚР ҰҒА академигін,химия ғылымдарының кандидатын, ҚР ҒБМ химия ғылым Институтының директорын Б.А. Жұбановты кафедраның бірінші меңгеруші қызметіне шақырды.

Сол кезден бастап Б.А. Жұбановтың шығармашылық өмірі ЖМҚ химия кафедрасымен тығыз байланыс орнады. Кафедраның құрылуына полимер саласындағы атақты ғалым профессор С.Р. Рафиков айтарлықтай белсенділік көрсетті. Кафедраның құрылуынан оның дамуына

1971-1978 жж. кафедра меңгерушісі болған Е.М. Шайқұтдінов (ҚР ҰҒА академигі,1978-2000 жж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ректоры,қазіргі кафедра профессоры) кафедраның ұйымдасуынан оның дамуына зор үлесін қосқан. 1980-1989 жж. кафедра меңгерушісі қызметін атқарған Е.Е. Ерғожин (қазіргі ҚР ҰҒА академигі,ҚР ҒБМ ХҒИ дироекторы) кафедраның әрі қарай дамуында үлкен рөл атқарды. 1990 жылдан 2005 жылға дейін М.В. Ломоносов атындағы ММУ жоғарымолекулалық қосылыстар химия кафедрасының түлегі профессор З.С.Нұркеева кафедраны басқарды. Ал 2005-2011 жж. химия ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Мун кафедраның меңгерушісі болған.

Б.А. Беремжанов, Б.А. Жубанов, С.Р. Рафиков, Е.М. Шәйқұтдінов, Е.Е. Ерғожин, З.С. Нұркеева, Р.Г. Қаржаубаева, Ш.Х. Нұргожаева, Ш.Ш. Шаяхметов, О.Ш. Құрманәлиев, Н.И. Чугунова, М.К. Құрманәлиев, Р.Е. Легкунец, Г.А. Мун, Р.А. Абдыкалыкова, Б.Р. Таусарова, В.В. Хуторянский және тағы басқа ғалымдар кафедраның дамуына үлкен үлес қосты.

Әр түрлі жылдары кафедраны басқарған профессорлар


Ворожцов Н.Н.

1938-1944 ж. ж.

Әзербаев И.Н.

1944- 1947 ж. ж.

Чумбалов Т.К.

1947- 1971 ж.ж. ОХ аф.

1971-1979 ж.ж. ТҚХ каф.


Шәріпқанов А.Ш.

1971-1988 ж.ж. ОХ Каф.

Тоқмурзин К.Х.

1988-1993 ж.ж. ОХ Каф.

Ержанова М.С.

1979-1995 ж.ж. ТҚХ каф.


Әбілов Ж.А.

1996-2000, 2009-2013 ж.ж.

ОХ және ТҚХ каф.

Ахмедова Ш.С.

2000-2002 ж.ж.

ОХ және ТҚХ каф.

Әлимжанова С.Х.

2002-2003 ж.ж.

ОХ және ТҚХ каф.

Ержанов К.Б.

2003-2005 ж.ж.

ОХ және ТҚХ каф.

Бурашева Г.Ш.

2005-2009 ж.ж.

ОХ және ТҚХ каф.

Мун г.А. С

2013- осы уақытқа дейін

Жаңа біріктірілген органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химия мен технологиясы кафедрасы 2010 жылы ұйымдастырылған.

Кафедраның құрылуынан бастап 2013-2014 оқу жылына дейін кафедраны х.ғ.д., профессор,ҚР инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Әбілов Жарылқасын Әбдуахитұлы басқарды. Қазіргі уақытта органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Мун Григорий Алексеевич басшылық етеді.

Кафедраның профессор-оқытушылық құрамында (ПОҚ) 42 адам, соның ішінде 15 ғылым докторы (11 профессорлық ғылыми атаққа ие, 3 ҚР ҰҒА қазіргі уақыттағы мүшелері, біреуі - ҚР инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі), 18 ғылым кандидаттары, 3 философия докторлары.


Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының ұжымы (2013 ж)

27.03.2015 ж. – Петровск Ғылым және өнер академиясының мүшесі, х.ғ.д., профессор Ахмедова Шолпан Серікбайқызының атында аудиторияның ашылуы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті, 514 аудитория).

15.05.2015 ж. - ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Жұбанов атында аудиторияның ашылуы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті, 229 аудитория).

15.05.2015 ж. - х.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.А. Жұбановтың «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

2015-16 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін х.ғ.к., доцент Литвиненко Юлия Алексеевна атқарады.