Жалпы мәліметтер

 

MPcoat

 

   Кафедра 1990 ж. ҚазҰУ заң факультетінде Қазақстандағы «Халықаралық құқық» бағыты бойынша алғашқы заң ғылымдарының докторы М.А. Сәрсембаевтың ынтасымен құрылды. 1995 ж. бері кафедра халықаралық қатынастар факультетінің құрамында дербес «халықаралық құқық» мамандығының негізі ретінде қызмет етеді.

   Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 32 қызметкер, соның ішінде 2 заң ғылымдарының докторы, 15 кандидат, 5 PhD докторы, 10 заң магистрлері бар. Оқытушылардың көпшілігі шетелдік оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда оқу және біліктілікті арттыру тәжірибесіне ие бола, өз ғылыми қызығушылықтары саласында Қазақстандағы жетекші мамандар болып табылады. Кафедраның қызметкерлері халықаралық құқықтың түрлі салалары бойынша көптеген авторлық арнайы курстар, оқу құралдарын дайындаған.

   Кафедра БҰҰ және ЕҚЫҰ-ның ҚР-дағы Өкілдіктері, Қазақстандық Халықаралық Құқық Академиясы, Халықаралық және Еуропалық Заңгер Студенттер Ассоциациясы, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті сияқты ұйымдармен стратегиялық әріптестікті жүзеге асырады.

Мамандық студенттері бірқатар республикалық және халықаралық байқаулар, ғылыми конференциялар, ойын сот турнирларында қалыпты жоғары орындар алып тұрады.

   Кафедраның жұмысы уақытында мемлекеттік қызмет, халықаралық ұйымдар, жеке бизнес және құқықтық ғылым салаларында лайықты орнын тапқан мамандар дайындалды.

   Кафедраның ұраны – «Біріншілер арасында теңдес, теңдестер арасында бірінші» – кафедраның қазақстандық білім беру флагманының жетістіктері мен имиджін нығайту және жетілдіруге талпынысын білдіреді.

Біздерді әлеуметтік желілерден бақылыңыздар:

@intlaw_kaznu 

Facebook

«Халықаралық құқық» мамандығы туралы подкасттар

 Қазақ тіліндегі сілтеме: (15) Халықаралық қуық мамандығ (Қазақ тілінде) - YouTube

 Орыс тіліндегі сілтеме: Мамандық халықаралық құқық (орыс тілінде) - YouTube