Жалпы мәліметтер

Заң факультеті Қазақстан Республикасы заң оқу орындары студенттерінің арасында жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадалардың бастаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Факультетте СОРОС-Қазақстан қорының қолдауымен ашылған студенттердің құқықтық клиникасы табысты жұмыс істеп жатыр. Мұнда ең үздік студенттер халыққа заң-құқықтық ақыл-кеңестер беріп отырады.

Факультетте студенттердің қатысуымен ғылыми-теориялық конференциялар, жас талапкерлердің клубы, үйірмелер, Ыстық-көл жағасында өткізетін жазғы демалыс, спорт бәйгілері және байқаулар ұйымдастырылады.

Заң факультетінің қабырғасында жүйелі түрде "Қыз Сыны" және "Жігіт Сұлтаны" атты конкурстар өткізіліп тұрады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының көркіне айналған керемет жасақталған, 1600 кісіге арналған Ө.А. Жолдасбеков атындағы «Студенттер Сарайы» бар. Онда әрбір студент өнер мен мәдениеттің ұлы шеберлерімен кездесуге арналған творчестволық кештерге қатыса алады. Сонымен қатар олар оқудан тыс уақыттарында өзіне қажетті де қызықты санайтын өнер түрлерімен студенттік үйірмелерде шұғылдануына болады.

Әрбір студент университеттің спорткешенінде үлкен теннис, шейпинг, бокс, волейбол, күрес, шығыстық күрес түрлерімен және т.б. спортпен шұғылдануына болады. Университет түлектері мен студенттер арасында Әлем және Олимпиадалық ойындардың чемпиондары бар. Олар: Д.Тұрлыханов, Е.Ибраимов, Ф.Байрамуков және т.б.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ, ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Сенімді ақтаған, өнерді жақтаған жастар!

Куратор-эдвайзерлік ашық сабақтардың өту барысына байланысты әдістемелік құрал

Заң факультетінің 202 топ студенттері мен «Фемида» клубының мүшелерінің өткізген іс-шараларына қысқаша шолу

2012-2013 оқу жылы 2 жарты жылдық

Клуб жетекшісі: аға оқытушы, құқық магистрі Урисбаева Айнур Аманкуловна

Фемида клубының төрайымы: 202 топ студенті Молдахметқызы Алуа

Алматы, 2013ж.

Сенімді ақтаған,өнерді жақтаған жастар!

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылып жатыр. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет болып қаландық.

Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.

Осы бағытта өскелең жастардың, әр қазақ азаматының ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуді, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеуді мақсат етіп қоямыз. Бұл мақсатқа жету үшін қазіргі таңда біздің университетіміздегі тәрбие мәселесін жетілдіру бағытындағы куратор-эдвайзерлер мен кафедрада ұйымдастырылған клубтардың жұмыс атқаруы өз ықпалын тигізуде.

«Егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеріп,ішкі және сыртқы саясатын, одан қала берді көркеюіне үлес қосып, дамытатын тек ғана болашақ жастарымыз»- деп елбасы айтып кеткендей, өзіміздің білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қоғамдық өміріне белсене араласып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген студенттер аз емес.

Соның ішінде заң факультетінің 202 топ студенттері оқу үдерісінің алғашқы қорытындысы бойынша жақсы бағаларға қол жеткізе отырып, топ студенттері факультетіміздің қоғамдық өміріне белсенді ат салысуда.

2012- жылдың қыркүйек айының 28-жұлдызында өткен Алматы қалалық сотында «Ашық есік күндеріне» арналған іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің 202-топ студенттері мен «Фемида» клубының мүшелері бірге қатысты. Іс-шара барысында болашақ мамандық иелері Алматы қалалық сотының судьялары Ш. Е. Құрманбекова, Л. Т. Мерекенов, А. К. Қыдырбаевалармен пікір алмасып, судьялар студенттердің сауалдарына жауап беріп, тәжірбиеде маңызды орыналатын мәселерді көтерді.

Сонымен бірге топ студенттері университет пен факультет тарапынан ұйымдастырылып жатқан көптеген тәрбиелік маңызы бар игі-іс шараларға қатысып, жүлделерге иеленуде.

Атап айтсақ, «қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика» кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылған №18 студенттер үйінде өткізілген «Біржан мен Сара» айтысында топ студенті Серікжанова Айгерім Сара Тастанбекқызының рөлін сомдап, басшылықтың алғыс хатымен марапатталды. Осы кафедраның ұйымдастыруымен өткізілген «Қыз өссе елдің көркі»атты қыз сынына топ атынан шыққан өнерлі қызымыз Айгерім бас жүлдені ұтып алды. Студенттер маслихатымен ұйымдастырылған «Күзгі балл» кешіне топ атынан шыққан Абдолла Бауыржан мен Серікжанова Айгерім жұлдызды жұп атанып,жүлделі 3 орынға ие болды.

«Жалын» жастар фестиваліне қатысқан Орынбасар Абылайхан күй орындаудан көзге түсіп, жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына байланысты өткізілген университетаралық спартакиадада топ студенті Берік Жолымбет ДЗЮДО-дан жүлделі 3 орынға ие болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тілдер мерекесіне арнап 22-28 қыркүйек аралығындағы тіл фестивалі апталығы өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фести­валь­ биыл ерекше атап өтілуде. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмір­дің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде артық не бар екен!», – деген Елбасы Н.Назар­баевтың бұл сөзінен кейін, ана тілімізге деген құрметіміз одан әрі күше­йе түспек. Рас, бүгінде қазақ тілінің аясы кеңейіп, өрісі өсіп, құлашы кеңге жазылып келеді. Бұл бірінші кезекте, тәуелсіз­ді­гі­міздің, екіншіден, қазақ тілінің мемлекеттік мәрте­беге ие болған­ды­ғының арқасы. Осы күндері бастау алған іс-шара барысында 2012 жылдың 27 қыркүйек күні заң факультетінің 202 топ студенттері мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Фемида» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан, елім деп, жерім деп, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақиық ақындарымыз бен біздің студенттеріміздің шығармашылығына арналған «Өзіңді жүрмін ән қылып» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кештің өткізілу барысы 2 негізгі бөлімнен тұрып, қазақтың ақиық ақындарының шығармашылығынан қара өлеңдер мен 202-топ студенті Атенов Ермектің «Әкеге арнау», 311-топ студенттері Мыңбаев Нұралының «Әжеге арнау», Тахташева Әселдің «Ілияс Есенберлинге арнау» және кешке қонақ ретінде қатысқан №84 мектептің 9-сынып оқушысы Досқожаева Айгерімнің «Қазақ тіліне арнау» өлеңдері оқылды. Сонымен қатар кештің өту барысы сазды концерттік бағдарламамен ұштасты.

Топ студенттері өз бастамаларымен факультет көлемінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21-жылдығына байланысты әдеби-сазды ауқымды эдвайзерлік ашық сабақ өткізді. Осы іс-шара барысында желтоқсан алаңындағы оқиғалардан үзінділер әсерлі әуеннің үнімен бейнекөріністер қойылып, топ студенттерінің өз күшімен Желтоқсан құрбандары: Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев және Л.Асановалардың өмірінен қойылым көрсетілді. Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқы бастан кешірген қиындықтарды баяндайтын жан тебіретерлік өздерінің авторлық өлең жолдарын топ студенттері: Серікжанова Айгерім, Молдахметқызы Алуа, Бердиғожиева Салима, Ерекешова Мира мен Мұратова Алуа бейнекөріністің тақырыбына сәйкестендіре оқыды. Студенттер өз өнерлері арқылы отанға деген асқақ патриоттық сезімдерін, елге, жерге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Әлемдегі кез келген Қазақстан сияқты көп ұлтты және әр түрлі дінді ұстанатын азаматары бар мемелекеттің өзінің тұтыстығы мен тәуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дәрежесіне біріктіру болып табылады.1 мамыр ынтымақ күніне және осы тақырыпты өрбітуге арналған «Ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастар» атты ашық сабақ үш тіде өткізіліп, кеште әр ұлт өкілдері қонақта болды.

Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.Осындай ниетпен топ студенттері факультет көлемінде 7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні 9-мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды атты әдеби-сазды кеш өткізді.Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерларі мен ауған соғысының ардагерлері қатысты.

«Жетім көрсең жебей жүр..» деп ұлы бабаларымыз айтып кеткендей ата-анасынан жастай айырылған,тағдыр тауқыметін ерте көрген,талабы таудай ұл-қыздарға арнап заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Фемида» клубының ұйымдастыруымен клуб мүшелері мен 2 курс белсенді студенттері кезекті мерекелік іс-шарасымен Алматы қалалық Орбита-3 ықшам ауданында орналасқан №1 жетімдер үйінде болып қайтты.

Бұл кездесуде балаларға арналған құрал-жабдықтар,тәттілер таратылып, заң факультетінің өнерлі студенттері Абай мен Жансая тамылжытып ән салса, домбырасымен қос шекте Таған мен Айгерим балаларға өз өнерлерін арнады, Ақтөре биін билеп, балақайларды қуантты. Соңынан балаларға логикалық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылып ,құрмет көрсетілді.

«Фемида» клубының бастамасымен өткізілген бұл іс-шара өз мәресіне жетіп, студенттердің өз еңбектерімен жиналған қаражатқа балаларға сыйлықтар таратылып, естелікке суретке түсіп,жүректегі қимастық сезімдерін білдіріп,қош айтыстық.

Болашақта мұндай игі іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз және де, еліміздің рухын жоғары ұстауға қосар үлесіміз әлі алда деп білеміз.

Университетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, өнерімен тәнті қылған өрендеріміздің болашақта жетер жетістіктері әлі де алда екендігіне кәміл сенемін!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тілдер мерекесіне арнап 22-28 қыркүйек аралығындағы тіл фестивалі апталығы өткізілді.

Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фести­валь­ биыл ерекше атап өтілуде. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмір­дің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде артық не бар екен!», – деген Елбасы Н.Назар­баевтың бұл сөзінен кейін, ана тілімізге деген құрметіміз одан әрі күше­йе түспек. Рас, бүгінде қазақ тілінің аясы кеңейіп, өрісі өсіп, құлашы кеңге жазылып келеді. Бұл бірінші кезекте, тәуелсіз­ді­гі­міздің, екіншіден, қазақ тілінің мемлекеттік мәрте­беге ие болған­ды­ғының арқасы. Осы күндері бастау алған іс-шара барысында 2012 жылдың 27 қыркүйек күні заң факультетінің 202 топ студенттері мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Фемида» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан, елім деп, жерім деп, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақиық ақындарымыз бен біздің студенттеріміздің шығармашылығына арналған «Өзіңді жүрмін ән қылып» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кештің өткізілу барысы 2 негізгі бөлімнен тұрып, қазақтың ақиық ақындарының шығармашылығынан қара өлеңдер мен 202-топ студенті Атенов Ермектің «Әкеге арнау», 311-топ студенттері Мыңбаев Нұралының «Әжеге арнау», Тахташева Әселдің «Ілияс Есенберлинге арнау» және кешке қонақ ретінде қатысқан №84 мектептің 9-сынып оқушысы Досқожаева Айгерімнің «Қазақ тіліне арнау» өлеңдері оқылды. Сонымен қатар кештің өту барысы сазды концерттік бағдарламамен ұштасты.

«Өзіңді жүрмін ән қылып» атты әдеби-сазды кеш

Залда видео мен музыка ойнап тұрады және кешті жүргізіп тұрғанда да жәймен күй ойнап тұрады.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірменді халайық. Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар!

2 – жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірменді елін, тілін құрметтейтін - жыр сүйер қауым. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан тілдер фестивалі аясында қазақтың қара өленің кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан, елім деп, жерім деп, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақиық ақындарымыз бен біздің білімгерлеріміздің шығармашылығына арналған «Өзіңді жүрмін ән қылып» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Әрбір қазақтың жүрегін тебірентіп, қазақ елін, жерін, табиғатын, әсемдігін, махаббатты, нәзіктікті жырға қосқан ақындарымызға мың тағзым.

Аға, бүгін мен саған сыр ақтардым,

Сол үшін қапелімде жылапта алғам,

Қараймын Алатауға ағам ғой деп

Нәр алам бұлқып аққан бұлақтардан

Аға бүгін мен сыр ақтарамын,-деп жырлап, бүгінде қазақ жастарының жүрегінде Мұқағали салған өшпес із бар.

«Қалың елі-қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен сансына, халқының жүрегі мен жанына, елінің көкірегі мен жадына-уақыт желі, заманалар дауылы шайқай аламас тереңге жіберген бақытты да армансыз ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

ІІ.Жүргізуші.

Қазақ жыры әр уақытта, қазақ өлеңін оқитын ел әр уақытта « өз өмірінен өлең өрген ақынды », сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер құдіретті жырдың да халқымен бірге, ұлы Тауларымен бірге, ұлы Даласымен бірге өмір сүреді, ғұмыр кешері ақиқат.

Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін, сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың, бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір

Бақсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты,

М.Мақатаев бар мұнда.

2.Жүргізуші.

Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.

Махаббат диалогы:музыканың ырғағымен

- Құс боп ұшып жоғалсам , не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем,не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы , сәулем, бәрін де көтеремін.

2-жүргізуші:

Жыр кеңістігі – шксіз, ал сен дарасың.

Ғасырыңды жырлап өткен данасың

Табандырып, сағындырып біздерді,

Хантәңірдей биіктеп сен барасың.

1-жүргізуші:

Өлеңнен өзге нәрсе сұрамаймын

Өмірге ғашық болып сыр аламын

Өңімде, түсімде кездескенше

Өзіңнен өлең, бата, жыр алайын,-

2-жүргізуші:

Күз ойнайды қазағымның жанында,

Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі

Күмбірлеген домбырасы барында, - деп ақындар жырлағанындай, келесі кезекті домбыраға берейік.

Күй

1-жүргізуші:Пай, пай, пай

Сағындым-ау, сағындым-ау,

Талықсып тар төсекке таңылдым-ау,

Қапыда қалтыраған жаным мынау

Жаратқан неғылдым-ау, неғылдым-ау.

Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім.

Үміт еттім, ұмтылдым, көп тіледім.

Аш көзденім қайтейін ей, болашақ,

Көрмеген күндерімді өткер мені!

2-жүргізуші:

Жыр жорығына аттандым, кезіп жүрдім,

Мен бір сәт дамылдадым, көзімді ілдім.

Жазылмаған жырымды жалғайсың ба?

Жаңа жыр бастайсың ба, өзің білгін.

Енді , кешіміздің негізгі бөлімі білімгерлеріміздің шығармашылығы мен ақиық ақындардың жүрекжарды арнауларымен бастаймыз.

Кешке қатысушылар ақын өлеңдерің оқиды.

1-жүргізуші:

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман

Таулар менің – таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.

2-жүргізуші:

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресге

Жылай жүріп өтірік күлесің бе

Жүресің де қоясың жүресің де.

Ән.

І.Жүргізуші.Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жутпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға қазақ ақындарының өмір жолы әр алуан:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрман.

ІІ.жүргізуші.«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді француз ойшылы Шелли. Ақындарды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да- осы қазақтың қара өлеңі.Олар осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Олай болса, кешіміздің келесі бөлімі білімгерлеріміздің шығармашылықтарына жол берсек:

Студенттердің шығармашылығы:

Ән

Қонақтарға сөз беру

1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңдң өстім,

Қырға шығып ырысқа кенелмеспін

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!

Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілтіп жырлай берді, жырлай берді.

Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Жер-жерде еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін мың-мың мәрте тағзым етуде.

2-жүргізуші:Жүрекпен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын, - деп Абай айтқандай, осымен әдеби- сазды кешімізді аяқтаймыз. Назар салып кешімізді тыңдаған ұстаздар мен қонақтарға, атсалысқан білімгерлерге мың да бір алғыс айтамыз.

Мамандығым мақтанышым

2012- жылдың Қыркүйек айының 28-жұлдызында өткен Алматы қалалық сотында «Ашық есік күндеріне» арналған іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің 202-топ студенттері мен «Фемида» клубының мүшелері эдвайзер А.А.Урисбаевамен бірге қатысты. Іс-шара барысында болашақ мамандық иелері Алматы қалалық сотының судьялары Ш. Е. Құрманбекова, Л. Т. Мерекенов, А. К. Қыдырбаевалармен пікір алмасып, судьялар студенттердің сауалдарына жауап беріп, тәжірбиеде маңызды орыналатын мәселерді көтерді.

Алматы қалалық сотының мәжіліс залында...

2012 жылдың 31 қазан күні «Фемида» клубының мүшелері мен 202 топ студенттері №18 жатақханада « Студенттердің құқықтық мәдениетін жетілдіру жолдары» атты тақырыпта пікір-сайыс өтті. Сайыстың өту барысында тақырып бойынша командалық пікірталас өрбіді.


18 жатақханадағы кезекті кездесу...

«Жетім көрсең жебей жүр..» деп ұлы бабаларымыз айтып кеткендей ата-анасынан жастай айырылған,тағдыр тауқыметін ерте көрген,талабы таудай ұл-қыздарға арнап заң факультетінің «Фемида» клубының мүшелері мен 2 курс белсенді студенттері кезекті мерекелік іс-шарасымен Алматы қалалық Орбита-3 ықшам ауданында орналасқан №1 жетімдер үйінде болып қайтты.

Бұл кездесуде балаларға арналған құрал-жабдықтар,тәттілер таратылып, заң факультетінің өнерлі студенттері Абай мен Жансая тамылжытып ән салса, домбырасымен қос шекте Таған мен Айгерим балаларға өз өнерлерін арнады, Ақтөре биін билеп, балақайларды қуантты. Соңынан балаларға логикалық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылып ,құрмет көрсетілді.

Сөз соңында балалар үйінің бастығының орынбасары Гайни Еркешқызы сөз сөйлеп, заң факультетінің белсенді студенттеріне өз алғысын білдірді.

«Фемида» клубының бастамасымен өткізілген бұл іс-шара өз мәресіне жетіп, студенттердің өз еңбектерімен жиналған қаражатқа балаларға сыйлықтар таратылып, естелікке суретке түсіп,жүректегі қимастық сезімдерін білдіріп,қош айтыстық.

Болашақта мұндай игі іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Тәуелсіздік шежіресі

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқандай еңкеюге тиісті емес жалауы!

-деп ақындарымыз жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың:«Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар»деген сөздері әрбір қазақстандықтың кеудесіне қуаныш пен шаттық әкеліп, жарқын болашаққа деген сенім ұялатады. Жақында халқымыз екі тарихи күнді атап өтпек: еліміздің мемлекеттік тәуелсіздік алуының 21 жылдығы және азаттыққа деген ұмтылыстан туған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығы.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекетөсіп келуде.Сонымен қатар, биылдан бастап-1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып аталып өтелетін болды.

Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.

Осы бағытта өскелең жастардың, әр қазақ азаматының ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуді, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеуді мақсат етіп қоямыз. Оның айқын көрінісі ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 202 топ студенттерінің де осы тақырыпты тереңінен тербеп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби-сазды кеш өткізгендігін студенттердің кішкене ғана үлесі деп білеміз. Ашық сабақ барысында желтоқсан алаңындағы оқиғаларынан үзінділер әсерлі әуеннің үнімен бейнекөріністер қойылып, топ студенттерінің өз күшімен Желтоқсан құрбандары: Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев және Л.Асановалардың өмірінен қойылым көрсетілді. Топ студенттері: Серикжанова Айгерим мен Мұратова Алуа тәуелсіздік жолындағы қазақ халқы бастан кешірген қиындықтарды айқындайтын жан тебіретерлік өздерінің авторлық өлең жолдарын оқып және Президентіміздің өмірі мен еңбек жолын баяндайтын бейнекөріністердің тақырыбына сәйкестендіре баяндама жасады. Ал Абдолла Бауыржан, Садыров Бахтияр, Мұхтар Жандос және Бердиғожиева Салима желтоқсан оқиғасынан үзінді-қойылым көрсетіп,өздерінің шеберліктерін танытты. Студенттер өз өнерлері арқылы отанға деген асқақ патриоттық сезімдерін, елге, жерге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнді ата-бабам сан ғасырлар бойы аңсап өтті. Бүгінде сол күнге қол жеткізіп, егеменді ел бодық. Өзге елдермен терезесі тең, еліміздің дербес мемлекет болып қалыптасқанына міне осы күндеріміз куә. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Сондықтан да, еліміздің рухын жоғары ұстауға қосар үлесіміз әлі алда деп білеміз.

28.02.2013ж. күні сағат 17.00-де 410-ауд. заң факультетінің 202 тобы студенттері мен «Фемида» клубының жетекшісі А.А. Урисбаеваның ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында Психиатриялық, психотерапиялық және наркологиялық республикалық орталықтың жетекші маманы А.Ж. Кудайбергенованың қатысуымен «Конфликтік жағдайдағы мінез-құлық барысы» атты тақырыпта шеберлік дәріс сағаты өтті.

Дәрістің өту мақсаты: «Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл... Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле...» Әр келіспеушіліктердің өзінің себебі болады. Солардан аулақ қашуда нақты ұстанымдырды сақталу керек. Мысалға айтқанда, іскерлік кездесуде де өзіне тән этикет, іс әрекет ұстанымы бар. Қандай да ұжымдық қарым-қатынас адамның көңілінен басталады. Ашық, жарқын көңіл күйде болу әр адамның маңдайына жазылған. Сондықтан да ұрыс-керіс, айқай-шу сияқты кері эмоциялардың қажеті жоқ. Қандай жағдай болса да сабыр сақтап кесдесулердің бәрінде жағымды атмосфера орнату керек.

Адам маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс-тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады: ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Сондықтанда адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды.

Бүгінгі дәрісте осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадық. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған болатын. Сондай-ақ «басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік» деген қағиданы ұстанған әрбір адам болашақта мемлекеттің бір кірпішін қалайтыны сөзсіз.

Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы кезекті іс-шара

Заң факультетінің 202 тобы куратор-эдвайзері А.А.Урисбаевамен бірге қаланың тарихи маңызды жерлеріне саяхат жасауда....

«Ана тілі аруы » конкурсының жүлдегері «Дарынды ару», заң факультеті студенттер маслихатының төрайымы,ҚазҰУ студенттер сенатының төрағасының орынбасары 302 топ - Серикжанова Айгерім.

Эдвайзері-аға оқытушы Урисбаева А.А.

Жаңа жыл кешінде...

Айналаңды нұрландыр жобасы бойынша 18 жатақханадағы «Жанды бөлме»...

202 топ студенті Бердигожиева Салима Наурыз мерекесін жүргізуде..

«Ғасырыңды жырлап өткен данасың» М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кештен көрініс..

Университетаралық дебат жұмысынан үзінді...

Ұйымдастырушы: Молдахметқызы Алуа

" Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі"

Үздік эдвайзер-2013 байқауынан көрініс

Оқу-білім үйретіп дайындаған маманды,

Таныстырып өтейік бізге бағыт көрсеткен адамды,

Өз жұмысын жоғары деңгейде атқарған,

Барлық адамға көрінген тек жақсы ғана жақтардан.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде студент-жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Университетімізде студенттердің оқу үдерісін игеруде көмек көрсететін ақылшы, жастардың болашақта мәдениетті кәсібилігі жоғары маман ретінде қалыптасуына белсенді араласып жүрген куратор-эдвайзерлердің бірі 202-топ эдвайзері Урисбаева Айнұр Аманқұлқызы.

Айнұр Аманқұлқызының тағы бір қасиеті студенттердің оқу, тәрбие ісіне аса жауаптылықпен қарап, барлық атқаратын шараларды егжей-тегжейлі жоспарлауында. Нағыз ақылшы ретінде ол кісі өз төңірегіне студенттерін топтасыра біледі. Топтағы әр студенттің өзіне бекітіліп берілген қоғамдық жұмыстардың тиянақты орындалуының сыры осы жүктемелерді әр студенттің қабілетін дөп басып бөліп берілуінде жатыр. Осы тұрғыдан алғанда Айнұр Аманқұлқызы өз студенттерінің мінез-құлқы мен олардың жеке қасиеттері мен қабілетін тани білетін жан екендігін көруге болады.

Айнұр Аманқұлқызы студенттер мен өз әріптестері арасында үлкен беделге ие. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- дейді халық даналығы. Сол айтқандай Айнұр Аманқұлқызы қай жерде болмасын, қандай жағдайда болмасын жастарға ғалым-педагог және ақылшы ретінде көмегін аямайтын жан. Сонымен қатар Айнұр Аманқұлқызы заң факультетінің оқу, ғылыми, тәрбие және қоғамдық өміріне белсенді атсалысып келеді.

Таяуда заң факультеті студенттер мәслихатының ұйымдастыруымен өткен «Үздік эдвайзер- 2013» атты конкурста Айнұр Аманқұлқызы жеңімпаз атанып, өзінің іскерлік беделін тағы да танытты.

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

3-курс студенті

Молдахметқызы Алуа