Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы химия және химиялық технология факультеті ғимаратының сол жақ қанатының үшінші және төртінші қабатында орналасқан.

Телефон: 222-15-17, 222-15-18

 

Кафедраның стратегиялық мақсаты – тиімді басқару жүйесін құру негізінде білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, тығыз ғылыми және оқу-өндірістік байланыстарды нығайту, профессорлық-педагогикалық құрамның ғылыми-педагогикалық біліктілігін ұдайы арттыру, материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту.

Кафедраның міндеттері химиялық инженерия, физикалық химия, катализ және мұнайхимия салаларында кәсіби құзыреттіліктерді іске асыруға байланысты мақсаттарды өз бетінше қоя алатын және міндеттерді тұжырымдай алатын, химиялық және мұнайхимия өндірістерінің технологиялық процестерін жоспарлай және ұйымдастыра алатын, технологиялық жабдықтардың жұмыс жағдайлары мен режимін оңтайландыратын, физикалық химия, химиялық технология, мұнайхимия және мұнай өңдеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, алынған нәтижелерді талдай алатын, инновациялық технологиялар саласында заманауи ақпаратқа ие болатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. 

 


Кафедра басшылығы


Кафедра меңгерушісі - Аубакиров Ермек Айтқазыұлы, химия ғылымдарының докторы, профессор.

423 бөлме

Тел.: 222 - 15 -17

E-mail:   Ermek.Aubakirov@kaznu.kz


Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары - Василина Гулзира Кажмуратовна, химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.

 110 бөлме

Тел.: 222 - 15 -18

Ұялы телефоны : 8 (775) 911 98 00

Email:gulzira.vasilina@kaznu.edu.kz

 

 



Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі  орынбасары - Бәкірова Ботагөз Санатқызы, PhD, аға оқытушы.

110 бөлме

Тел.: 222 - 15 -18

Ұялы телефоны : 8 (747) 793 10 43  

E-mail:bakirova.botagoz@kaznu.kz