Факультет жетістіктері

 

 

      Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология",  "Педагогикалық химия", мамандықтары бойынша бакалавр бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

       Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология", "Химия" , мамандықтары бойынша бакалавр бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

       Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология" , "Педагогикалық химия", мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

       Халықаралық аккредитация, сертификация және сапа кепілі (ASIIN)  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Химия және химиялық технология", "Химия" , мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасын қабылдады. Аккредитация мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін.

 

                               ҚазҰУ ұжымын жаңа жетістікпен құттықтаймыз!

 

     QS агенттігінің тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша ҚазҰУ

«QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз»

үстемдікбелгісін иеленген Қазақстан ЖОО-лары арасындағы бірінші және Орталық Азия

аймағындағы жалғыз университет.

                                                                                                                                                                          
                                                                                                      
 

Факультет профессорлары ҚР БҒМ алғыс хаттарымен марапатталды

 

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің 2017 жылдың

15 желтоқсанындағы бұйрығымен ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор

жеке үлесі үшін физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының

профессоры Ж.Қ.Қайырбеков пен осы кафедраның меңгерушісі

Е.А.Әубәкіров алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен

құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!

                                                                                                                                                          
                                                                                                      
                

                                            "Ең үздік жас ғалым"

       Байматова Насиба Хикматуллақызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің "Ең үздік жас ғалым" ДИПЛОМЫМЕН марапатталды     

                                                                                                                                                                                                                                                       
                                                                                                       

Химикаттар өндірісі бойынша ИИМДБ зертханасы аттестациядан өтті

       2016 жылдың 28 желтоқсанында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетіне өнеркәсіп және агрохимия үшін химикаттар өндірісі зертханасындағы өлшем жағдайын бағалау туралы № 70-16 куәлік берді. Бұл зертхана Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының қолдауымен құрылған болатын. Куәлік зертханаға бекітілген қызмет саласындағы өлшемді (сынауды) орындауға қажетті жағдайлардың бар екендігін растайды.

       ИИМДБ бойынша факультетте магистрлерді даярлау туралы толық мәлімет декан Е.К. Оңғарбаевтың 2017 жылдың 19 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында жарияланған.

      Жас ғалымдардың мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы - 2017

   2017 жылы 25 наурызда «НұрScience» ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі (Ақтөбе қ.) ұйымдастырған «Евразийский мир в научном поиске молодежи» жас зерттеушілердің І халықаралық конкурсында факультеттің 3-курс докторанты Тайрабекова Самал – 1-орын иеленді, Нұралиев Раушан – «Креативті зерттеуші» номинациясында жеңімпаз атанды.

      2017 жылы 31 наурызда өткен республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында «Химия» бағыты бойынша – Жолдас Ерасыл - 1-орын, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша (Шымкент қ.) – А.Н.Нұрғалиева – 1-орын, Е.Бахытжан – 3-орын иеленді.

Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!

Студенттердің республикалық пәндік олимпиадалары - 2017

     2017 жылы 29-31 наурызда өткен студенттердің республикалық пәндік олимпиадаларында жеңімпаз және жүлдегер атанған факультет студенттерінің командаларын құттықтаймыз! «Химия» мамандығы бойынша – ҚазҰУ командасы 1-орын, Әліпұлы Әлһам – 1-орын.

      «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша – ҚазҰУ командалары 1- және 2-орын.

       «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша (Шымкент қ.) - ҚазҰУ командасы 2-орын, Жаулыбаева Малика – 1-орын, Жұмабай Нұрсая, Шамұратов Темур – 3-орын.

      Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!

«Студенттік көктем 2017» көркемөнерпаздар байқауы

       2017 жылы 31 наурызда университетте дәстүрлі «Студенттік көктем 2017» көркемөнерпаздар байқауының ақтық финалы өтті. «Өнер әлемінің көктемі» деп аталған биылғы байқауда әртүрлі мемлекеттерге арналған мюзиклдер қойылды. 15 факультет студенттері қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің студенттері Францияға арналған мюзикл көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.

      Факультет абыройын арттырған студенттерімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

   

«Химия» білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтті

  ASIIN агенттігінің (Германия) 2017 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен факультеттің тағы 4 білім беру бағдарламасына халықаралық аккредитациядан өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Бұл сертификаттар бакалавриат және магистратура бағдарламалары 2018 жылдың 28 сәуіріне дейін халықаралық талаптарға сай екендігін дәлелдейді. Халықаралық аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары:

 – Химия (жаратылыстану ғылымдары) (бакалавриат)

 – Химия (жаратылыстану ғылымдары) (магистратура)

 – Химия (педагогикалық) (бакалавриат)

 – Химия (педагогикалық) (магистратура)

                                                                                                                                    
                                                                                                   

 

       2017 жылғы байқау нәтижесінде органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының меңгерушісі Г.А.Мун ғылымның дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері атанды. Химиялық физика және материалтану кафедрасының аға оқытушысы Е.О.Досжанов пен аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушысы Н.Х.Байматова жас ғалымдарға арналған стипендия иегері атанды.                                                                                        

 

                                                                                                   

 

        2017 жылы 6 қазанда Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында халықаралық Springer Nature баспасы тағайындаған ғылым мен техника саласындағы тәуелсіз Springer Nature Awards марапатын тапсыру салтанаты өтті. «Жаратылыстану ғылымдары саласында мақалалары ең көп жарияланған Қазақстан ғалымдары» аталымы бойынша физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Ж.Қ.Қайырбеков сыйлық иегері атанды. «Технологиялар саласында мақалалары ең көп жарияланған Қазақстан ғалымдары» аталымы бойынша химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Жану проблемалары институтының бас директоры З.А.Мансұров сыйлық иегері атанды.

 

 

 

 

 

 

       2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Шелл Қазақстан» компаниясы мен KAZENERGY ассоциациясы XI Еуразиялық KAZENERGY форумының аясында өткен IX жастар форумында STUDENT ENERGY CHALLENGE байқауының жеңімпазын атады. Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің студенттері Б.Қайдар, Д.Аргимбаев, З.Құрбанова, Н.Терюкаловадан құралған «Synergy» командасы жеңіп алды, команда жетекшісі – Г.Т.Смағұлова. Команда «Көміртектенген күріш қауызынан жасалған нанокөміртекті сіңіргіш қабаты бар тиімділігі жоғары күн коллекторлары» жобасын ұсынып, «Шелл Қазақстан» компаниясынан 10000 евро сыйлық алды.

 

 

 

 

      2017 жылы 29 сәуірде университетте « Мистер және Мисс ҚазҰУ 2017» байқауының ақтық финалы өтті. 7 ару мен 7 жігіт қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің 4-курс студенті Самархан Абдуғалиев жеңімпаз атанып, «Мистер ҚазҰУ» деп танылды.

 

 

 

        2017 жылы 31 наурызда университетте дәстүрлі «Студенттік көктем 2017» көркемөнерпаздар байқауының ақтық финалы өтті. «Өнер әлемінің көктемі» деп аталған биылғы байқауда әртүрлі мемлекеттерге арналған мюзиклдер қойылды. 15 факультет студенттері қатысқан финалда химия және химиялық технология факультетінің студенттері Францияға арналған мюзикл көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.

 

 

 

       «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2016» республикалық байқауында факультет оқытушылары: химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Х. Ташмухамбетова, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.К. Мылтықбаева, химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушылар Г.С.Ирмұхаметова, М.Нажипқызы жеңімпаз атанды.

 
   
   

 

ҚазҰУ ұжымын жаңа жетістікпен құттықтаймыз!

 

     QS агенттігінің тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін иеленген Қазақстан ЖОО-лары арасындағы бірінші және Орталық Азия аймағындағы жалғыз университет.

ript>X-NONEript>