Кафедра тарихы

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН БИОФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Т. 377-36-06, E-mail: Sultan.Tuleuhanov@kaznu.kz

Кафедрадағы алғашқы ғылыми зерттеу жұмысы академик С.П.Полосухинның басшылығымен басталды. Оның ішінде жасқай физиологиясы, жүрек қызметінің қалпына келуі, клиникалық өлімнен кейін тыныс алуды қалпына келтіру, гипоксияға төзімділік т.б.

М.Ф.Авазбакиеваның басқаруымен де көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары іске асырылды. Оның ішінде адам мен жануарлар ағзасының биік таулы жермен, шөл-шөлейт жерлерде бейімделуінде физиологиялық қызметі, еңбекке қабілеттілігі, төзімділігі зерттеледі.

Профессор К.Д.Дюсембиннің басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың тақырыбы, «сүт бездерін қоздыру және тежеу жайлы теорияларды» қалыптастырып көптеген мамандардың қолдауына ие болды. Сонымен қатар сүт бөліну тетіктерін реттеудің нейрогуморалдық, эндокриндік, эколого-физиологиялық заңдылықтарын қалыптастырды.

Богомольца атындағы физиология институтымен (Украйна, г.Киев). Физиология және таулы эксперименталды патология институты (Бишкек).

Ресей Денсаулық министрлігінің Медико-биологиялық проблема институты (Москва).

Экология орталығы (г.Лахти, Финляндия), Халық аралық альтернативті медицина институты (Коломбо, Шри-Ланка).

Дәстүрлі медицина орталығы (қ. Дели, Индия). Денсаулық орталығы (қ. Иерусалим, Израиль). Ғылыми жұмыстар Индияның Халық аралық медицина институты, Израилдің Бен-Гурион университеттерінде, Арканзас университетінде, өткізіліп жатыр.

Египеттің Суец каналы Халық аралық университеттермен мамандар дайындауда пи эйч ди (PhD) жалғасып жатыр