Ғылыми іс-сапар

Біз, Нияз Тоқмағамбетов пен Гүлзат Нәлжұпбаева, Болашак бағдарламасы бойынша Лондонның империалдық колледжінде (Ұлыбритания) математика департаментінде 2016 жылдың 04-ші сәуірімен 2017 жылдың 03-ші сәуірі аралығында өткен тағылымдамамызды аяқтап келдік. Тағылымдама кезеңінде Лондонның империалдық колледжі, Лондонның университет колледжі, әрі патшалық колледждерінің математиктерімен ұйымдастырылған семинарларына; тұрақты Париж-Лондон семинарына; Лондонның анализ және ықтималдылық семинарына; таза математика және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер семинарына, және т.б. семинарларға қатыстық. Одан басқа Ұлыбританияда өткен келесі халықаралық конференцияларғада қатыстық : ‘Noncommutative Analysis and Partial Differential Equations’ (11-15 сәуір 2016, Лондон); “Analysis on Manifolds with Symmetries and Related Structures” (28-29 маусым 2016, Бат); ‘Analysis and Partial Differential Equations’ (26-30 қыркүйек 2016, Лондон).

Тағылымдаманың басты мақсаты математика департаментінің профессоры Михаил Ружанскиймен ғылыми жұмыс жасау болған еді. Айтарлықтай жайт, тағылымдама докторантурада басталған ғылыми зерттеулерімізді жалғастыруға үлкен мүмкіндік берді. Колледждегі уақытымызды үнемді өткізуге тырыстық. Михаил Ружанскиймен бірге әрі сол кісінің қол астында халықаралық математикалық журналдарға бірнеше мақала жаздық. Одан басқа, келесі пәндер бойынша мәліметтер жиналды: M1F-Foundations of Analysis, M1GLA- Geometry & Linear Algebra, M1P1-Analysis I, M2PM1-Real Analysis, M2PM2-Algebra II, M1M1- Mathematical Methods I, M1M2-Mathematical Methods II, M2AA2-Multivariable Calculus, M1S-Probability& Statistic I, M2S1-Probability & Statistics II, M2AA1-Differential Equations. Бұл жиналған мәліметтер университетіміздің ұқсас программаларын дайындау кезінде көп үлесін қосар деген үміттеміз.

1 курс магистрантыЕсеркегенов Нұрғиса Куала-Лумпур қаласындағы MIMOS институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

3 курс докторанты Токмагамбетов Нияз Лондонның Империал коллледжында ғылыми іс-тәжірибеден өтті.

 

3 курс докторантыНальжупаева Гульзат Лондонның Империал коллледжында ғылыми іс-тәжірибеденөтті.