Факультет марапаттаулары мен жетiстiктері

 

Қазақстан Рспубликасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық, "Бірлік" алтын медалімен наградталады

 

ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.к., А.С. Сейдикенова ҚР БҒМ Министрі Асхат Аймағамбетовтің шешімімен Алғыс хатпен марапатталды

 

ҚазҰУ доценті Макишева Марияш Қайдаулқызы ҚР Президенті шешімімен Құрмет грамотасымен марапатталды

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша Шәкіров Кәрімжан Нұрымұлы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды"

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Мәлік Ауған Әлшіоразұлы «ЖОО үздік оқытушысы-2015» атағына ие болды.
Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы «ЖОО үздік оқытушысы-2015» атағына ие болды.
 

 

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Кукеева Фатима Тұрарқызы «ЖОО үздік оқытушысы -2014» атағына ие болды.


Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Шәкіров Кәрімжан Нұрұмұлы ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2013» грантының иегері атанды.

 


Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Мовкебаева Ғалия Ахметвалиқызы «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2013» грантының иегері атанды.

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Ф.Т.Кукеева ҚР БҒМ «Жылдың үздік оқытушысы» грантының, ҚР БҒМ «Ғылым мен техниканы дамытудағы ерекше үлесі үшін» мемлекеттік шәкіртақы (2006-2008) иегері, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры  К.Н.Макашева 2008 жылғы «ҚазҰУ үздік оқытушысы» грантының, «Факультеттің үздік оқытушысы» атағын алды (2009), сондай-ақ, ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2010» грантының иегері.
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры  Қ.Е.Байзақова ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2005», 2010 жылғы «Жылдың үздік оқытушысы» грантының, ҚР БҒМ «Ғылым мен техниканы дамытудағы ерекше үлесі үшін» мем.стипендиясының (2008-2010), 2010 жылғы «ҚазҰУ үздік оқытушысы» атағының иегері.

Профессор М.Ш.Губайдуллина ГФР Қорғаныс министрлігінің «Ғылымға қосқан ерекше үлесі үшін» дипломының (2008), ҚР БҒМ «Ғылым мен техниканы дамытудағы ерекше үлесі үшін» мем.стипендиясының (2010-2012), екі қайтара «ЖОО-ның   үздік оқытушысы» (2007, 2011) грантының иегері болып табылады.
 

Факультет оқытушыларының ғылыми қызметі әр түрлі грамоталар, марапаттар, төсбелгілермен т.б. атап өтілген.

Профессор Р.Е.Елемесов Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, ЖМХҒА академигі, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері болып табылады, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Профессор К.Н.Шәкіров Еуропа құқық академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» медалімен марапатталған, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры мен Заң Академиясы - «Әділет» Жоғары құқық мектебі ректорының құрмет грамоталарымен және дипломдарымен марапатталған.

Профессор А.Ш.Байтукаева Ресей Халықаралық Ғылым академиясының корреспондент-мүщесі болып сайланған және оған осы құрметті ғылыми атақ берілген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жылдығына арналған төсбелгімен және білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін құрмет грамотасымен, сондай-ақ тәрбие ісіне қосқан үлкен үлесі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараларды белсене өткізгені үшін ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың Алғысымен марапатталған.

Доцент С.Б.Бөрібаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жылдығына арналған төсбелгімен және тәрбие ісіне қосқан үлкен үлесі үшін ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың Құрмет грамотасымен марапатталған.