Студенттік өмір

 


30 мамыр 2020 ж. сағат 10.00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің,"Қаржы және есеп” кафедрасы "ҚазҰУ Түлектерінің күніне” байланысты онлайн кездесу өткізеді. Іс-шара Zoom платформасында өткізіледі

Конференция идентификаторы: 676 879 9411

Пароль: 618550

 

 


Студенттермен онлайн кездесу. Ұйымдастырушылар: Нұрмағанбетова А.З. - Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, Акимбаева Қ.Т. - оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар, Сырлыбаева Н.Ш. - кафедра меңгерушісінің орынбасары

02.05.2020


Бүгін Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы «Бағалы қағаздар нарығы» тақырыбы аясында «Ұғымдар, түрлері мен техникаларын хеджирлеу» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Ұйымдастырушы - м.ғ.д., доцент Г.Касенова. Шақырылған қонақ - «RESMI» ИҚҚ »АҚ-ның тәуекелдерді басқару қызметінің басшысы, І-ші бөлімнің кандидаты Панабергенов Олжас.

16.04.2020


Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының  3 курс студенттерімен «Жас Аудитор»  үйірмесі аясында онлайн дөңгелек үстел өтті.Тақырыбы: Цифрландырудың аудиторлық қызметке әсері.

14.04.2020


2020 жылдың 6-7 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті. Экономика және бизнес жоғары мектебі бағытындағы конференция «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы Қазақстанның экономикалық дамуы: ғалымдардың балама көзқарастары» тақырыбына арналған. Конференцияда ғылымның әртүрлі салаларында, атап айтқанда экономика саласындағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қаралды.


 

25 ақпанда Қаржы және есеп кафедрасы магистранттармен бірге № 16 Студенттер үйінде «Жұмысты оқумен қалай үйлестіруге болады» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Мастер-классты іс-шараның идеологиялық шабытшысы болған Қаржы және есеп кафедрасының профессоры Ердавлетова Ф.К. ашты.


26.02.2020 ж. №16 жатақханада қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Қаржы және есеп» кафедрасының 1 курс Ф19К1, Ф19К2 топ студенттерінің қатысуымен «Абай- дана, Абай -дара» аттыіс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар: «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., доцент м.а. Жорабаева Ж.К., э.ғ.к., доцент м.а. Алиева Б.М.


"Қаржы және есеп"  кафедрасының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Аль Фараби қайырымды қоғам" атты челлендж бойынша Талғар ауданы, Гүлдала селосындағы әлеуметтік жағдайы төмен төрт жанұяға жасалатын қайырымдылық шарасына ат салыстық.


24.02.2020 «Қаржы және есеп» кафедрасы серіктестік компаниялардан «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандығының докторанттарына, магистранттарына және студенттеріне 300 000 теңге көлемінде демеушілік стипендия тағайындады. Стипендияларды топтардың белсенділері мен старосталары алды!


Сенбілік. Біздің факультет пен кафедра студенттері. Біз таза табиғат үшін.  22.02.2020


 


02/12/2020 «білім беруді цифрландырудағы университет оқытушысының сыйақысы» дөңгелек үстел өткізілді


 


27 қаңтар 2020 жылы Әбу насыр әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуына орай өткізілген видеотүсірілімге  Есеп және аудит мамандығының 1 курс студенттері  қатысты. Эдвайзер Арыстамбаева А.З. 


 


23 қаңтар күні Есеп және аудит мамандығының 1 курс студенттері "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында Ғабит Мүсірепов атындағы театрға "Құпия" қойылымына барып қайтты. Эдвайзер Арыстамбаева А.З.


 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы және есеп» кафедралары 2020 жылғы 1 ақпанда «Банк ісі» пәнінен «Банк капиталының жеткіліктілігін басқару» халықаралық олимпиадасын ұйымдастырды.


 



«Қаржы» мамандығының 3-курс студенттері үйі өртенген 6 балалы отбасыға барып, көмек көрсетті.


 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, "Қаржы және есеп", кафедраның жұмыс берушілермен кездесуі


Қазақ ұлттық университетінің түлектері Нұр-Сұлтандағы Әл-Фараби атындағы білім орталығы ғимаратының алдында.


 

Қаржы саласында дамып, активтерді өзіңіз басқарғыңыз келе ме? Бірақ қалай екенін білмейсіз бе? Ондай болс сіз бізбен бірге арманыңызға қадам жасай аласыз! Арнайы сіздер үшін біз «Биржалық сауда» курстарын ашамыз. Біз сізге барлық дамыған халықаралық қор биржаларында, саудалық және аналитикалық платформалар арқылы дұрыс жұмыс істеуді үйретеміз. Курстарды халықаралық биржалық нарықтарының инвесторы, трейдер Омар Серік жүргізеді.

 

 


"Қаржы" мамандығының 2 курс студенттерімен жұмыс. Назгүл Шенгелбайқызының Ислам қаржысы сабағы


 

"Қаржы" мамандығының 3 курс шетел студенттерімен жұмыс жасау және оларға көмектесу


 

Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында 2019 жылы 10 желтоқсан күні "Білім беру бағдарламаларын жаңғырту аясында кәсіби құзыреттілікті кеңейту" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

20.12.2019 жыл


 

Корпоративтік бағалы қағаздар сабағын жүргізген біздің ең тамаша, ең көңілді Серік Аманбайұлы

16.12.2019 жыл

 

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне арналған "Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде цифрландыру дәуірінің жастары"тақырыбында халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазының ғылыми жетекшісі Досжан Р.Д. марапатталады

13.11.2019 жыл


Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы" мамандығының 3-курс студенті А. Д. Құмарбаева қаржыгер күніне арналған "экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде цифрландыру дәуірінің жастары"атты Халықаралық ғылыми жобалар сайысында 3-орын алды.

13.11.2019 жыл

 


15 қараша күні Қаржыгерлер күні (Ұлттық валюта) қарсаңында Досжан Сәуле Мағазбекқызымен кездесу өтті

15.11.2019 жыл


 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қаржы және есеп кафедрасының доценті Сапарова Г. Т. ислам қаржысының орталығында кәсіпкерлік негіздері бойынша мастер-класс ұйымдастырды  

23.10.2019 жыл


Сіздерді Экономика және бизнес жоғары мектебі жанындағы біздің орталықта жүргізілетін тәжірибелік биржалық трейдинг курстарына шақырамыз


Аудиторлар күнімен баршаңызды құттықтаймыз!

18.10.2019 жыл


Астана Халықаралық Қаржы орталығымен ынтымақтастық негізінде, Экономика және бизнес жоғары мектебінде бірегей Исламдық қаржы күні өтуде

04.10.2019 жыл

ЭжБЖМ Исламдық қаржылар орталығының директоры Қуанова Лаура Айболқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы Islamic Finance Week іс-шарасына қатысуда.

02.10.2019жыл


ЭжБЖМ бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерінде Никита Павлова тренинг өткізді.Тренинг тақырыбы: "Инвесторлармен өзара қарым-қатынас компанияның нарықтық құнын көтеру тәсілі ретінде»

01.10.2019 жыл

 


ҚазҰУ-да «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» QS World Wide халықаралық форумы басталды

19.09.19 жыл


Айналаңды нұрландыр! жобасы аясында Тілдер мерекесіне орай " Өлең сөздің патшасы сөз сарасы" атты ашық кураторлық сағат!


"Егер адамдар дос болса, тілдер дос болады" атты Тілдер күніне байланысты іс-шара өткізілді


"Жастар" алаңында Жастар ұйымдары комитетінің 1 курс студенттері үшін ұйымдастырған Ұйымдар жәрмеңкесі шарасына қатысты

11.09.2019 жыл

 


3 курс докторанты Джунисова Гульнар Эриковна Еуропалық қолданбалы ғылымдар және басқару институтында (Прага, Чехия) ғылыми тағылымдамадан өтеді.

25.04.2019 жыл

 


Кафедра «болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

23.04.2019 жыл

 


ҚазҰУ -де Наурыз

13.04.2019 год

 


Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінде өткен Есеп және аудит мамандығы бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиададан э.ғ.д., профессор Сария Баймуханованың жетекшілігімен Нургалиева Камила 3 орын алып келді

12.04.2019 жыл

 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Фараби әлемі" халықаралық конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобаларының көрмесіне "Есеп және аудит" мамандығының 2 курс магистранты Нурхалиев Ерғали жобасын таныстыруда

11.04.2019 жыл

 


"Есеп және аудит"кафедрасының секциялық отырысы

09.04.2019 жыл

 


VI Халықаралық Фараби оқулары аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 85 жылдығына, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 70 жылдығына арналған «ҚАЗАҚСТАН МУЛЬТИПОЛЯРЛЫ ӘЛЕМДЕ:
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙЛЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының кафедралар секциондық жиналысы өтілді.

09.04.2019 жыл

 


Бүгінгі күні мектеп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 26 үздік студентін апталық білім алмасу сапары бойынша алдыңғы қатарлы зерттеулерді қалай жасау және жеткізу туралы білуге ​​шақырады.

02.04.2019 жыл

 


Экономика және бизнес жоғары мектебі,«Есеп және аудит» кафедрасының түлектер Ассоциациясының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2013 жылдың түлегі Саринова Айым Ермекқызы шақырылды

26.03.2019 жыл

 


Педагогикалық тәжірибе бағдарламасы аясында Когут О. «Рухани жаңғыру»- болашаққа көзқарас ашық кураторлық сағаты оқу-ағарту іс-шарасын ұйымдастырды

14.03.2019 жыл

 


Көп жылдар бойы бухгалтерия саласына еңбек сіңірген Сария Баймуханқызын экономика ғылымының докторы лауазымын алуымен құттықтаймыз!

22.02.2019 жыл

 


2019 жылғы 7 ақпанда ЕО, Ресей және Қазақстаннан жоба серіктестерінің қатысуымен "жаңа әлеуметтік ортаға-ENINEDU" ERASMUS+ сәйкес корпоративтік секторлардың жоғары білім беруді интеграциялауды күшейту " жобасы бойынша вебинар өтті.

07.02.2019 жыл

 


"Есеп және аудит" кафедрасының студенттері М.Әуезов атындағы театрға барды

02.02.2019 жыл

 


"Есеп және аудит" кафедрасының 3 курс студенттері оқытушы А. З. Арыстамбаеваның бастамасымен САР сертификатына дайындық курсынан өтуде.

31.01.2019 жыл

 


"Eсеп және аудит" кафедрасының студенттері студенттер сарайында елбасының "2019 жыл - Жастар жылы" жолдауының ашылу салтанатына қатысты .

23.01.2019 жыл

 


"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Eсеп және аудит" кафедрасының 4 курс студенттері және 2 курс магистрантары  №1 балалар үйіне барып, дәмді тәттілермен және келе жатқан тәуелсіздік күнін құттықтап қайтты.

08.12.2018 жыл

 


«Есеп және аудит» кафедрасы «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен интернационализмді тәрбиелеу («Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында) тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

30.11.2018 жыл

 


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасы «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру» («Айналаңды нұрландыр» жобасына сәйкес) тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

22.11.2018 жыл

 


«Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Оксана Когут Юрьевна Афины қаласында (Греция) «Enhancement of Higher Education and Corporate Sectors Integrations in Accordance with New Social Environment» ENINEDU жобасы аясында жобасы аясында «ЕС ЖОО-лары мен бизнес университеттері арасындағы ынтымақтастық тәжірибесін зерделеу және оны оқу процесіне енгізу» тақырыбында семинарға қатысты.

04.11-19.11.2018 жыл

 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Рухани жаңғыру- болашаққа көзқарас» тақырыбы аясында Куратор-эдвайзер Сұлтанова Б.Б және «Есеп және аудит» 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ашық кураторлық сағат өткізілді

09.10.2018 жыл

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «8 әріп» атты ашық мерекелік шарамыз өтті. «Махаббат өмірдің көркі». Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі, өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі деп есептейміз. Ұйымдастырушы «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Кишибаева Б.С. және 1 курс студенттері.

28.04.2018 жыл

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  Еліміздің ынтымақ, бірлігін көрсету мақсатында «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Кишибаева Б.С. және 2 курс кураторлық тобының ұйымдастыруымен «1 Мамыр-Бірлік» күніне  орай кафедра, факультет және Республикалық  деңгейде «Ынтымағы жарасқан Тәуелсіз ел - Қазақстан» атты мерекелік шара өтті.  «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше

 25.04.2018 жылы

Кафедра оқытушылары Султанова Б.Б. және Джакишева У.К. 100 кітап бағдарламасы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың "Тәуелсіздік тұғыры" атты кітабына қатысты іс-шара өткізді

13.02.2018 жыл

Кафедра оқытушысы Акимбаева К.Т. бастасымен "Тұңғыш Президент күніне" арналған "Елі сүйген - Елі сүйген Елбасы" атты іс шара өткізілді

30.11.2017 жыл

Кафедраның аға оқытушысы Когут О.Ю. халықаралық тәжірибе бойынша есептілік тапсыру сәтінде

8.12.2017 жыл 

 

Кафедра профессоры Баймуханова С.Б. бастасымен "Ел басы - ел ағасы" атты мерекелік іс-шара өткізілді

29.12.2017 жыл

"Есеп және Аудит" кафедрасының студенті Баянжан Эрик ректордың спортшыларды марапаттау рәсімінде

30.11.2017 жыл

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс шара

15.12.2016 жыл