«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,, жақсы ұстаздан болады»
Абай
«Жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыру – қазіргі кезеңнің басты мақсаты»
Н.Ә. Назарбаев
Оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты мен міндеті жоғарғы білімді адамдарды және білікті мамандарды дайындаумен байланысты, кәсіби өсуге қабілетті және кәсіби әрекет жасауға дайын ақпараттық жағдайдағы қоғам және жаңа ғылыми технологияларды дамыту. Қазақстандық қоғамға, бүгінгі күні жұмыс берушілерге білікті, өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, үздік сапалы, алғыр ойлы, халықаралық ынтымақтастыққа дайын жастар қажет.
Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Саналы студент қауымының тәрбиесіне «екпін» түсіретін семинар оларды ақыл-парасаты мол, ізетті де кішіпейіл, бастысы – мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісінің тек ата-анаға артылған жүк қана емес, ұстаздың да ұлы міндеті. Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны – технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, «саңылауын» батыстың «батпағы» бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу-тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді. Білімді де қабілетті ұрпақ қай халықтың болмасын баға жетпес байлығы.
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына сап түзеу үшін ең алдымен ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Рухани тәрбиемен нұрланбаған жас өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесін ғана ойласа, онда ол ешқашан елінің өркендеуіне үлес қоса алмайды. Сондықтан да біз жастардың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.
«Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасы мен шын мақсұтын түсіне алмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жан жемісі, ең алдымен оқу, білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз – білім ошақтары. Ал тәрбие – болашаққа бағытталған үрдіс. Ендеше тәрбие беруде тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескерген абзал. «Тәрбие мен білім беру – ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімің тәрбиелік ықпал жасайды» деген Толстойдың сөзін ескерсек, тәрбие беделінің білімнен әлденеше есе салмақтылығына көз жеткіземіз. Демек, тәуелсіздік туын көкке көтеріп, тек ауызбірлік тілеген халқымыздың жарастығын, еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін көздің қарашығындай сақтау – әрбір азаматтың борышы. Онсыз ешқашан да қазақстандық патриотизмді қалыптастыра алмаймыз. Осы орайда біздің факультетте жүргізіліп жатқан
Тәрбие жұмысының мақсаты : студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және өмірлік нық көзқарасы бар азамат болуына ықпал ету
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары :
азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие
рухани адамгершілік және мәдени-эстетикалық тәрбие
студенттің кәсіби біліктілігін үнемі арттыру мен өзін-өзі дамытуға ұмтылуына ықпал ету
салауатты өмір-салтын қадағалауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру
көшбасшылық қасиеттермен коммуникативтік дағдыларын дамыту