Alternate Text

Факультеттің марапаттары мен жетістіктері

Жүлде Сипаттама
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенті Берік Арайлым ТМД елдері арасындағы ең үздік студенттердің бірі болды. Халықаралық “Genius” спорт, өнер, білім және ғылым халықаралық онлайн конференция кезінде Арайлым жүлделі 1 орын дипломымен, “ТМД-ның ең үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды және “Жас қыран” кітабына енгізілді.
 2021 жылы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолдауымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы қаржы бойынша пәндік олимпиада онлайн режимінде Microsoft Teams платформасында өтті. 1-ші жүлделі орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизес жоғары мектебі «Қаржы» мамандығының студенттерінің командасы иеленді. Жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Супугалиева Гульназым Ислямовна.
2021 жылдың 6-8 сәуір аралығында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Үздік жас ғалымы" байқауында "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Әсел Көшербайқызы жеңіске жетіп, ақшалай ұтысқа ие болды.
2021 жылдың 12 сәуірде сағат 16:00-де Ғылым күніне орай онлайн режимде ұйымдастырылған салтанатты мәжіліс аясында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары, PhD Ақнұр Жидебекқызын ғылым мен инновация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарама төрағасы - Ректор Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс студенті Көшетаев Диас 2021 жылғы академик Ш.Есенов атындағы стипендияны жеңіп алды. Ғылыми-білім беру қоры Академик Шахмардан Есенов атындағы студенттерге ай сайынғы 27 000 теңгеге 17 айлық стипендия беруге конкурс өткізді. Кошетаев Диас оқу үлгерімі өте жақсы, кафедра мен университеттің өміріне белсенді қатысады, әрдайым ғылыми зерттеулерге, конкурстарға қызығушылық танытады, сонымен қатар волонтерлыққа да қатысады.

2021 жылдың 5-ші наурызында университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы табыстады.
2021 жылдың 10 ақпанында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ахметова З.Б. біздің университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды!
ЭБЖМ ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды (2020 ж.).
  Экономика ғылымдарының докторы, "Экономика" кафедрасының профессоры Мухамедиев Булат ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды (2020 ж.).
Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Бимендиева Лейла Абдрашевна мен "Қаржы және есеп" кафедрасының профессор м.а., экономика ғылымдарының кандидаты Баймуханова Сария Баймухановна университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЭжБЖМ жанындағы Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ислам қаржысы саласындағы озық тәжірибені дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 сыйлығы номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.
 

Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының орынбасары Ақнұр Жидебекқызы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды.

 

 

 

  «Экономика» мамандығының студенттері Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алды (2018)
  «Қаржы» мамандығының студенттері X Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 орын алды (2018)

«Инновациялық идея - табысқа жету жолы» атты республикалық студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздары:

«Менеджмент» мамандығы бойынша: 1 орын - «Bossy Group», 2 орын - «Unity»;

«Маркетинг» мамандығы бойынша: 1 орын - «Отряд X», 2 орын «Eleven»;

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша: 1 орын - «Конгресс», 2 орын - «The Millenials» (2018)

  Асанова А.Д. жетекшілігімен «Менеджмент» мамандығының студенттер тобы «Үздік студенттік топ» байқауының жеңімпазы атанды (2018)
  «Маркетинг» мамандығының 2 курс студенттері маркетинг және социологиялық зерттеулер саласындағы ІІІ Халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауында 1 орын алды (2018)
Доктор PhD Кондыбаева С.К. «Үздік мақала» номинациясы бойынша 3 дәрежелі диплом алды (2017)
  "Есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы Когут О.Ю. кәсіби бухгалтер сертификатын алды (2017)
  "Есеп және аудит" кафедрасының оқытушысы Кишибаева Б.С. «ХХІ ғасыр педагогы» халықаралық педагогикалық байқауында 3 орынға ие болды (2017)
Магистрант Назарбай Еркін "Евразийский мир в научном поиске молодежи" атты жас ғалымдардың І Халықаралық ғылыми конкурсында «Үздік ғылыми стиль» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды (2017)
«Есеп және аудит» кафедрасының доценті Товма Н.А. "Евразийский мир в научном поиске молодежи" атты жас ғалымдардың І халықаралық ғылыми конкурсында үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды (2017)
 "Экономика және бизнес" оқу бағыты бойынша НААР рейтингісінде жоғарғы оқу орындарының қатысушылар арасында 1 орын
 

Экономика және бизнес жоғары мектебі – Қазақстанда білікті экономикалық мамандарды дайындайтын іргелі білім ошағы. Еуропаның жетекші FIBAA аккредиттеу агенттігі «Экономика және бизнес жоғары мектебінің» 24 білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын растап сертификаттар табыстады. Экономика және бизнес жоғары мектебінде қос дипломдық білім және бірлескен оқу бағдарламалары жүзеге асырылады: бакалавриатта – Страсбург Университеті (Франция), Amity Университеті (Индия), магистратурада – Ресей Халықтар достығы университеті және Новосібір мемлекеттік университеті (Ресей), УРФУ (Ресей), Люкс саласындағы халықаралық маркетинг мектебі (Франция), UNIRAZAK Университеті (Малайзия), “Public Administration and Public Security”. Сонымен қатар Экономика және бизнес жоғары мектебінде шетелдік оқытушы професорлар дәріс оқиды: La Sapienza Университетінің профессоры Пьерлуиджи Монтальбано (Италия), Hoseo Университетінің профессоры Хонг Ким (Южная Корея), Богемия Университетінің PhD профессоры Петер Хайек (Чехия), Мәдениаралық коммуникация стратегиялық орталығының директоры, PhD Константин Шамбер (Германия), Exeter Университеті PhD Анна Трифилова (Ұлыбритания) және тағы басқалар. Түлектеріміз Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қазынашылық, жетекші коммерциялық банктер, салық комитеттері, компаниялар мен фирмалар, инвестициялық және сақтандыру қорлары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, "Атамекен" ҰКП және "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорында және т.с.с ұйымдарында табысты еңбек етуде. Солардың ішінде Білім және ғылым Министрі Е.К. Сағадиев; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Г.Ж.Қарақұсова; Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Г.М.Иксанова; «Туран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов; Халықаралық бизнес Университетінің ректоры А.А.Абишев; Нарық Евразиялық институтының ректоры А.Ш.Нұрсеит; Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары: Е.М. Аукенов; Ә.А.Жүнісова және т.б. белгілі түлектеріміз де бар.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған "Үздік киіз үй" байқауында бас жүлдеге ие болды
 "Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ факультетінің үздік ғимараты" байқауында 2 орын
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-дың "Үздік киіз үй" байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат
"Қаржы" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің магистратура бағыты бойынша Республика деңгейінде 2015 жылы 1 орынды иеленді.

"Қаржы" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің бакалавриат бағыты бойынша Республика деңгейінде 2015 жылы 1 орынды иеленді.

. "Экономика" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің докторантура бағыты бойынша Республика деңгейінде 2015 жылы 1 орынды иеленді.

"Экономика" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің бакалавриат бағыты бойынша Республика деңгейінде 2015 жылы 1 орынды иеленді.

"Экономика" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері негізінде білім берудің магистратура бағыты бойынша Республика деңгейінде 2015 жылы 1 орынды иеленді.

 

 

Мухамедиев Б.М. - э.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒ академигі

Товма Н.А. доктор (PhD)– "Еуразияның ең жас ғалымы" атты Халықаралық байқауының жүлдегері.

Халықаралық байқау 2014 жылы желтоқсанның 18-19 жұлдызында Татарстан Республикасы, Казань қаласында өткізілді. Бұл конкурсқа Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения мемлекеттерінің жас ғалымдары қатысты.

«Әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың ең үздік Киіз Үй» аталымы бойынша 2-орын

11.04.13.

«Студенттік көктем -2014» көркемпаздар байқауында 2-ші орын.

Номинациядағы жүлделер:

  • 1-орын:"Ең үздік жүргізуші жұп"
  • 1-орын: "Ең үздік бишілер тобы"
  • 2-орын: "Ең үздік қойылым"
  • 2-орын: "Ең үздік авторлық шығарма"

11.09.14

«Әл-фараби атындағы КазҰУ-дың ең үздік факультеті номинациясының жүлделі орындары: 3-орын 2014 жылы
«Әл-фараби атындағы КазҰУ-дың ең үздік Киіз Үй» номинациясында белсенділік танытқаны үшін берілген алғыс хат, 2014 ж.
«Студентік көктем -2013» байқауында 2-ші орынға 150,000 тг. көлемінде берілген сертификат
«Студенттік көктем -2014» көркемпаздар байқауында 2-ші орынға берілген ЭжБЖМ ноутбук сертификаты
«Студенттік көктем -2013 жылы» байқауында 2-ші орынға 150,000 тг көлемінде сертификат

"ҚазҰУ студені оқуға тиіс 100 кітап" жобасы аясында өткізілген жалпыуниверситеттік «100 кітап» байқауында 2-ші орынға ие болғаны үшін диплом.

10.02.12

"Студенттік көктем - 2011" - екінші орын

Номинациялардағы жеңістер:

  • 1-орын: Ең үздік бастаушы
  • 2-орын: Ең үздік би тобы
  • 2-орын: Ең үздік вокальды-аспаптар ансамблі
  • 2-орын: Ең үздік патриоттық әндер 2-орын: Ең үздік авторлық шығарма 3-орын: Музыкалық аспапта үздік өнер көрсету

 

Байшина Фариза – Халықаралық ән байқауларының лауреаты

 

«Мұрагер» тоғызқұмалақ клубының жетекшісі, Тоғызқұмалақтан халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы – Нагимова Алтынгүл

16.11.14

 

Жалниязов Досхан «Жігіт сұлтаны» - 2013

 

Айбусинов Талғат «Жігіт сұлтаны» - 2012.

 

Жанатқызы Самал – Халықаралық ән байқауларының лауреаты