Оқу-әдістемелік қызмет


Профессорлар мен оқытушылар құрамы

Экономика және бизнес Жоғары мектебі күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шеше алатын ғылыми ұжымға ие. Жоғары мектепте ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сатубалдин С.С., жиырмаға жуық докторлар мен профессорлар, 60-тан астам ғылым кандидаты мен доценттер және жоғары білікті мамандар Президент әкімшілігі, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Ұлттық банк, Салық комитеті, жүргізуші коммерциялық банк және компаниялардан шақырылады. Университет PhD бағдарламасы бойынша шетелдерден, атап айтқанда Италиядан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапониядан және т.б. елдерден профессорлар шақырады.

2006 жылы Экономика және бизнес Жоғары мектебінен ЖОО арасындағы ең үздік 10 оқытушы мемлекеттік грантқа ие болды.

Оқу-әдістемелік базасы

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік базасы бар, мамандандырылған төрт кафедра және ағылшын, француз, неміс тілдерінің озық мамандары еңбек ететін шет тілдері кафедралары бар.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Қаржы", "Маркетинг", "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша мамандандырылған кабинеттер жұмыс істеуде.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы барлық Жоғары Экономика оқу орындарына негіз болып табылатын, барлық экономикалық пәндері бойынша 60-тан астам типтік оқу-әдістемелік бағдарламаларды әзірлеушілердің бірі болып табылады.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің қарамағында ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры мен мұражайлық материалдарға бай, Қазақстанға танымал ең көне кітапханасы бар. Студенттер өз сабақтарына арнайы жасақталған оқырман залдарында дайындалады. Сонымен қатар студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған қазіргі заманға сай компьютерлермен қамтамасызетілген 5 компьютерлік класс бар. Бұл класта жаңа оқу бағдарламасы жетілдіруде және оқу, лабаратория, семинарлық жұмыс, емтихан тестілік тәртіппен өткізіледі және "Интернет" зал жұмыс істейді.

Профессорлар мен оқытушыларымыз соңғы 5 жылда жарық көрген 1100-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторлары. Соның ішіне 30 монография, 40 оқулық пен оқу құралдары, 10 жинақ, сөздік, жүзден астам оқу құрал мен ғылыми мақалалар кіреді.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінде қазақ, орыс және шет тілдерінде оқытушылардың, магистрлардың, докторанттар, ізденушілер және үздік студенттердің мақалалары жарияланатын "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы" журналы шығып тұрады.

Ақпараттық -техникалық базасы

Экономика және бизнес Жоғары мектебі оқу үдерісі барысында кең қолданылатын және студенттер жаңа үлгідегі компьютерлерде жұмыс істеу мүмкіндігін алған, дамытылған информациялық-техникалық базаға ие.