Ғылыми-зерттеу қызметі


ЭБЖМ 4 кафедра және ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істейді.

ЭБЖМ ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

  • Экономика-математикалық модельдер, тәуекелді талдау және бағалау, аймақтық ерекшеліктерді сипаттайтын факторларға кешенді талдау жүргізу, бірлескен кәсіпорындардың бизнес-үрдісінің ерекшелігін зерттеу және басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық әдістерінің тиімді жүйесін әзірлеу, сонымен қатар дамудың тұрақты механизмін қалыптастыру үшін экономика-математикалық моделдерін әзірлеу.

  • Қазақстанның экономикасын басқарудың теориялық және практикалық бағыттарын зерттеу, мәселелерді анықтау және мәселелерді шешу жолдарын әзірлеу. Қазақстан Республикасы экономикасын реформалау мәселелерінің негізгі аспектілерін зерттеу – инновациялық экономиканы қалыптастыру жағдайында аймақты басқару, жаһандану жағдайында отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнімнің сапасын басқару жүйесін қалыптастыру, кәсіпкерлікті дамыту, маркетингтік қызмет пен маркетингтік зерттеуді дамыту, ҚР бойынша және жекелеген салалардағы және фирмадағы логистиканы дамыту.

  • Ұлттық шаруашылықтың дамуының қаржылық механизмін әзірлеу және зерттеу, Қазақстандағы қаржылық капиталды қалыптастыру мәселелері; тұрақты экономикалық өсудің мәселелері, қаржылық тәуекелді басқару, инвестициялық және инновациялық қызметті басқару.

  • Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың қызметін шаруашылық талдау, есеп, аудитті ұйымдастыру және методологиясын жетілдіру, салықтық, басқарушылық және қаржылық есепті дамыту.

19.01.15